kl kz



>
Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.
Аудан паспорттары
Шемонаиха ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катон-Қарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Өңірлік мерзімді басылымдар
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Ескерткіштер
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Маңызды оқиғалар
ШҚО ауылдарының тарихы
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
Тәуелсіздік хроникасы
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Бейнетоптама
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Виртуалды көрмелер
#Әуезов125

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

ulydala ru

Kasen YbyraiymulyБиыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығын тойлағалы отырмыз. Күні кеше ғана дүркіреп өткен Ұлы Отан соғысының ақтаңдақтары, зерттелмеген жақтары баршылық. Соның бірі Ұлы Отан соғысы жылдарында Еңбек Армиясы қатарында болғандар.

Менің әкем Ыбырайымұлы Қасен 1906 жылы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы  Жамбыл ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.  Бозбалалық өмірі аласапыран оқиға -төңкеріспен сәйкес келсе, отбасын құрып  отау тіккен кезі дәл 1932 жылғы  нәубет уақыты екен.  Соғыс басталған жылдары  ұжымшарда бақташы болып еңбек еткен. Жыл  он екі айда бір күн демалу дегенді білмей, күндіз-түні, қыс-жаз демей мал соңында жүруге екінің бірі шыдай бермесі анық. Сол жылдардағы еңбегі бағаланып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Соғыстың басталуы ел өміріне үлкен өзгеріс әкелді. Ел қорғауға аттанған алғашқы лекпен менің әкем де артында  қалған екі жасар қызы мен 15 жасында қосылған, қайғы мен мұңды бір адамдай көріп қалған зайыбымен қимастықпен қоштасып, артына қарай-қарай майданға аттаныпты. Өмірге келген алғашқы үш сәбиі жасқа жетпей  шетінеп, анамыз екеуі  талай қайғыны бастан өткізіпті.

Семей қаласында екі ай дайындықтан өтіп, енді қан майданға  қолға қару алып Отан қорғауға  аттанамыз ба деп жүргенде бір түнде эшалонмен  Қарағандыдан бірақ шыққан. Сөйтіп, 1941 -1945 жылдары  Еңбек Армиясы қатарында Майқұдық көмір шахтасында әскери борышын өтеген.   

Соғыс жылдарындағы   4 жыл ішінде Қарағанды шахтасы тарихи мәлімет бойынша 34 млн тонна көмір шығарған. Бұл өндіріс орнының бүкіл өмір бойы шығарғанынан 3 млн. т артық.  Техника дамымаған кезде қайламен, күрекпен қазып алынған мол көмірде менің әкемнің қолтаңбасы, маңдай тері, адал еңбегі, зардап шеккен денсаулығы бар.

 Соғыс жылдарында қара жұмыста болғандардың еңбегі  әлі де ескерілмей,  еленбей, бағаланбай жатқанын жасырып керегі не? Еңбек Армиясы деген сөздің өзі талай нәрсені ұқтырып тұр емес пе? Ол да Армия, жанкешті еңбек армиясы. Олар ешқашан қан төгіспен келген Ұлы Жеңістен тысқары қалмауы керек.

Расында мыңдаған қара жұмысшы   сыз жерде, төбесінен су тамшылап тұрған қаракөлеңке қуықтай тар шахтада  бел жазбай көмір қопарып,  оны вагон арбаға тиеп, сыртқа жөнелтіп, поездардың тоқтаусыз жүруін , зауыттардың үзіліс жұмыс істеуін қамтамасыз етпесе, жауға атылар әр оқ  уақытында жасалар ма еді.

Он екі мүшесі аман келді деген болмаса Қарағандыдағы төрт жыл әкемнің денсаулығын тұтастай құртты. Өмір сүруге ешқандай жағдай жасалмаған сыз барақтағы сабан төсеніште жатып, ашқұрсақ жүріп, еңбек көрігін қыздырған, »Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен «қаруланған»  әкемнің  аузындағы отыз екі тісі жасына жетпей түсіп, қызыл иек болып қалып еді.

 Әкем соғыс аяқталған соң бұрыңғы кәсібі - мал бағуға шықты. Алғашында сиыр бағып, кейіннен кеңшар құрылғанда қойшы таяғын ұстады. Еңбекті адал атқарды, талай мадақтау мен сыйлыққа ие болды.  1965 жылы  зейнетке шықты. Соғыстан оралған соң  анамыз Матай Борамбайқызы  екеуі үш ұл, төрт қызды өмірге әкелді. Сегіз баласын өсіріп жеткізіп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, сексенге аяқ басқан шағында өмірден озды. Бірақ осы жылдар ішінде «Сенің де Ұлы Жеңіске қосқан үлесің бар еді-ау»- деген пенде болған емес.

Биылғы жылы облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапхана осы мәселені қолға алып, еңбек армиясына туралы зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр дегенді естіп қолыма қалам алдым. Менің әкем – Еңбек Армиясының Ері. Ұлы Жеңістің 75 жылдығын ел болып тойлап жатқанда Жеңіске менің әкемнің де қосқан үлесі бар екенін мақтанышпен айта аламын.

                                                                Бақыт Қасенқызы Абрайымова

                                                         Катонқарағай ауданы, Жамбыл ауылы.    

 

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2023
Besucherzahler
счетчик посещений