kl kz



>
Как выбрать внешний диск. Внешний жесткий диск как выбрать самый подходящий. Какой внешний диск выбрать. Какой принтер выбрать. Какой выбрать лазерный принтер сегодня. Какой цветной принтер выбрать. Готовые программы на java. Изучаем java с нуля быстро. Как начать программировать на java. Бесплатные игры для планшетов android. Качественный samsung android планшет. Планшет android цена. Отдых в турции отели. Самый лучший отдых в турции. Отдых в турции отели цены. Wow дк гайд. Лучший wow фрост дк гайд. Wow дк танк гайд. Рабочие программы на языке python. Изучаем python с нуля. Язык python для начинающих. Бесплатые плагины для Joomla. Скачать joomla плагины бесплатно. Где скачать самые последние плагины на joomla.
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Өскемен қаласы іргетасының қалануы
Бекіністің пайда болуы
Өскемен XVIII ғасырда
Өскемен XIX ғасырда
Өскемен XX ғасырда.
Өскемен XXI ғасырда
Ескерткіштер
Тәуелсіздік хроникасы
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
Маңызды оқиғалар
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Семей қаласы
Риддер қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Зырян ауданы
Катон-Қарағай ауданы
Күршім ауданы
Көкпекті ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы
Бейнетоптама
Аудиотоптама
Өңірлік мерзімді басылымдар
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары

muztayМұзтау, Белуха -  Қатын таулар тізбегінде орналасқан. Мұзтау - Алтай тауларының ең биік шыңы. Сонымен қатар бұл тау - «Алтайдың алтын таулары» бүкіл әлемдік мұрасының бір бөлігі. Мұзтауға апаратын ең қысқа жол Түнгір ауылынан бастап, Катунның оң жақ сағасымен, одан кейін Аккем өзенімен жоғары (немесе Көшірлі ауылы арқылы 1513 метрлік жалғызаяқ жолмен, Аккем өзеніне дейін). Аккем өзенінен Төменгі Аккем өзеніне дейін шамамен 30 шақырым.

Мұзтау тауы екі биіктіктен тұрады, олар дұрыс емес пирамидалар: Шығыс Мұзтау (4506 м.) және Батыс Мұзтау (4435 м.). Солтүстікке - Аккем мұздығына қарай күрт аяқталады және оңтүстікке - Катун мұздығына біртіндеп төмендейді.  Қойнауы аңыз бен тарихқа толы Мұзтау киелі орындардың бірі.

 Мұзтаудың атаулары

 

myztayМұзтаудың бірнеше атауы бар. Алтайдың байырғы тұрғындары оны Уч-Сумер (Үш Сүмер) деп таниды. «Үш» сөзі түсінікті болса, «Сүмер» деген моңғол тілінде,  буддизмдегі «Меру» - «Киелі тау» деген мағынаны береді. Яғни «Үш Сүмер» - «Үш басты киелі тау» деген атаудан шыққан. Кезінде Алтайдың екі жағын қатар қоныстанған елдердің арасындағы маңызды сауда-экономикалық рөл атқарған Үкік жазығынан қарағанда Мұзтаудың әппақ тәж киген үш басы анық көрінеді.

  Мұзтаудың екінші атауы «Қатын Бажы». «Қатын» сөзі ертедегі түркілер тілінде «Ханшайым, жоғары тектен шыққан әйел» деген мағына берген. Ал «Бажы» кейіннен трансформацияға ұшыраған «Басы», яғни «Бас» немесе «Шың» сөздеріне келеді. «Қатын Бажы» сөзі қазіргі тілмен айтқанда «Әппақ тәж киген Ханшайым» мағынасына ие. Тағы бір тәржіме-түсініктеме бойынша Ежелгі Көк Тәңгірге табынған елдер арасында «Құдайлар тауы» деген де түсінікке ие болған-мыс. 

 Ал Алтайдың теріскейін мекендейтін ежелгі славяндар Мұзтауды «Белуха» деп атайды. Бұл «Белый» сөзінен шыққан, басындағы мұздықтар мен ерімейтін қарларға қарай қойылған деген қате ұғым бар. Негізі Белуха атауы таудан ағатын мөлдір суларға байланысты «Беловодье» сөзінің қысқартуынан шыққан-мыс. Алтайға қоныс аударған алғашқы ортодоксальды христиан өкілдері (староверы) жұмақтың жердегі бөлшегі – «Беловодье» осы Мұзтаудың ішінде жасырылған деп сенген. Бажовтың ертегілерінде жазылған «таудан аққан сүт тәрізді өзендер» осы Мұзтаудың тау бұлақтарына қарап шыққан екен.

