kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Ескерткіштер
Тәуелсіздік хроникасы
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Маңызды оқиғалар
ШҚО ауылдарының тарихы
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Семей қаласы
Риддер қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Алтай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Катон-Қарағай ауданы
Күршім ауданы
Көкпекті ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы
Бейнетоптама
Өңірлік мерзімді басылымдар
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Виртуалды көрмелер
Шәкәрім даналығы
#Әуезов125

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

ulydala ru

Axmetjan Talaptan«Апырым- ай бұл жұрт Талаптанды ұмытып кетті ме?» деп жүргенде жазушының жаңа жинағы мен естеліктерOblozhka 1 топтамасы кітапхана қорына келіп түсті. Тіпті қалың оқырманнан сүйінші сұрауға тұрарлық жаңалық. Талаптанның жарқын бейнесі, нұр дидары, көмескі тартпай, уақыт өткен сайын айқандала түсетін тұғырлы тұлға екенінің дәлелі!

Өмірден озғанына он жылдан астам уақыт өтсе де оқырман көңілінің төрінен орын алған белгілі қаламгер, Халықаралық «Алаш» әдеби және Қазақстан Жастар одағы сыйлықтарының лауреаты Талаптан Ахметжан өткен жылы 60 жасқа толып еді. Кештеу болса да жерлесіміз Талаптан Ахметжанның мерейтойына орай «Ан арыс» баспасынан «... ғұмырын қишы жасынның» атты прозалық жинағы мен «Таңғажайып Талаптан» атты сиясы кеппеген су жаңа естеліктер жинағы жарық көріпті. Жинаққа жазушының прозалық шығармалары, пьесалары, әріптес қаламгерлердің естеліктері енген, Алматының «ABAI» баспасынан жарық көрген «Таңғажайып Талаптан» атты естеліктер жинағын толқымай оқу мүмкін емес... Балаларының сағынышқа толы сырлары мен жазушы жайлы әріптестерінің естеліктерін оқи отырып, ТалаптанOblozhka_2.jpg талантына, кісілігі мен парасаттылығына, адамгершілігіне тәнті боласыз.

Осы орайда туған жерін шығармаларына арқау еткен Талаптан талантын қадір тұтар, алайда үнсіз қалған   Күршім жұрты бұған не дер екен деген ой келері анық. Талантты жерлесіміздің есімін мәңгі есте қалдыру үшін туған жерінде не боп жатыр? «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе ел тегі, алсын қайдан кемеңерді?»- деп Ілияс ақын жырлағандай, Күршімнің талантты тумаларын әспеттейтін уақыт жеткен сияқты...

Сөз қадірін түсінетін, қастерлейтін ұрпақ барда Талаптан шығармалары мәңгілік екенін ұмытпайық!

Әскербекқызы Ж. Миф-о-поэзия: өлеңдер, поэма, аудармалар.-Алматы: Жазушы бапасы, 2022.-192 б.

Z Askerbekkyzu«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрген биыл баспадан шыққан «Миф-о-поэзия» атты кітабы кітапхана қорына түсті.

Жерлес ақын Жанат Әскербекқызы-қазіргі поэзияда өзіндік қолтаңбасы бар талантты ақын, филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

skerbekkyzy Z

 университетінің профессоры. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Өлеңдерінде ел меен жер, өткен дәуір мен бүгінгі өмір сүреттері, көңілдің түрлі сәттері бағзы таныммен сабақтасып, тың бейнелеулермен түзіледі.

Жинаққа ақынның жаңа өлеңдері мен «Алып ана-Түкті ата» әпсана-поэмасы және жапон поэзиясынан Сайге, Мацуо Басе, Есо Бусон өлеңдерін аударып кіргізген.

Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан»-тек саяси, эконмикалық жаңару емес, әдеби, мәдени құндылықтарымызды қоса жаңғырту арқылы алға қадамдау деп атап көрсетті. Осы орайда Мәдениет және спорт министрлігі жастарды қолдау мақсатында жас қаламгерлердің іргелі еңбектерін «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясымен тұрақты түрде басып шығару көзделіп отыр.

«Жаңа қазақ әдебиеті» -ауқымды жоба. Шығармашылық әлеуеті зор, тұщымды туындылары көп авторлардың кітаптары осы серия арқылы жарыққа шығып, оқырман қауымға жол тартатын болады. Оқырмандар жас ақындардың шығармашылығын күтеді. Ендеше, Іске сәттілік тілейміз.

Танымал есімдер дерекқоры https://imena.pushkinlibrary.kz/kz/pisateli-i-poetykz/470-.ht

