kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Ескерткіштер
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Маңызды оқиғалар
ШҚО ауылдарының тарихы
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
Тәуелсіздік хроникасы
2021
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
Аудан паспорттары
Шемонаиха ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Семей қаласы
Риддер қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Алтай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Катон-Қарағай ауданы
Күршім ауданы
Көкпекті ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Бейнетоптама
Өңірлік мерзімді басылымдар
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Виртуалды көрмелер
Шәкәрім даналығы
#Әуезов125

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

ulydala ru

2023 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша
аталып өтілетін және еске алынатын күндер

 

1 қаңтар

Мәдениеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың туғанына 80 жыл (1943)

1 қаңтар

Әскери қайраткер, генерал-майор, Кеңес Одағының батыры Панфилов Иван Васильевичтің туғанына 130 жыл (1893-1941)

17 мамыр

ҚР Президенті, саяси ғылымдар докторы, Қ.К. Тоқаевтың туғанына 70 жыл (1953)

23 шілде

Ақын, философ, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының  туғанына 165 жыл (1858-1931)

25 маусым Алаш қозғалысының мүшесі, ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл

2 қазан

Жазушы, драматург, детектив жанрын алып келген қаламгер Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл (1923-1986)

25 қазан

Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Мемлекет сыйлығының лауреаты жазушы, драматург Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл (1923-1994)

28 қазан

Ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл (1893-1920)

 

Айы, күні белгісіз аталып өтілетін даталар

125 жыл

Мемлекет қайраткері, Түркістан мен Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату және нығайту жолындағы күреске қатысушы Темірбек Қараұлы  Жүргеновтің  туғанына (1898-1938)

200 жыл

Күйші, композитор домбырашы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына (1823-1896)

300 жыл

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама – қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, тарихи оқиғасына (1723)

355 жыл

Жырау, Бұхар жырау Қалқаманұлының туғанына (1668-1781)

360 жыл Қазақтың қоғам қайраткері, шешен Төле би Әлібекұлы (1663 – 1756)

 

Қаңтар

2 қаңтар

Абай ауданының тумасы, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сариннің туғанына 45 жыл (1978)

17 қаңтар

Зайсан ауданының құрылғанына 95 жыл (1928)

 

Алтай (Зырян) ауданының құрылғанына 95 жыл (1928)

 

Катон-қарағай ауданының құрылғанына 95 жыл (1928)

 

Күршім ауданының құрылғанына 95 жыл (1928)

 

Тарбағатай ауданының құрылғанына 95 жыл (1928)

 

Ұлан ауданының құрылғанына 95 жыл (1928)

 

Шемонайха ауданының құрылғанына 95 жыл (1928)

22 қаңтар

Шемонайха кітапханасының құрылғанына 100 жыл (1923)

30 қаңтар

Алтай өлкесін зерттеуші Григорий Ефимович Щуровскийдің туғанына 220 жыл (1803-1884)

қаңтар

«Охотник Алтая» әдеби-көркем журналының тұңғыш санының жарық көргеніне 100 жыл (1923)

   

қаңтар

Өскемен қаласындағы алғашқы радио торабының іске қосылғанына 95 жыл (1928)

 

Ақпан

12 ақпан

Зайсан ауданының тумасы, жазушы Асқар Алтайдың туғанына 60 жыл (1963)

17 ақпан

Жамбыл атындағы ШҚ облыстық драма театрының актері, режиссер, ҚР мәдениет қайраткері Олег Петрович Маципулоның туғанына 75 жыл (1948)

ақпан

«Абай» журналының шыға бастағанына 105 жыл (1918)

 

Наурыз

2 наурыз

Қатонқарағай ауданының тумасы, жазушы Тоқтарбек Мағзұмовтың туғанына 65 жыл (1958)

6 (19) наурыз

Ұшқыш, Кеңес Одағының алғашқы үш мәрте Батыры, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Александр Иванович Покрышкиннің туғанына 110 жыл (1913-1985)

12 наурыз

ҰОС қатысушы, Өскемен қалалық Халық депутаттары Кеңесінің төрағасы (1968080), Өскемен қаласының Құрметті азаматы Василий Севастьянович Карпенконың туғанына 100 жыл (1923-2013)

15 наурыз

Семей қаласында Невзоровтар отбасының бейнелеу және өнер мұражайының ашылғанына 35 жыл (1988)