  Азияның бұл бөлігіне ислам келгенге дейін Көк Тәңгірге табыну кезеңінде Мұзтау «Ұмай ананың отаны» саналған.  Ұмай ана – өмірдің бастауы, Тәңірі жаратқан тіршілік иелерінің жарылқаушысы бейнесінде. Ананың сүтін басқадан жоғары қойған түркілер Ұмай ана бейнесін Құдайдың өкілі санаған. Мұзтаудың әппақ шыңдары ана кеудесі, одан аққан мөлдір су тіршілік сыйлаушы ана сүті деп есептеген. Тәңір – өмірдің бастауы болса, Мұзтау Тәңірінің жерге тіршілік берген бастауы болып саналған.

Қойнауы толы аңызға

  Мұзтау аңызға толы өлке. Бұл жаққа аяқ басқандар міндетті түрде бір жоғын іздей келеді. «Жердегі жұмақ – Шамбала» да, ғарыштан келген қонақтар да осында деген бір-бірінен өтетін аңыздар қаншама. Ал жанына сая, көңіліне сабыр іздеп келгендер мүлгіген тастар мен аспанмен таласқан шыңдар арасынан адам әлі табиғаттың бір кішкене бөлшегі екенін түсініп қайтады.

  Шынымен Азияда кең таралған аңыздарға сенсек Мұзтау  адамзаттың болашағы саналады. Соның бірінде болашақта жер бетінен адамдар жойылады, сол кезде суға жан берер мұздығы, адамға пана болар орманы, қазынаға толы алаңы бар Мұзтау ғана соңғы арал болып қалмақ. Сол себепті Мұзтау киелі орын саналады. Тәу етеді. Мұзтау «жер кіндігі» дегенге сенеді. Ғарыштың энерегиясымен тікелей байланысы бар Алтай адамға денсаулық пен шымырлық береді, киесіне бас ұрған адамға жаңа мүмкіндіктер ашады деген наным әлі күнге дейін бар. 

   Алтайдан мыңдаған шақырым алыстағы Үндістанда кеңінен таралған аңыз бар. Онда теріскейге қарай ұзақ жүрсең Қатын өзенінің жағасында шыңдары аспанмен таласқан Сумеру тауы бар деп айтылады. Үндінің қасиетті ведаларында Мұзтауды «төрт мұхиттың кіндігі» деп сипаттайды. Расымен де жағрапиялық жағдайы бойынша Мұзтау үш мұхиттың – Солтүстік мұзды, Тынық және Үнді, тура ортасында орналасқан, сондықтан да ежелгі жазбаларда «Жер кіндігі» деген атқа ие болуы да тегін емес.

   1926 жылы танымал орыс ғалымы Николай Константинович Рерих Мұзтаудың етегіне, таулы Алтайға барып қайтуға экспедиция жинайды. Алтын таулар (Алтай атауы түркі тіліндегі «Алтын» сөзінің қысқартылуынан шыққан) Орталық Азия мен Сібірді байланыстырып тұрған күре жол ретінде қатты қызықтырған. Ол өзі философияға, археологияға қызығушы адам ретінде жергілікті мәдениетпен етене таныса бастайды. «Алтайды бәрі мақтайды! – деп жазады Рерих сапарының алдында – Тауы да биік, шөбі де шүйгін, суы да мол. Алтайды көктем шыға ешкім көрмеген гүлдер де пайда болады дейді. Шынымен де оның сондай кереметі бар екен?».  Ал Алтайды өз көзімен көргенде осыған дейінгі скептикалық ойларынан түк қалмаған Рерих, енді Алтайға ғашық болып зерттеуді толықтай қолына алады. Алтын таудың бай табиғаты, ежелгі адамдар өмір сүрген үңгірлер, түркі заманынан қалған ескерткіштер таң қалдырған ол «Алтай мен Гималай, екі полюс, екі магнит» деп таң қалысын жасырмайды.

