kl kz



>
Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Ескерткіштер
Тәуелсіздік хроникасы
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Маңызды оқиғалар
ШҚО ауылдарының тарихы
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Семей қаласы
Риддер қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Алтай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Катон-Қарағай ауданы
Күршім ауданы
Көкпекті ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы
Бейнетоптама
Өңірлік мерзімді басылымдар
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Виртуалды көрмелер
Шәкәрім даналығы
#Әуезов125

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

ulydala ru

ulan1928 жылғы 17-қантарда Ленин, Тарғын, Ұлан болыстары мен уезіне қарасты Пролетар болысының бір бөлігі есебінен құрылған.

Орталығы – Сібе кенті. Қазақстан ССР Жоғарғы Советі Презиумының 1966 жылғы 31-қаңтарда Жарлығымен қайта құрылған 

karta ulan

 

(орталығы – Никитинка селосы) құрамына мына сельсоветтер енгізілді: Аблакет, Егінсу, Қанай Крупский, Тайынты, Тарғын, Асубұлақ, Ақтау, Огневка кенттері.

Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 1997 жылғы 23-мамырдағы Жарлығымен ауданға таратылған Таврия ауданының аумағы беріліп, Ұлан ауданының орталығы болып Молодежный кенті белгіленді, ол облыс орталығынан 10 километр қашықтықта, ең жақын теміржол станциясына дейін 15 километр. Тұрғындар саны 42,7 мың адамды құрады, олар 14 ауылдық округтерінде және 4 кенттерде 49 елді мекендерде тұрады.

2013 жылдан бастап аудан құрамында төменгідей ауылдық округтер бар: Алмасай, Аблакет, Айыртау, Азов, Багратион, Бозанбай, Егінсу, Каменка, Таврия, Тарғын, Төлеген Тохтаров, Саратов, Өскемен және Қасым Қайсенов, Асубұлақ, Огневка кенттік әкімшіліктері енген.

Географиялық орналасуы: Ұлан ауданы, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Аудан аумағы Қалба тауының тау бөктерінде орналасқан, ауданның барлық аумағы таулы рельефпен сипатталады, оны абсолюттік биіктікке байланысты екіге бөлуге болады: орта және төмен таулы. Орта және таулы ойпатты аумақ негізінде жайылым алаптарымен қамтылған.

Климаттық жағдайы: тау бөктеріндегі аймақ, қоңыржай ылғалды және жылы, оңтүстік қоңыржай ыстық климатпен сипатталады. Ең суық айдың (қаңтар) орта темпетатурасы -14-18 градусты, ең ыстық (шілде) + 20+21 градусты құрады.

Аудан үш климаттық аумақта орналасқанымен, құрғақ далалы табиғи шаруашылық аймағында орналасқан. Ауқымы: аудан аумағы 9610 шаршы метрді құрады.

Аудан аумағында екі ірі өнеркәсіп орындары бар: «Өскемен құс фабрикасы» ААО, «Огневка» ЖШС. «Өскемен құс фабрикасы» ААО шығаратын негізгі азык- түлік түрлері мынадай: бройлер балапан еті, дүмбілі құс еті, консервілер, сүрлендірген еттер шұжық бұйымдары. Кұс фабрикасы жалпы аудандағы өндірілетін еттерден 61,5 пайызын өндіреді. Кәсіпорындарда жұмыс істейтіңдер саны 1137 адам құрайды. «Огневка» ЖШС. Бүгінгі күні кеніште қайта құру жұмыстарі жүргізілуде. Жалпы жұмыс істейтіндер саны 350 адам. Огневка кентінде № 2 консервациялық және жанарту аяқталды.

Ұлан ауданының туристік базалары

akbauyr

   - Кенді Алтай өңірінің мәдени ескерткіштері тас дәуіріне жататын Ақ-Бауыр кешені болып табылады. Ол туралы көптеген деректерді ескерсек XIX – ғасырдың

akbauyr1

 аяғы XX-ші ғасырдың басына жатады. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарында зерттеу жүйесі басталып, қызықты тас бетіне өрнектелген бейнелер Ақ-бауыр Қалба тауларында Сағыр (Ленинка) ауылынын шетінде, Өскемен қаласынан 38 километр қашықтықта орналасқан. 