15 наурыз

Өскемен телеорталығының алғашқы хабар бергеніне 65 жыл (1958 )

19 наурыз

Журналист, әдебиеттанушы, ақын, композитор Сейтмұхамет Тәбәріковтың туғанына 95 жыл (1928-2016)

20 наурыз

Кеңес Одағының батыры Тимофей Петрович Васильевтің туғанына 105 жыл (1918-2004)

21 наурыз

 

Кеңес Одағының батыры Федор Матвеевич Сафоновтың туғанына 100 жыл (1923-2008)

22 наурыз

Зайсан ауданының тумасы, балалар жазушысы, Х.К. Андерсен атындағы Құрметті Дипломның иегері Марат Қабанбаевтың туғанына 75 жыл (1948-2000)

25 наурыз

Өлкетанушы, ағартушы   Прокофий Григорьевич Харламовтың туғанына 135 жыл (1888-1971)

25 наурыз

Кеңес Одағының Батыры Григорий Селиверстович Окуневтің туғанына 100 жыл (1923-2002)

26 наурыз

Семей қаласының тумасы, Қазақ радиосының дикторы, Қазақстанның Халық әртісі, Ұлы Отан соғысының ардагері Әнуарбек Нығметжанұлы Байжанбаевтың туғанына 100 жыл (1923-1989)

29 наурыз

Кеңес Одағының Батыры Петр Григорьевич Карелиннің туғанына 100 жыл (1923-1944)

 

Сәуір

1 сәуір

Кеңес Одағының Батыры Николай Евсеевич Луттың туғанына 105 жыл (1918-1944)

10 сәуір

«Рудный Алтай» газетінің шыға бастағанына 100 жыл (1918). Әр жылдары газет аты «Голос Алтая», «Известия», «Советская власть», «Смычка», «Крестьянский труд», «Прииртышский коммунар», «Большевик Алтая», «Знамя комунизма» болып өзгеріп отырды

12 сәуір

Казгипроцветмет (бұрынғы Алтайгипроцветмет) мекемесінің құрылғанына 75 жыл (1948)

17 сәуір

Күршім ауданының тумасы, суретші-карикатурашы Айдарбек Ғазизұлының туғанына 65 жыл (1958)

20 cәуір

Ақын, Зайсан ауданының тумасы Әубәкір Нілібаевтің туғанына 95 жыл (1928-2014)

23 сәуір

Қазақстанның Халық қаһарманы, партизан-жазушы, Ұлан ауданының тумасы Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл (1918-2007)

23 сәуір

Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген ұстаз, соғыс ардагері Василий Крыгиннің туғанына 100 жыл (1923-2008)

26 сәуір

Ұлан ауданының тумасы, медицина ғылымының докторы, «Республикалық Диагностикалық Орталық» АҚ-ның Бас директоры Қадыр Тоқтамысұлы Омаровтың туғанына 75 жыл (1948)

30 сәуір

Глубокое ауданының тумасы, Өскемен педагогикалық институтының тұңғыш ректоры, Қазақ ССР Жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, ҰОС қатысушы ШҚТУ-дың Құрметті профессоры Юмаш Кәрімұлы Увалиевтің туғанына 100 жыл (1923-2008)

сәуір

Өскемен қаласында Үлбі және Октябрь аудандарының құрылғанына 50 жыл (1973)

 

Мамыр

2 мамыр

Ұлан ауданының тумасы, тілтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚазССР ҒА мүше-корреспонденті Кәкен Ахановтың туғанына 95 жыл (1928-1978)

4 мамыр

Ұлан ауданының тумасы, филология ғылымының докторы, академик Зәки Ахметұлы Ахметовтың туғанына 95 жыл (1928-2002)

5 мамыр

Шемонайха ауданының тумасы, жазушы Анатолий Степанович Ивановтың туғанына 95 жыл (1928-1999)

11 мамыр

Өскемен қаласының тумасы, филология ғылымдарының докторы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ- нің профессоры Вера Андреевна Кудрявцеваның туғанына 70 жыл (1953)

15 мамыр

Зайсанның тумасы, ақын Гүлнар Салықбаеваның туғанына 60 жыл (1963)

25 мамыр

Кеңес Одағының Батыры Юрий Федорович Зарудиннің туғанына 100 жыл (1923)  

