Шаған оба-керген тас тарихи аңызы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданымен байланысты. Аңызда қалмақ батыры Шағанның соңынан қазақтар қуып, жебе тартып тигізгендігі айтылады. Шаған батыр мықты жүйрігінен құламай, біраз уақыт қансырап шабады, қалмақтар Шағанның қаны тамған жерге бір-бір тас қашайды, ал батыр құлаған жерге қорым тас үйеді. Қазақтар қашалған тас тізілген жерді "Кергентас",  Шаған өліп, сол жерге үйілген - тасты "Шаған оба" атап кеткен екен.

FaLang translation system by Faboba