Ол бір атаулы шоқымен тар үңгірде орналасқан табиғи саңылау «төбеде» және ішінде жазулармен жасалған жосасының негізінде атауын алған. Ақ-Бауыр аумағында бұрынғы құрылыс іргетасы, жерлеу, күн сағатына таңба жалатқан алаң, «астрономиялық зертхана», «астротор» өзіне жауапкершілікке дұрыс бейнеленген шоқ жұлдыз Үлкен және Кіші жетіқарақшымен гранит тақталарында ақпарат сақталынған.

 - “Аблайкет” ғибадатханасының үйінділері 1654 жылғы сәулет өнері ескерткіштері болып табылады және республикалық маңызды ескерткіштер тізімінде мемлекеттік есепке алынған. Абылай ханның тұсында тұрғызылған Аблайкет буддалық монастірінің қираған орны Садыркөл көліне жақын орналасқан. Монастырьда қабырға мен қақпалардың негізі сақталған.

ablaikit Осындай ғибадатханалардың пайда болуы 17 ғасырда ойрат феодалдарының басып алған жерлерге жүргізген саясаты және Ресейден қытайға шығатын сада  жолдарына бақылау орнатуымен түсіндіруге болады. Біздің өлкеге келген көптеген зерттеушілерді жоңғарлардың “Аблайкет” бекініс-монастры қызықтырды. Бұл бекіністің құрылысы туралы алғаш рет Аблай ханның қыстағында қыстап шыққан Федор Байков хабарлаған-еді. 1735 жылы орыс геодезисі Василий Шишков ғибадатхананың сұлбасы мен алғашқы жоспарын жасады. Осы жерде Петербургтегі Азиаттар мұражайының алғашқы жәдігерлерін құрған қолжазбалар табылды. 

- Сібе көлі, Бозанбай ауылы.

Сібе көлі, Қалба таулы өлкесі – ертедегідей әдемі көлдердің аймағы. Олар гранитті және құмды жартастар мен сеңмен көмкерілген жерде орналасқан. Барлық

sibiny

 көлдердің түбі айыл, таяз. Олар бесеу: Сасықкөл, Қоржынкөл, Шалқар, Төртқаракөл, Қанакөл. Көлдер Көктаудың оң жақ шеткі сілемдерінде сатылы түрде орналасқан. Қазаншұңқырлар үш жақтан бекітілген және граниттен ойып орнатылған сияқты.

- Дубогалинді көлінің минералды суы, Гагарино ауылы. Дубогалинді көлі Шығыс Қазақстан облысы бойынша ең ірі көлдердің бірі болып табылады. Аумағы 1,84 ш.м құрайды. Теңіз деңгейінен биіктігі 344 метр. Ең жоғарғы деңгейдегі тереңдігі – 11,2 метр.

sinegorio1- «Синегорская пихтовая роща» мемлекеттік табиғат жәдігері, Асубулақ кенті. 
Табиғат жәдігері Ұлан аудандық Аюды орман шаруашылығының Синегор орманшылығы аумағында орналасқан. Аумағы 137 га. Самырсынды шағын орман Медведка тауының солтүстік баурайында орналасқан. Бұл қалған элемент қара қылқан жапырақты қарағайлы орманды құрайды және нәтижесінде көгалдандыру қарағай көшеттеріне ауысты.
- Монастырлық көл, Айыртау ауылы. 
Монастырлық көл Өскемен қаласынан Алматы трассасына қараған жолдан 70 км қашықтықта орналасқан. Жотадан асқанда көлдің кескінделген бейнесі көрінеді.Ағаш үйлер айналадағы көрініске үйлесіп тұр, бұл жерде сіз демаласыз, күшіңізді қалпына келтіріп және қалалық әбігерден бас тартасыз.

 Ұлан ауданының батырлары

Ұлан ауданының көптеген мектептері, ауыл, көше атаулары Қасым Қайсенов, Төлеген Тохтаров, Ізғұтты Айтықов сияқты атақты батырларының атымен аталған. 

kaisenov kҚасым Қайсенов 
Қазақстанның халық қаһарманы, жазушы, партизан, полковник.