25 мамыр

Күршім ауданының тумасы, әнші, шәкәрімтанушы, ҚР мәдениет қайраткері, Келденбай Раузаұлы Өлмесековтің туғанына 70 жыл (1953-2011)

27 мамыр

Шемонаиха ауданының тумасы, ақын, суретші Николай Игнатьевич Шушаковтың (1948) туғанына 75 жыл

мамыр

Қорғасын-мырыш комбинатының (қазіргі "Казцинк" ЖШС) ең көне партия және қоғам қайраткері, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Додин Давид Наумовичтің (1898-2011) туғанына 125 жыл

 

Маусым

3 маусым

Өскемен су электр станциясының бірегей бір камералы шлюзінің пайдалануға берілгеніне 70 жыл (1953)

8 маусым

«Алтайзолото» кен-байыту комбинатының негізі қаланғанына 90 жыл (1933)

14 маусым

Хайрузов ГЭС-інің іске қосылғанына 95 жыл (1928)

15 маусым

Өскеменде алғашқы өрт сөндіру командасының құрылғанына 170 жыл (1853)

15 маусым

ҰОС қатысушысы, корреспондент, жазушы Петр Макарович Седешевтің туғанына 105 жыл (1918)

17 маусым

Құрылысшы, "Алтайсвинецстрой" тресі басқарушысының орынбасары, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Павел Лукич Чижиковтың туғанына 110 жыл (1913)

23 маусым

Кеңес Одағының Батыры Иван Тихонович Гулькиннің туғанына 100 жыл (1923-1945)

25 маусым

Қоғам және мемлекет қайраткері, Аягөз ауданының тумасы бұрынғы Семей облысының бірінші хатшысы Кешірім Бозтаевтың туғанына 90 жыл (1933-1999)

 

Шілде

1 шілде

Өскемен қаласының Құрметті азаматы Зәкәрия Джексеневич Джексеневтің туғанына 110 жыл (1913-2005)

10 шілде

Зайсан ауданының тумасы, Семей медициналық Университетінің профессоры, 117-ден астам ғылыми-зерттеу еңбегінің авторы Ахметқали Зайнолдаұлы Дюсуповтың туғанына 75 жыл (1948)

12 шілде

Кеңес Одағының Батыры Павел Тимофеевич Брилиннің туғанына 110 жыл (1913-1969)

23 шілде

Тарбағатай ауданының тумасы, Семей, Өскемен   қалаларының бұрынғы әкімі, Тарбағатай ауданының, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Амангелді Қажыбаевтың туғанына 80 жыл (1943-2021)

 

Тамыз

5 тамыз

Семей шаһарының ірге тасы қаланғанына 305 жыл (1718)

12 тамыз

Алаш ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері, Алаш-Орда үкіметінің мүшесі, Зайсан уезінің Нарын болысының тумасы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы) Отыншы Әлжановтың туғанына 150 жыл (1873-1918)

15 тамыз

Кеңес Одағының Батыры Михаил Михаилович Медведевтің туғанына 105 жыл (1923-1977)

15 тамыз

Кеңес Одағының Батыры Матвей Кузьмич Меркуловтың туғанына 105 жыл (1918-1990)

16 тамыз

Алтай өлкесін зерттеуші Петр Александров Чихачевтың туғанына 215 жыл (1808-1890)

25 тамыз

Ұлы Отан соғысының қатысушысы (1941045), ғалым-тарихшы, зерттеуші, өлкетанушы Андрей Викторович Потаповтың туғанына 100 жыл (1923-1987)

 

Қыркүйек

2 қыркүйек

Қатонқарағай ауданының тумасы, ҰОС қатысушы, Социалистік Еңбек Ері, қоғам қайраткері Бошай Кітапбаевтың туғанына 100 жыл (1923-2015)

 

 

13 қыркүйек

Жазушы Николай Андреевич Горбачевтің туғанына 100 жыл (1923-2000)

13 қыркүйек

Кеңес Одағының Батыры Виктор Васильевич Буторинның туғанына 125   жыл (1898)

13 қыркүйек

Өлке зерттеушісі Илья Сергеевич Зыряновтың туғанына 110 жыл (1913-2007 )

18 қыркүйек

Совет Одағының батыры Михаил Терентьевич Хариннің туғанына 100 жыл (1923-1991)

