kl kz



>
Аудан паспорттары
Шемонаиха ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катон-Қарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Өңірлік мерзімді басылымдар
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Ескерткіштер
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Маңызды оқиғалар
ШҚО ауылдарының тарихы
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
Тәуелсіздік хроникасы
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Бейнетоптама
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Виртуалды көрмелер
#Әуезов125

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

ulydala ru

Musin KҚабдыраш Мусин 1919 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының Өрел ауылында ауқатты отбасында дүниеге келді.

Әкесі Мұса қара қылды қақ жарған әділ би, анасы әділ, турашыл мінезімен көпке сыйлы болды. Ауыл үй арасындағы уақ –түйек даулы мәселелерді шешу үшін ауылдастары анасына келіп жүгінетін. Отбасында бес ұл, бір қыз дүниеге келді. Қабдраш отбасындағы екінші бала еді.

Заман қиындап 1930-1933 жылдардығы аштық кезінде үлкендерден қалыспай жұмыс істеді. Отбасын асырап отырған қолдағы бар малды қарау Қабдраштың үлесінде еді.

Тұрмыстары ауқатты болғандықтан Мұсаның отбасы саяси қуғын - сүргінге ұшырап, малдары тәркіленді. Мұса атылып кетті, балаларын құтқарып қашпақшы болған анасы ешқайда кете алмады. Тағдырдың жазғанына көніп, Қабдраш анасы екеуі бауырларын асырау үшін небір қиындықты бастарынан өткізді.

         Ұлы Отан соғысы басталғанда Қабдыраш 23 жаста болатын. 1942 жылдың жазында армия қатарына шақырылып, майдан даласына бет алды. Алайда олар майдан шебіне жете алған жоқ. Оларды тиеген эшалон Еңбек армиясында жұмыс істету үшін Қарағанды қаласындағы шахтаға тастап кетеді. Қабдыраш шахтада, зауытта жұмысшы болып істейді.

Шахта жұмысшыларының тұрмыстық –материалдық жағдайлары өте төмен болды. Олар Арқаның аязында тоңып, аш-жалаңаш жүрсе де Отанға қажет көмір, газ, қорғасын өндіру жолында жан аямады. Ауыр жұмыс пен жоқшылық Қабдыраш Мусиннің денсаулығына әсер етпей қойған жоқ. Әскери госпитальда алты ай жатып емделіп, еңбекке жарамсыз болып елге қайтады.

   KokkolСоғыс уақыты, жұмыс күші жетіспей жатқан кезде Қабдраш үйде тыныш жата алмай Көккөль руднигіне (Катонқарағай ауданы) жұмысқа шығады. Көккөл кеніші вольфрам концентратын өндірген. Өндірілген өнім соғыс мақсатына, танктердің бронін бекітуге пайдаланылған . Көккөл кеніші туралы «...Көккөл  әлгі адамдардың  өміріндегі ең азап­ты,  бейнетті  жылдары  болған екен ғой… Бейнетті болғаны соншалық, Көккөлді артық  рет еске алудың өзі жандарын жаралағандай. Зіл  батпан сол азапты арқалап өткен ағаларымыз түгелге дерлік өмірден озып кетті. Өкініштісі – бәрі де  ерте кетті.  Көбісі қырық пен елудің ішінде, ұзағаны алпысқа жете жы­ғылды. Көккөлден соң өмір бойы көксау боп қалған менің Уатай атамның өзі әйтеуір өзін-өзі күткенінің арқасында (екі жыл ғана   шахтер болған, қалған уақытта ұсталық жасапты) алпысты ең­серіп барып көз жұмды ғой. Бәрінің дерті  біреу еді – ол “се­ли­коз” болатын.»- деп еске алады жазушы жерлесіміз Әлібек Асқаров. Сол 60 жастан аспағандардың бірі - Қабдыраш Мусин еді.

Қабдыраш 28 жасында Баянбаева Кәмашқа үйленіп, бес бала тәрбиелеп, барлығына жоғары білім берді. Денсаулығының жоқтығына қарамастан бала –шағасын асырау үшін еңбектен бас тартқан емес. Алайда еңбек армиясындағы ауыр жұмыс Қ.Мусиннің денсаулығына әсер етпей қойған жоқ. 1979 жылдың 9 желтоқсанында 60 жасқа да жетпей өмірден өтті.

Бүгінде балалары әкелерінің қажырлы еңбегін, берген тәрбиесін құрметпен еске алып, жетістіктері мен бақуатты тұрмыстарын көре алмай кеткеніне өкініш білдіреді.  

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2023
Besucherzahler
счетчик посещений