Қасым Қайсенов 1918 жылдың 23 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында, кедей шаруа семьясында дүниеге келген. 1935 жылы он жеті жасында Өскеменге келіп саяси -ағарту техникумын бітіріп, 1937 жылы семья құрған. 1938 жылы Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспектор болып қызмет істеген. 
1940 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды. 
1953-1970 жылдары Қазақстан жазушылар Одағының редакторы және «Жазушы», «Қайнар» баспалары директорларының орынбасары болып жұмыс атқарды.
Партизандық өмір жолын, қарулас жолдастарының қаһармандығын бейнелейтін "Жас партизандар" (1954), "Ажал аузында" (1959), "Жау тылындағы бала" (1961), "Жау тылында" (1973), "Партизан соқпақтары" (1978), " Переяслав партизандары" тәрізді т.б. көптеген шығармалар жазды. 
Жазушы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері үшін Ұлы Отан соғысының бірінші дәрежелі орденімен, Богдан Хмельницкий орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. 1995 жылы Қасым Қайсенов -Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Халық Қаһарманы – Ұлттық батыры болып атанған. Қасым Қайсенов есімімен Ұлан ауданы Ізғұтты Айтықов ауылының орта мектебі аталған.

tohtarov tТөлеген Тохтаров

Төлеген Тохтаров (1920-1942 ж.ж.) - Совет Одағының Батыры. Төлеген Тохтаров Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Қарақұдық ауылында дүниеге келген. Қазақ батыры Лининогор қаласының (қазір Толеген Тохтаров атында) № 10 қазақ мектебінде оқыған. Толеген жастық шағынан бастап адалды, өз шешімдеріне нақты жауап беретін, өз сөзінен айнымайтын, өзіңе және құрбыларына қатал адам болған. Москва қаласының генерал Панфилов атындағы 8-ші Гвардиялық дивизиясының автоматшылар ротасында қызметін атқарып жүрген кезінде, өзінің батылдығын, тапқырлығын, ерлігін көрсетті. 
Ол өзінің еңбек жолын рафинаттау цехында бастаған болатын. Осы ұжымынан 1941 жылы майданға аттанды. 1942 жылдың 9 ақпанында Толеген Тохтаров Бородино шайқасында қаза тапты. Пулеметші Толеген Тохтаровтың батырлығы бүкіл ротаға мәртебе болды. Оның батыл жүрегі, Отанына деген оттай махаббаты дивизиядағы жауынгерлеріне үлгі болды.
Қазақ халқының батырына айналған Толеген Тохтаровтың есімімен Ұлан аудынының  ауылдық округі мен Донское ауылындағы орта мектебі аталған.

 

aitykov yІзғұтты Айтықов

Совет Одағының батыры Ізғұтты Айтықов 1926 жылы Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының Тарғын ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Ізғұтты Айтықов майданға шақырылды. Жауынгерлік тапсырмаларды ойдағыдай етіп орындағаны үшін Қызыл Жұлдыз, I және II дәрежелі Даңқ ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталды. 22 маусымда Ізғұтты Айтықовқа Совет Одағының Батыры атағы берілді.
Совет Одағының батыры Ізғұтты Айтықовтың есімімен Ұлан ауданының Тарғын ауылдық округінің ауылы және орта мектебі аталған. Ізғұтты Айтықовтың жерлесі Талаптан Иманбаев батырдың скульпторлық портретін әзірлеп, Тарғын ауылының орта мектебіне сыйлады. Қазақ халқының айнымайтын батыры жерлестерінің есімдерінде мәңгілікте.

Интернет ресурстары:

Ұлан ауданы әкімінің ресми сайты

Әдебиеттер тізімі:

Боздақтар = Книга памяти Казахстана [Текст] : 1941-1945 ж.Ұлы Отан соғысы жеңісінің 50 жылдығына арналады.Отан қорғау жолында құрбан болған боздақтарға ескерткіш-кітап = Посвящается 50-летию победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.Книга ппамяти воинам,павшим за Родину. Т.5 : Шығыс Қазақстан облысы = Восточно - Казахстанская область, 2000. - 522 с.

***

Қайсенов З. Ұлан ауданы туралы тарихи-әдеби очерктер. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 246 б.

Жангозин Ж. Ұлан есімі - ұлағат бесігі. Т. 5. - Усть-Каменогорск : Рекламный Дайджест, 2013. - 240 с.

Иманғали, Мейрамтай. Ұлан ауданында ұлықтайтын жерлер көп-ақ // Дидар. - 2009. - 12 тамыз. - Б. 2.

Жангозин, Ж. На отрогах Коктау [к 70-летию Уланского района] / Ж. Жангозин. - Өскемен : ШҚМУ Баспасы. - 183 с.

Қосымша әдебиетті Өлкетану кітапханасы мен Электронды каталогтан қараңыз

Барлық сұрақтар бойынша Анықтама қызметіне хабарласыңыз  

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2022
Besucherzahler
счетчик посещений