24 қыркүйек

Зайсан ауданының тумасы, айтыскер ақын, Серік Құсанбаевтың туғанына 60 жыл (1963)

27 қыркүйек

Өскемен сыра зауытының іске қосылғанына 90 жыл (1933)

28 қыркүйек

Қатонқарағай ауданының тумасы, жазушы, Оралхан Бөкейдің туғанына   80 жыл (1943-1993)

28 қыркүйек (10 қазан)

Алтай зерттеушісі Владимир Афанасьевич Обручевтің туғанына 160 жыл (1863-1956)

қыркүйек

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан   Мемлекеттік Техникалық университетінің (бұрынғы Өскемен құрылыс жол иниституты) ашылғанына 65 жыл (1958)

қыркүйек

Өскемендегі экономика және қаржы колледжінің (бұрынғы кооператив техникумы) ашылғанына 80 жыл (1943)

 

Қазан

1 қазан

«Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының мүшесі, Алашорда Үкіметі төрағасының орынбасары, Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) тумасы Халел Ахметжанұлы Ғаббасовтың туғанына 135 жыл (1888-1931)

8 қазан

Кеңес Одағының Батыры Петр Филипович Железняковтың туғанына 105 жыл (1918-1951)

11 қазан

Күршім өңірінің тумасы, мәдениеттанушы-ғалым, сыншы, философия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Сәбетқазы Нұржақияұлы Ақатаевтың туғанына 85 жыл (1938-2003)

12 қазан

Күршім ауданының тумасы, жазушы, Жүніс Ақатайұлы Ыбыраевтың туғанына 95 жыл (1928-2002)

18 қазан

Ұлан ауданының тумасы, бокстан СССР спорт шебері, ҚР кикбоксинтан еңбек сіңірген шебері, үш мәрте Европа чемпионы, көптеген халықаралық, республикалық кубоктердің жеңімпазы Ержан Шегеновтың туғанына 55 жыл (1968)

20 қазан

Катонқарағай ауданының тумасы, ҚР жазушылар Одағының мүшесі, ақын Қатонқарағай ауданының Құрметті азаматы Төлеген Рахымжанұлының туғанына 85 жыл (1938-2010)

23 қазан

Совет Одағының батыры Вениамин Михайлович Милецскийдің туғанына 105 жыл (1918-?)

25 қазан

Шемонаиха ауданының тумасы, екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы, әлем чемпионаттарының он екі дүркін жеңімпазы Яков Ануфриевич Рыльскийдің туғанына 95 жыл (1928-1999)

26 қазан - қараша)

Мемлекет қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, екі мәрте Сталин сыйлығының лауреаты, машина жасау министрі, СССР Жоғарғы Кеңесінің Шығыс Қазақстан облысынан депутаты, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Ефим Павлович Славскийдің туғанына 125 жыл (1898-1991)

29 қазан

 

Лениногор қаласының тумасы, Риддер қаласының Құрметті азаматы, Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі, өлкетанушы Прасковья Семеновна Тихоновскаяның туғанына 105 жыл (1918)

30 қазан

Суретші, СССР, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің оқытушысы Сергей Петрович Шупляктың туғанына 70 жыл (1953)

31 қазан Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Владимир Филиппович Минаевтың туғанына 85 жыл (1938-2016)

 

Қараша

4 қараша

«Шығыс машина жасау зауыты» АҚ-ның алғашқы болат құймасын шығарғанына 65 жыл (1958)

23 қараша

Шемонаиха ауданының тумасы, Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем және Еуропа чемпионы, спортшы Надежда Викторовна Торлопованың туғанына 45 жыл (1978)

қараша

Осыдан 60 жыл бұрын Париждегі ең ірі француздық «Галлимар» баспасынан Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының «Абайдың жастық шағы» деп аталатын бірінші кітабы А. Витенің аудармасымен жарық көрді. Бұл басылымның алғы сөзін Луи Арагон жазған

 

Желтоқсан

   

10 желтоқсан

Кеңес Одағының батыры, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Петр Иванович Логвиннің туғанына 105 жыл (1918-1995)

10 желтоқсан

Марқакөл ауданының тумасы, ақын Мұрат Тастағановтың туғанына 70 жыл (1953)

15 желтоқсан

Тарбағатай ауданының тумасы,актер, режиссер, сценарист Сахан Долдыұлы Әкелеевтің туғанына 65 жыл (1958-2021)

