kl kz



>
Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Өскемен қаласы іргетасының қалануы
Бекіністің пайда болуы
Өскемен XVIII ғасырда
Өскемен XIX ғасырда
Өскемен XX ғасырда.
Өскемен XXI ғасырда
Ескерткіштер
Тәуелсіздік хроникасы
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
Маңызды оқиғалар
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Семей қаласы
Риддер қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Зырян ауданы
Катон-Қарағай ауданы
Күршім ауданы
Көкпекті ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы
Бейнетоптама
Аудиотоптама
Өңірлік мерзімді басылымдар
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары

Соғыс балалары... Қазір олардың алды сексеннің сеңгіріне жақындап қалса да, ол кезде небәрі жетіден он бес жасқа дейінгі балалар болатын. Осы балалар әкелерін, ағаларын майданға аттандырып салып, елдегі шаруашылық тұтқасын ұстап қалған еді. Ертеден кешке дейін, егін орды, жер жыртты, станокта тұрып оқ жонды, бомба жасады, майдан үшін жылы киім жинастырды.

 

Аңыздардан тере жүріп масақты,

Рас, рас көзімізден жас ақты.

Бірақ со бір дауыл жылдар, от жылдар,

Бірімізден бір-бір батыр жасапты...

sogis sogys sogys1

 

Мұхтар Мағауин. "Бір атаның балалары:" 

Председатель бір қора баланы арбаға отырғызып, ауылға алып келеді. «Халайық, мына балалардың әке-шешесі бомба астында өлген, – дейді ел ағасы. – Бірі – белорус, бірі – украин, бірі – орыс. Бір-бір баладан асырап аласыңдар!» Бәрінің жанарына жас үйіріліп тұр. Көп үйге қарақағаз келген. Сонда қазақ «оққа ұшқан баламның орнына жарылқағыр Құдай бала беріп тұр» деп шүкірлік етіп, кең құшағын ашты ғой. Қара сирақ, шибұт топ баланың ішінен шошайып жалғыз бала қалады. Неміс баласы – Зигфрид. Ауылдың әйелдері бетін шымшиды. «Масқара, фашистің баласы» дейді... «Тіпәй, беті құрсын...» Сол кезде Ахмет ақсақал не деп еді?! «Тәйт, – деп тыйып тастады. – Білсеңдер, көзінен сорасы аққан нағыз тас жетім осы!»

Ел-жұрт аш-жалаңаш соғыс кезінде немістің жетім баласын бауырына басып, өзі бір жапырақ нанға зар болып отырып, өзінің жетіміне қосып, өзгенін жетімін де асыраған қазақ Ахмет туралы білгіңіз келсе жерлесіміз Мұхтар Мағауиннің "Бір атаның балалары" әңгімесін оқыңыз! 

 

Әкімжанқызы Рауза Жұмаділқанкеліні (1932ж) 

Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Төлеке ауылында тудым. Ұлы Отан соғысы басталғанда небәрі тоғыз жаста болатынмын. 18 жасқа толған ағам соғысқа кетті. Қалғанымыз шешеге қарап қалдық. Қол күші жоқ, ашқұрсақ жүріп шешемізбен бірге колхоздың жұмысына араластық. Егіс даласына барып, жер қопсытамыз, арам шөп жұлысамыз. Күзде егін жиналып біткен соң, масаққа шығамыз. Бір екі кесе бидай терсек оның өзі көп олжа. Үйге әкеліп қуырып жейміз не болмаса тартып ұн қыламыз.

Әйтеуір бір тамақтың қамы. Көктем туа жерді өгізбен жыртып бораналаймыз. Өгізді бұруға шамамыз жетпейді. Ортамызда жалғыз қария бар сол кісі өгізді бұрып береді, біз соңынан ереміз. Мойнымызға қаптан қоржын тігіп береді. Әйелдердің артынан 9-12 жастағы балалар еріп жүріп егін себеміз. Жаз бойы шабылған шөпті шөмелелеп, волокушаға тиейміз. Одан екі өгізбен маяға жақындатып береміз. Маяның үстіне үлкен әйелдер шығады. Соғыс аяқтала комбайнның астынан науға бидай төгіп береді. Оны өгізбен қырманға жеткіземіз. Әйелдер күрекпен түсіріп алады. Мал да бақтық. Үлкен базаның ішін екі өгізбен тазалаймыз, қи оямыз. Мал иірілген жерден тезек тереміз. Кішкене қол орақпен отын шабамыз, оны буып тасимыз.

