Өскемен қаласы әкімдігінің Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейдің тарих пәнінің мұғалімі Қайрат Айтқожин «Қабанбайтану оқу құралы» атты кітапты кітапханаға сыйға тартты.
Қазіргі кезде адамзат жаңа жаһандық мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Бала тәрбиелеу-болашаққа ең үлкен инвестиция. Бұл мәселеге немқұрайлы қарамай, балаларға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек.
Өзінің туған өлкесінің тарихын терең танымай, елі мен жер үшін жанын құрбан еткен, тәуелсіздігін аңсаған ата – бабаларымыздың есімін, ерлігін жас ұрпаққа танытпай патриот, патриоттық деген ұғымды түсіндіре алмаймыз.
«Қабанбайтану оқу құралы» жұмыс істей алатын, бастама көтеретін, шығармашылық танытатын, жақсылыққа ұмтылатын белсенді адамды тәрбиелеуге бағытталған.
Қазақ даласы қай заманда да, дарынды, ақылды адамдардан кенде қалған емес.
Ұлылардың жүріп өткен жолдары, айтқан өсиеттері, істеген істері рухани тәрбиеге толы. Елін жерін сүйетін, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге қосар үлесі зор еңбек. Өлкемізден шыққан батырлардың өмірі мен тағылымды істерін жас ұрпаққа жеткізу біздің қасиетті парызымыз.
Құрметті оқырман, ұстаздар кітаппен таныс болыңыздар. Мектеп бағдарламасында факультативтік сабақтар негізінде оқушыларға таныстырайық.