20 желтоқсан

 Кеңес Одағының Батыры Өскемен қаласының құрметті азаматы Федор Савинович Кокориннің туғанына 105 жыл (1918-1997)

23 желтоқсан

Зайсан ауданының тумасы, жазушы Уақап Қыдырханұлының туғанына 90 жыл (1933)

24 желтоқсан

Кеңес Одағының Батыры Сергей Алексеевич Елистратовтың туғанына 100 жыл (1923-1947)

27 желтоқсан

Ғалым, түркітанушы Сәрсен Аманжолұлы Аманжоловтың туғанына 120 жыл (1903-1958)

30 желтоқсан

Кеңес Одағының батыры Иван Васильевич Косенковтың туғанына 100 жыл (1923-2015)

 

Айы, күні белгісіз аталып өтілетін даталар (тура хронология)

 

Өскемендегі Орталық әмбебап дүкеннің ашылғанына (1973)

50 жыл   

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық, табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының ашылғанына (1968)

55 жыл

Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясының ашылғанына (1958)

65 жыл

Катонқарағай (бұрынғы Большенарым) ауданы Новая Хайрузовка ауылының іргесі қаланғанына (1958

65 жыл

Өскемен қаласы Ертіс өзеніндегі теміржол көпірінің іске қосылғанына (1953)

70 жыл

Өскемен қаласындағы № 1 балалар музыкалық мектебінің ашылғанына (1943)

80 жыл

Лениногор қаласының (қазіргі Риддер) тумасы, суретші, СССР Суретшілер Одағының мүшесі,(1975) Абельден Ганиевич Сапуговтың туғанына (1938)

85 жыл

Кеңес Одағының Батыры Дмитрий Тимофеевич Камоликовтың туғанына (1923-1977)

100 жыл

Кеңес Одағының Батыры Федор Михайлович Мехниннің туғанына (1923-1944)

100 жыл

«Усть-Каменогорская жизнь» (1918) газетінің алғашқы санының шыққанына

105 жыл

Зайсан қаласындағы М. Әуезов атындағы мектептің ашылғанына (1913)

110 жыл

Бұрын Семей қаласында тұңғыш футбол командалары «Олимп», «Ласточка», «Орлята», «Ярыш» құрылды (1913)

110 жыл

Кеңес Одағының Батыры Николай Иванович Казаченконың туғанына (1913-1944)

110 жыл

Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атын. Драма театрының әртісі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі Виктор Иванович Красинский-Крупенниковтың туғанына (1913)

110 жыл

Ақын, жазушы, журналист, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің жетекшісі (1924-1928) Михаил Федорович Иванусьев-Алтайскийдің туғанына (1903-1937)

120 жыл

Кеңес Одағының Батыры Андрей Александрович Васильевтің туғанына (1898-1945)

125 жыл

Әнші Әміре Қашаубаевтың туғанына (1888-1934)

135 жыл

Өңдеу өнекәсібінің майталманы, Красин атындағы май зауытының директоры (1937-1958 жж), Өскемен қаласының Құрметті азаматы Иван Иванович Захаренконың (1888-1975) туғанына

135 жыл

Ғалым-астроном, күн құрылғыларын ойлап тапқан өнертапқыш, СССР гелиотехникасының пионері, 1921034жылдары Зайсан қаласында педагог болып қызмет істеген Владимир Николаевич Бухманның туғанына (1878-1962)

145 жыл

Зайсан ауданында Кендірлік селосының құрылғанына (1873)

150 жыл

Абай мұрасын тұңғыш бастырушы Құнанбаев Кәкітай Ысқақұлының туғанына (1868-1915)

155 жыл

Өр Алтайдың күретамыры

Бұқтырма, буырқанып бұлқынасың,

Асығып Ақ Ертіске ұмтыласың.

Баяулап ақпаймысың жайбарақат,

Неліктен терістікке ынтығасың?!