Сөйтіп жүргенде соғыс та бітті-ау. Ағайымнан қара қағаз келді. Мектептегі оқуымды 1947 жылы ғана жалғастырдым. 1950 жылы тұрмысқа шығып, комбайыншының көмекшісі, ұзақ жылдар сауыншы болып еңбек ететім. Суретім Құрмет тақтасынан түсіп көрген жоқ, адал еңбек еттім. Сегіз бала тәрбиелеп өсірдім, 14 немере, 6 шөберем бар.

 

 

БАЙСЕРКЕҰЛЫ Маман, Қазақстанның Халық әртісі, профессор:

"Балалар соғысты қалай бастан өткеріп, жеңісті қалай жақындатты", – деп сауал қойыңыз. Жауап берейін. Жалпы «Бостандық» колхозы таулы-тасты жерде қоныс тепкен. Ол кездің тәртібі – бас көтерер адам үйде бос қарап жатпауы керек. Бас көтерері – баяғы балалар мен аналарымыз, шал-шақпыт, кемпір-кепшік. Оқу бітісімен міндетіміз – тайлы-таяғымызбен тауға кетіп, шөп шауып, колхоз малын қыстан алып шығудың қамы. Пай-пай, біздің қарасирақ, қарадомалақ достарымыз-ай. Алты-жеті жасында-ақ, ауылдың отымен кіріп, күлімен шықты ғой. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Таңғы сағат бес-алтыларда көзін тырнап ашып, жайылымнан өгізін алып келуге кетіп бара жатады. Онда сағат қайда? (Басқарманың үстелінде ғана шынжырлы сағат бар). Сәл кешіксең, бригадирдің дырау қамшысы жоныңнан таспа тілмесіне кім кепіл. Жазықтысың, айыптысың. Сонда таң бозында тататын дәмің – жарты кесе қуырған бидай, қара шай. Ал, жұмысымыз таңның атысында басталып, күннің батысында бітеді. "ЧК" деген шөп шабатын шалғы, бар. Таулы жер болғандықтан, еңіске түсіп, қырға шығасың дегендей, оған алты өгіз жегіп, алдыңғыларына кезек-кезек отырып, дұрыс айдауың керек. Сындырсаң, бригадирдың қамшысы төбеңде ойнайды дей бер. Адам, тіпті, жылауға да үйреніп кетеді екен. Сондағы бағыт беріп, жөн сілтейтін кімдер дейсіздер ғой. Он төрт-он бес жастағы мұрты тебіндей бастаған жігіт-сымақтар.

Әкелерін сағынғандықтан ба, әлгілер «үлкендер» сапына қосылып, ұқсамаса да ұқсап бағады. Махорканы орап, темекі тартады. Малшы қарттар да, солардың «есейгенін» көргісі келе ме, теріс қылығына мыңқ демейді-ау. Ол кезде сіріңке деген табылмайды. «Үлкендер»:«тұтатып әкеліңдер»,– деп ауылға, қала бере пішеншілер қосына жұмсайды. Зыр жүгіріп, барып қайтамыз. Әрине, біз де «жігіт» атанбақ болып, темекіден сорып, жырғап қаламыз. Баланың істегені білінбейтіні рас. Жеген кебегіміз тырнап, түнімен ұйықтамай есіміз шығып жүрсе де, үлкендерді алмастырып, шындығында жеңісті жақындатуға үлес қостық. Шынымды айтайын, мен нанды Сталин өлгеннен кейін ғана тойып жедім. Не деген мықтымын десеңші. Өзім жайдақ мінген өгіздердің терісінің жүні түсіп қалушы еді. Қаракөже ішкен шағымыз әлі де есімнен кетпейді. Әкелеріміздің көбі майданнан оралмады. Ал, аналарымыз басқа күйеуге тисек, «балаларымызды сабайды» деп жесір қалды. Қазір әлдекім сұрай қалса: «Біз тылда соғысқандар сапынанбыз» – деп жауап берер ем. Ер жеттім. Оқу бітірдік. Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Алматының Балалар мен жасөспірімдер театрларында бас режиссер болып қызмет еттім. Рүстем Есдәулетов, Қуандық Қасым, Гүлсін Мерғалиева, Әлібек Оразбеков сияқты шәкірттерім менің жолымды қуып, Өскемен, Семей, Ақтау, Қарағанды театрларында еңбек етуде. Сол бір еңбегімнің өтеуі шығар.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2018
Besucherzahler
счетчик посещений