  Алтайдан мыңдаған шақырым жерде, адам аяғы әрең жететін, Гималайдың солтүстігіндегі тақуа- йогтар өмір сүретін Тибеттегі Ладакхада Меру, бізше Мұзтау туралы өте жақсы біледі. Осы жерден Рерих алғаш рет Ақ Бұрхан (будда дініндегі табынатын пұт) Алтай аңызын естиді. Жергілікті ламаның айтуынша «Тымық күндері Мұзтаудың үстінен қараған адам құм тастың астында қалған ежелгі қала Аюши Ханды көруіне болады. Қаланың қабырғалары мен шіркеулер тіпті қол жететін жерде тұрған сияқты» дейді.  Аңызға сенсек халық арасында Ақ Бұрхан атанып кеткен Алтайдың ежелгі билеушісі Ойрот өз жауларымен болған бір соғыста жеңіліс тауып, шегінуге мәжбүр болады.  Сарбаздарымен бас сауғалаған ол бейтаныс өлкені паналап, болашақта қайтып келемін, Ұлы Алтай мемлекетін қайта құрамын деп уәде береді. Оның оралуының қандай белгілері болады деген сұраққа Ойрот: «Белгіні Қатынбаштың басынан шыққан Күн береді» деп айтқан екен. Қатынбашымыз сол Мұзтау. Жиырмасыншы ғасырдың басында болған қатты жер сілкінісінен соң Мұзтаудың сырт бейнесі сәл өзгеріске ұшырайды, оның үш басының бірі мүжіліп түсіп, енді алыстан қарағанда екі басты тәжге айналады. Таң қалған халық күннен белгі іздейді. Және дәл сол уақытта таудың ішінен беймәлім адамды жолықтырып келген бір қыз  «Оның жүріс тұрысы Ойротқа келеді екен!» деп халықты одан сайын сендіреді, барлығы күте бастайды. Бірақ Бұрхан оралмайды...

  Бұрхан хан (Ойротқа халықтың берген атағы)  әлі де оралады. Алтай халқы күтеді. Ал Николай Рерихтың пайымдауынша Бұрхан – ол кәдімгі ұлы Будда. Бұл шаманизм мен буддизмнің араласып кетуінен туған аңыз ғана...

   Міне осы оқиғалардан соң Алтайда бурханизм деп аталатын жергілікті дін пайда болып, кеңінен етек ала бастайды. Олар Дерен үңгіріне жиналып, мінажат жасап, жер сілкінген сәтті жіберіп алмайық деп, Күннен белгі күтетін болды. Жергілікті билік күшпен таратса да бурханизм Алтайда көпке дейін сақталып келді. Әлі де бірен саран өкілдері бар.

   Мұзтаудың етегінде Қатын өзенінің жағалауында «Патшалар алқабы» бар. Берелдің бел ортасында орналасқан. Терең мұздықтарға жерленген, тастармен басылып тасталған қорымдар бертінге дейін «белгісіз халықтар моласы» атанып келген. «Марал қорымы» деген атауы жергілікті халыққа етене таныс. Кейіннен Ұлы Түркі қағанатына тікелей қатысы бар, Қағандардың жерленетін орны екені белгілі болған бұл алқаппен де байланысты аңыз өте көп. Соның бірінде былай дейді: «Осы өңірді мекендеген ілімі мен байлығы басқалардан екі бас жоғары тайпа өмір сүріпті. Жаугершілік заманда ел басына күн туып, тайпа адамдары үңгірлер арқылы белгісіз жаққа кетуге мәжбүр болған. Аңыз бойынша басына балбал тас орнатылған тас қорымдар тайпаның жер астына кету жолдары екен-мыс. Рерих осы жерде Тибетте естіген «Жер астынан шыққан білімді адамдар туралы аңызды» еске алады, бұл арада қандай бір байланыс табу қиын. Бірақ Тибеттегі монахтардың Алтай туралы білімін еске алсақ, мүмкін алып елген «жер астынан шыққан адамдар» ма екен?  Алтайдың аңызы бойынша «жер астына кеткендер әлі оралады. Ол үшін елде қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнауы тиіс».  Және бұл тас қорымдардың Орион шоқжұлдызына сәкес орналасқанын байқаған ғалымдар Мұзтаудың бір қойнауында  ежелгі астрономиялық обсерватория болуы мүмкін екенін де естен шығармайды.

 Мұзтаудың әсем табиғаты

myztay b

 Мұзтау адамға керемет әсер қалдырады.   Ғалымдар Мұзтаудың ерекше энергетикасы бар дейді. Бұл аспанмен қол ұстасқан шыңдарымен байланысты к

өрінеді. Арнайы құрылғылар таудың үнемі дірілдеп тұратынын байқаған. Әрине, аса сезімтал құрал болмаса оны бірден байқау қиын. Бірақ ұсақ дірілдің адам ағзасына әсері керемет көрінеді. Ол күш береді, жаңа өмірге келгендей бойыңдағы теріс энергетиканы тазалайды. Мұзтауды көзбен көріп қана емес, ішімен сезе білген адам ғана оның киелі екенін түсінеді.

 

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2018
Besucherzahler
счетчик посещений