Төлеген Рақымжанұлы

BuktyrmaСу — тіршілік көзі. Су бар жерде өмір бар. Тіршілікке қажетті бес жағдайдың бірі су. Жер шарының төрттен үш бөлігі судан құралған. Ол - мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, сарқырамалар. Көптеген мифологиялық аңыздарда су жердің анасы ретінде де, атасы ретінде сипатталады. Дөңгеленген дүниедегі барша халықтың суға деген құрметі ерекше. Бүгінде бізге мәлім әйгілі әрі көне өркениеттердің дамуы, қалыптасуы да суға жақын, сәтті орналасқандығына байланысты. Көптеген археолог-тарихшы ғалымдардың тапқан деректері мен ашқан жаңалықтарына жүгінсек, әлемдегі тіршіліктің пайда болып, ары қарай дамуына өзендер себепші болған екен. Олар басқа елдерге қарағанда ертерек танымал болған, сондай-ақ әлем мәдениеті дамуының алдыңғы қатарында тұрған тіршілік иелері ұлы өзендердің жағалауларын мекен еткен.

Біздің туған жеріміз – Катонқарағай ауданы да тұщы су қорына өте бай. Әр сайда сылдырай аққан мөлдір бұлақтар, сарқырай аққан өзендер, айдынды көлдеріміз аспанмен астасқан тауларымызға ерекше көрік береді. Бұның бәрі Табиғат-ананың бізге берген қайталанбас, әрі баға жетпес, тамаша тартуы.

Менің туған жерім Катонқарағай ауданындағы Жамбыл ауылы, ауылым Өр Алтайдың күретамырындай болған Бұқтырма өзенінің бойында орналасқан. Балалық шағым тұтастай осы өзеннің жағасында өтті, үйіміз Бұқтырма өзенінің жағасында қабақтың үстінде болды. Кішкентай кезімде Бұқтырмадан үлкен өзен жоқтай болып көрінетін. Оның қашан жаратылғанын, қайдан бастау алатынын, қайда барып құйатынын, қайда барып сиятынын да білмейтінбіз, бірақ білуге құмататынбыз. Назар салып қараған адам Бұқтырманың басқа өзендерден әжептәуір айырмашылы барын байқар еді. Өзен аңғарының беткейлері тік жар, терең шатқалды, өн бойы сыңсыған ағаш, жағасы жаз шыға жасыл желекке бөленіп ерекше жайнап кетеді. Жылда мамырды аяқтай бере ернеуінен асып тасиды, осы кез оның ең дәуірлеген, шанағынан асып, шалықтаған кезі. Осы кездегі өзеннің сарыны ерекше, түсі өте сұсты болып көрінеді, ақөркеш толқындары жағасындағы иін тірескен қайың, қарағай, самырсын, тал, теректерді көпсінгендей тамырынан қопарып қаңбақ құрлы көрмей ағызып кетіп жататын. Шамасы келмеген үлкен ағаштарды қайраңға апарып қалдырып кететін. Тасыған кездегі күркіреген дауысы, азан-қазан үні күншілік жерден естіліп, тұтас аңғарды күңірентіп жатады. Оның осы күркіреген дауысынан балалық шақтағы тәтті ұйқыдан талай рет селт етіп оянған шақтарымыз болды.

Жаздың алғашы айларында Бұқтырманың көктемгі қарқыны бәсеңси қоймайды, суы мол болып, аттылыға өткел бермей тектілігін тентек мінезімен байқатады. Тек тамыз аяқтала бере Бұқтырма мүлдем өзгереді. Суы мөлдірленіп түбіндегі малта тастар мен балдылдырлар айқын көрінеді. Көктемде кемеріне келген кең арна күз жақындаған сайын қоңылтақсып босап қалады. Тасыған кезде күркіреген қуатымен басып алған жерлерді тас шөгінділері мен салындылар басып қалады. Бұқтырма бұрынғыдай буырқанбайды, қоңыр күз келе жуасып, момақан күйге енеді. Бұқтырманың осы бір момақан тартқан кезінің де өз сұлулығы бар, жайлап аққан айдындарына құстар мекендеп әсем табиғатқа ерекше көрік береді.

Қаһарына мініп кәрі құда қыс келгенде өзенннің бетін көк тайғақ мұз құрсаулап, табиғат-тағдырдың ырқына біржола көнгендей болады. Осылайша қырсаулы мұз астында жадыраған көктемнің ораларын тосып ұзақ ұйқы құшағына енеді.

Бұқтырма алқабы ежелден адамзаттың мекендеген аймағы, оның дәлелі өзенінің жағалауындағы жатқан қорғандар тізбегі. Өткен 19-20 ғасырлардың өзінде өзенді бойлай талай қазақ-орыс елдімекендерінің болғандығын тарихтан білеміз. Қазіргі кезде Бұқтырма өзенінің бойында Катонқарағай және Алтай аудандарының сандаған ауылдарының қайнаған өмірі өтуде.

