kl kz



>
Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Ескерткіштер
Тәуелсіздік хроникасы
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Маңызды оқиғалар
ШҚО ауылдарының тарихы
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Семей қаласы
Риддер қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Алтай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Катон-Қарағай ауданы
Күршім ауданы
Көкпекті ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы
Бейнетоптама
Өңірлік мерзімді басылымдар
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Виртуалды көрмелер
Шәкәрім даналығы
#Әуезов125

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

ulydala ru

Б. Құмарова
Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық
және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының бөлім меңгерушісі
 
Татарлар турында – татарлар жөнінде
Өскемен қаласы татар мәдени орталығының 20 жылдығына арналады
     Көп ұлтты Шығыс Қазақстанда 105-тен астам ұлт өкілдері тұрады. Көп ұлтты халықтың қоныстану тарихы, олардың тұрмысы мен салт-дәстүрлерін зерттеп, жинастырып, сақтау үшін облыстық сәулет -этнографиялық мұражайында 1989 жылы жеке бөлім, ШҚО халықтарының  және шағын санды этникалық топтарының этнографиясы бөлімі құрылған болатын. Біздің облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының осы бөлімі Шығыс Қазақстан облысы  Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық ұлттық мәдени орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Солардың ішінде бүгін оқырман қауымға татар мәдени орталығы жөнінде айтқым келіп отыр. Өйткені биыл Шығыс Қазақстан татар мәдени орталығының құрылғанына жиырма жыл толды. Қысқаша мәдени орталықтың тарихына тоқталсақ.
     1996 жылдары татар диаспорасы өкілерінің мәдени орталықты құруға арналған ұйымдастыру жиналысы өткізілген-ді. Соның екі жиынына  мен де қатысып едім. Өйткені, бұл кезде біз бөлімге бірталай татар отбасыларынан мұражай қорына деп  заттар жинап, деректерін жазып алған болатынбыз. Сондықтан да татар мәдени орталығы құрылады деген соң, мен таныс татар ағайындарға телефон шалып, қуанышты хабарды жеткіздім. Алғашқы ұйымдастыру жиналысы облыстық әкімшілікте үш рет  өтіп, ақыры 1996 жылы қазан айында  Шығыс Қазақстан татар мәдени орталығы ресми түрде тіркелді. Орталықтың төрағалығына Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан  Мемлекеттік университетінің оқытушысы - профессор Исмағұл Герейұлы Шамсутдинов сайланды. Ал, 2002 жылдан 2015 жылға дейін төрағалық қызметін  Ғабдулғай Мұхаметғалиұлы Ишмұратов атқарып келсе, қазіргі кезде Фаизов Сергей Владимирович атқарып жүр.
    Орталықтың басты мақсаты татар халқының тілін, мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қайта түлету және оны жаңғырту болып табылады. Татар мәдени орталығы болашақ жастарды ұлттық сана-сезімге тәрбиелеуде көптеген істер тындыруда. Орталық жанында татар тілін, тарихы мен мәдениетін үйрететін жексенбілік мектеп те бар. Онда  осы уақытқа дейін татар тілінен дәріс беріп келе жатқан өнегелі ұзтаз, немерелі әже, сыйлы да сүйкімді абыий – Тоғатаева Рәзия Ғайсақызы әр жексенбі сайын  болашақ жастармен жұмыс істейді.
     Орталықта жүргізілетін музыкалық дәстүрлер мен фольклорлық өнерді қайта түлету және оны дамыту ісі «Сарман» ән тобына,  «Яшьлек» жастар ансамблі мен балалардың көркемөнер ұжымына жүктелген. Көркемөнер ұжымдарының мүшелері жыл сайын Семей қаласында өтетін халықаралық «Ертіс мунлары» конкурс-фестиваліне үнемі қатысады.
«Сарман» ән тобы құрамындағы, татарша айтқанда үш«абыийды» ерекше атап өткім келеді. Олар: Мухамеджанова  Роза Алетдинқызы, Фаткуллина Рашида Худжатқызы және Фаизова Раиса Хабутайқызы. Бұлардың үшеуі де, татар мәдени орталығы  ұйымдастырылған  кезден бастап оның жұмысына белсенді араласуда. Олар барлық қалалық және облыстық мерекелерге ғана қатысып қоймай, республика деңгейінде өткізілетін іс-шараларға да атсалысып жүреді. Облыстық Достық үйінде  жыл сайын татар ұлтының мақтаныштары Ғабдулла Туқай мен Мұса Жәлелді еске алу және татар мәдени орталығының бірінші төрағасы Исмағұл Шамсутдиновты еске алу кештері, сондай-ақ  татар мәдени орталығы ұйымдастырған барлық мерекелер мен басқа да іс-шаралар  осы кісілердің белсенділігімен атқарылуда. Татарлардың жыл сайынғы  дәстүрлі «Сабантуй» мерекесін өткізу қаншама уақыт пен шыдамдылықты, тапқырлықты, ізденісті талап етеді. Мұнда да ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыруда орталық төрағасының негізгі тірегі Роза, Рашида, Раиса ханымдар болып табылады.