ml

Өткендердің өмірден,
Өнегелік елге-ісі.
Өшпейді шын көңілден,
Өткен күннің белгісі, -деп кітап авторы жырлағандай кітапхана қорына Қалым Құнафияновтың «Ұрпағыма ұлағат» кітабын баласы Бақытхан Құнапиянов сыйға тартты.Kunafianov urpagyma ulagat Деректі повестің авторы Қалым Құнафиянов ұзақ жылдар шаруашылық басқарған, Кеңес қызметінде істеген ардагерлердің бірі. Ленин, Қызыл Ту ордендерінің иегері.
Кітап бірнеше бөлімнен тұрады. Қызығы аз бала кез, соғыс өрті шарпыған жастық шақ оқушысын ойға қалдырып, патриоттық сезімін оятады.
Кітаптың негізгі мақсаты-аға буынның өмірден көрген қиыншылық, рахатын, қуаныш, күйзелісін мүмкіндік жеткенше жас ұрпаққа жеткізу. Өзі басқарған еңбек адамдарының адал ісін, ақ ниетін паш ету, тұтас бір ұжымның өрлеу, өсу жолын саралау.
Кітаптың тілі қарапайым. Жел сөз де, қызыл сөз де жоқ. Небір шытырман оқиғалар нақты болған жағдайды боямасыз, сабырмен айтып жеткізеді.
Кітаптағы әр әңгіменің, әр эпизодтың өзіндік сыры, мән-маңызы бар. Үңіле қараған адам оның астарынан танымдық та, тарихи да, ойланарлық та құпиялар табады.
Қымбатты оқырман, Тарбағатайдың айтулы азаматы Қалым Құнапияновтың «Ұрпағыма ұлағат» атты кітабы қолдарыңызда. Ендігі төреші-өздеріңіз.
Akberen elgezekӨртеніп ұмыт болған сағыныштан,
Жұрт ішіп ағып келем, сабылысқан.
Жанарымнан сан ұшқын ұшырайды,
Іштегі бітпейтұғын жарылыстан, - деп Шаһар кезген өлеңінде өзі жырлағандай бірнеше өлеңдері топтастырылып «Шаһар кезген» деген атпен «Дәуір» баспасынан кітап болып шығып отыр.
Елгезектің шығармашылығы бір тұжырымға сыя қоймайтын, тарам-тарам бағыты баркүрделі дүние.
Ақын өткенге белшесінен батып отырған қоғамға деген өгейсу, іштей қарсы тұру сезімін бүкіл поэзиясына арқау еткен. Қазір корпоративтік сана бәрінен басым. Ауыл жағдайы нашар. Діншілдер саны күрт көтеріліп келеді. Бұрын Кеңес Одағында екінші орында болған Қазақстанның, қазір алды бұлыңғыр. Мұндай кезеңде Ақберен Елгезек сияқты ақынның шығып, қоғам мұңын өлең арқылы халыққа жеткізу, екінің бірінің қолынан келмейді.
Ендеше құрметті оқырман жаңа кітап сіздің еншіңізде.
 
 
 
Altybaev1А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасына журналист, сөзжұмбақшы, ҚазақстанAltybaev Журналистер одағының мүшесі, Зайсан ауданының Құрметті азаматы Алтыбаев Қалибек Қизатұлы «Бабадан қалған байтағым» атты 2 томдық кітабын сыйға тартты.
Қалибек Қизатұлы топонимика, ономастикамен шұғылданып, заманауи адамға жұмбақ әрі түсініксіз дүниелерді зерттеумен шұғылданады. Қолданбалы өнер, халық кәсібі тарихын зерттеп, Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов әлемін тануға барынша үлес қосып келеді. Ауыз әдебиетіне жататын түрлі жұмбақ, айтыстарға жаны жақын қаламгер оларды сөзжұмбақ үлгісінде жасырып жазумен де шұғылданған. Қазақстан КИнЭС рекордтар кітабына енген сөзжұмбақшы Қ. Алтыбаевтың «Сан сұраққа саяхат», «Зайсан өрнектері», «Абай­дың алып айдыны­нан», «Шы­рағың мәңгі сөнбейді», «Сынаптай сырғыған жылдарым», «Атамекен Зайсан», «Үш­кемелдің шалқарынан» т.б. кітаптары бар. Бұл кітаптарының басым бөлігі сөзжұмбақтардан тұрады. Жай ғана сөзжұмбақ емес, ұлы Абай, Шәкәрім, Әуезовтің алып айдынын арқау еткен сөзжұмбақтар дүниесі.
Қаламгердің «Бабадан қалған байтағым» кітабында елін-жерін жан аямай қорғаған әйгілі батырлардың тұлғалары, Зайсан өңірінде рухани шырақ жаққан ерекше дарын иелері, еліне тұлға болған ел билеушілері, өнер адамдары сипатталған. Зайсан ауданының барлық елді мекендерінің тарихы, әр ауыл округы бойынша жер атаулары жеке-жеке берілген. Өлке тарихын танып, зерттеушілер үшін бұл туындының берері мол екені сөзсіз.
Келіңіздер кітаппен таныс болыңыздар!
kniga nazimКатонқарағай ауданы, Қабырға ауылының тумасы Назым Слямқызының «Мұзтау-Музам менің» атты кітабы А. С. Пушкин атындағы кітапхана қорына келіп түсті.
Автордың бұл қолжазбасы- «Мұзтау-Музам менің»,- деп аталады. Назымның повесі Мұзтауға, Оралхан жырлаған киелі мекенге қызығушылықты, рухани ынтызарлықты оятады. Назымның туған жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігі орасан. Бұл кітапты оқыған адам өзінің кіндік қаны туған жері туралы ойланбай қалмайды. Санасы оянады. Қазіргі заманда жас буынның жүрегіне отаншылдық рухты сіңірудің маңыздылығын түсіндіреді.
Назымның туған өлкесі Катонқарағайдың әр түп ағашы, суы, тау-тасы тірі организм екенін бейнелеп берген стилі тартымды. Қазақтың қызы Мұзтауға барар жолын әдемі суреттейді.
Повесте Алтайды мекен еткен адамдардың қилы тағдырлары суреттеледі. Повестің негізгі кейіпкері-Мұзтау және Назым. Повесть туған жерді риясыз сүюге, қастерлеуге үйретеді.
Назым Слямқызының бұдан басқа баспадан 2018 жылы шыққан кітабы бар. «Қош бол қиындық» немесе «Өз-өзін жеңу майданы».
Катонқарағайдағы туризмді дамытуға өлкетану саласына Назым Слямқызы «Мұзтау-музам менің» атты көркем повесімен шынайы үлес қосты деп білемін!
Келіңіздер кітаппен таныс болыңыздар! 
 
 
 
М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2022
Besucherzahler
счетчик посещений