      Біздер бұл кісілермен қызмет барысында талай  іс-шараларды өткізуде  жақсы қарым-қатынаста  араластық. Татар ұлтының салт-дәстүрі мен мәдениеті және тұрмысы жөнінде керекті мағлұматтарды кімдерден сұрастырып білу, мекен-жайларын анықтауға  керектігін, қажетті кітаптар жайында  да бұл кісілер көп көмектесті. Айта кету керек, кейінгі жылдары мәдени орталақтың шағын кітапханасы жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты кітаптармен, аудио және бейнекөрініспен біршама толықтырылған.
     «Жастар» саябағындағы этноауылда ХХ ғасырдың 50-ші жылдарындағы  татар үйін салу кезінде татар мәдени орталығының беделді мүшесі марқұм Меңғали Мусин  бізге жас кезіндегі әке-шешесі тұрғызған үйлерінің жобасын сызып көрсетіп, үлкен кеңес берді. Сонымен бірге, осы мәселеге байланысты бізге Рашида Худжатқызы үйдің жоспарын қағаз бетіне  түсіруде, үйдің ішін безендіруде ақыл - кеңесін аяған жоқ. Біз  ол кісінің   кеңесі арқасында, осындай әсем үйге ие болғанымызға қуанышымызды білдіріп зор рахметімізді айтамыз.
     Үйдің салтанатты ашылу рәсіміне байланысты татар мәдени орталығының мүшелері мұражай қорына кәдесыйлар әкелді. Олардың ішінде  татар әйелдерінің киімдері, татар ұлтына тән сүлгілер мен кесте үлгілерінің бірнеше түрі және Татарстан Республикасының  бұрынғы Президенті Минтимир Шаймиевтің бейнесі салынған түкті кілем бар. Орталық мүшелері бұлардың бәрін кезінде  мұражай құрамыз деген ниетпен жинастырыпты. Алайда жеке бөлме болмағандықтан, шкафта сақтап жүрген  екен.
«Текке  жатқанша, өзіміздің татар үйінің ашылу рәсіміне сыйға тартайық»-, деген, Роза Алетдинқызының ұсынысын басқа да орталық мүшелері қолдап, осындай ортақ шешімге келіпті. Сыйланған заттардың ішіндегі әсіресе, мұражай қызметкерлеріне ұнағаны – ХХ ғасырдың басында тігілген жібек көйлек пен татар әйелдерінің бас киімі – калфак. Көйлек пен калфакты кезінде мәдени орталыққа қала тұрғыны Әбубакірова Ғалия Гарифқызы әкеліпті. Бұл заттар ол кісінің анасынан қалған екен. Көйлек ХХ ғасырдың басында жібектен тігіліп, кеудесі мен жеңіне желбір шілтер салыныпты. Калфак - барқыт матадан тігіліп, оқамен зерленген  екен. Қазіргі күні мұражай қорында мұндай бас киімдердің сегіз түрі бар. Сонымен қатар ХХ ғасырдың басында зығыр матадан тігілген сүлгілері де – мұражай үшін құнды дүниелер. Олардың екі жақ шеттері ашық қызыл жіппен өрнектелген. Қазір осылардың барлығы мұражай қорына тіркеліп, кейбірі мұражай экспозициясынан орын алды. Ал, кейбірі татар үйіне қойылды. Сондықтан келген көрермен оларды сол жерден тамашалай алады.
     2010 жылы солжағалық кешенде 11 ұлт өкілдерінің қонысы ашылып еді, солардың ішінде татар қонысы да бар. Дәстүрлі татар қонысы жоспарының негізіне екі жағы да еңісті, жұқа тақтайлы шатыры бар Қазан татарларының ағаш үйі алынған. Үй екі бөлмеден және салқын сенектен тұрады. Бір бөлме  «ақ өй» немесе қонақ бөлмесі, екіншісі – ас үй немесе- «қара өй» деп аталады. Қонақ бөлмеде голландка пеш  орналасса, ас үйде – ерекше үлгіде салынған орыс пешіне  қазан орнатылған, онда   су қайналып, ас пісіріледі. Үйдің қабырғалары қолдан тоқылған өрнекті сүлгілермен, кестелі жайнамазбен, әртүрлі шымылдықтармен әсемделген. Үйдің тұмары ретінде  қабырғаларға – көркем  безендірілген дұғалар - шамаилдар ілген.
      Екінше татар   үйінің ашылуына орай  облыстық этнографиялық мұражай-қорығының қорына  татар этномәдени бірлестігінің мүшелері Р.Х. Фаткуллина   мен   Р.Х.Фаизова  тағы да біраз жәдігерлер сыйға тартты. Қала тұрғыны О.Ю.Юнусова әдейі арнап кестелі жайнамаз сыйлады. Кәсіпкерлер А.Г.Валитова  мен Ф. А.Валиулина ханымдар  үйге керекті  шымылдықтарды алуға көмек берді.  Татар үйінде К.Б.Зайнутдинованың, Ш. Х. Абишеваның және басқа да татарлардың жанұяларында қолданылған заттар  қойылған.
     Мәдени мұраны насихаттау баршамыздың  ортақ ісіміз болғандықтан алдағы уақытта да біз мұражай қызметкерлері облыстық татар мәдени орталығымен бірлесе отырып жұмыстар жүргізе бермекпіз.
     Елбасымыз Н. Назарбав айтқандай - Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім. Біз Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі үшін барша ұлт өкілдерімен бірлесе отырып,  бар күшімізді аямай жұмыс істеуіміз керек.
 
 
Выставка Г. Тукаю 125 лет Дом дружбы.24.04 выставка О татарах. 2003 г. татарс ансамбл Сабантуй 2012 г. 025 Фото111 Фото222
 
 
 
М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2022
Besucherzahler
счетчик посещений