Бұқтырма өзені Шындығатай жерінде үш өзеннің қосылуынан пайда болады, олар: сотүстіктен Бұқтырма (Шәңген) көлінен ағып шыққан Алғыжақ бұлақ өзені, солтүстік-шығыстан Шындығатай өзені және оңтүстік шығыстан Ақбұқтырма өзені. Нақтырақ айтсақ Алғыжақ бұлақ Шындығатай өзенінің оң жақ саласы, біраз жерден кейін Шындығатай өзені Ақбұқтырма өзенімен қосылып Бұқтырма өзені болып ағады. Жергілікті тұрғындар Бұқтырма көлін Шәңген көлі деп атайды. Бұл атау 1786 және 1796 жылдары Алтай тауларын зерттеуші орыс саяхатшысы, Колывано-Воскресенск заводының маркшейдері Петр Иванович Шангиннің құрметіне қойылған деген деректер бар. Бұқтырма көлі теңіз деңгейінен 2064 метр биіктікте орналасқан, оған үлкенді-кішілі 6-7 өзен, бұлақтар құяды. Оның ең үлкені Шәкендара бұлағы (картада Шәндеге бұлағы деп жазылған). Көлден бір ғана өзен ағып шығады, оның атауы жоғарыда айтқадай Алғыжақбұлақ өзені.

Шындығатай өзені басын Қосағаш ауданындағы Ақалақа көлінің оңтүстүгіндегі Молибден тауынан алады. Оның жалпы ұзындығы 34 шақырымды құрайды. Шындығатай өзеніне Алғыжақ бұлақтан өзге Мұқыр және Қаратүйе өзендері келіп құяды.

Ақбұқтырма өзені жайлы оның бастау алар жерін зерттеген ғалымдар мен саяхатшыларға тоқталып өтейін. Әрине, Бұқтырма ғасырлар бойы жасап келе жатқан өзен, ол жайлы ең алғаш кім білді деген сұрақ қолайсыз болар, оның бойына бізің де ата-бабаларымыз ертеден келіп, оның суын ішіп, малын суарып, жағасын жайлағаны даусыз.

Бұқтырма өзенін зерттеушілер туралы жазушы-натуралист, этнограф, фотограф Лухтанов Александр Григорьевич өзінің «Исследование истоков Бухтармы» атты еңбегінде нақтылап жазады. Бұқтырма аймағына ең бірінші 1786 және 1796 жылдары Алтай тауларын зерттеп кеген орыс саяхатшысы, Колывано-Воскресенск заводының маркшейдері Петр Иванович Шангин, одан кейінгі 1826 жылы Дерпт университетінің ұйымдастыруымен ботаник Карл Фридрих Ледобурдың басшылығымен келген экспедиция Шыңғыстай жеріне дейін келіп қайтады. 1833-1835 жылдары натуралист, географ, Алтайды зерттеуші Ф.Геблер Қатын және Ақбұлқақ өзендерінің бастау алар жерлеріне дейін келеді. Бұқтырма және оның салалары туралы алғаш нақты ғылыми мәліметтерді Ресейдің бас штабының офицері топограф Мирошниченко мен тау-кен инженері Малевский береді. Олар 1869 жылы Қытай мен Ресей арасындағы Шәуешек келісімі бойынша П.Бабков бастап келген шекараны барлау комиссиясының құрамында болып, жерлердің координаталарын, теңіз деңгейінен биіктіктерін анықтап, аумақтың географиялық және геодезиялық сипаттамасын береді. Сонымен қатар Бұқтырма өзені мен оның салаларының орнын схемалық картаға түсірді.

Олардың жазбаларында Бұқтырма өзенінің басталуы былай суреттеледі: «Шындығатайдан ары Ақбұқтырманың оң жағалауымен жол тік көтеріледі, сол жағалауы 8 шақырымға созылған балқарағайлы орманмен жабылған, одан кейінгі жол тасты, батпақты болып ауыр жүк артқан аттардың жүруіне қиын болды. Орман біткесін алпілік өсімдіктер басталды. Одан әрі алдымызда кең көсілген үстірт созылып жатты, өлшеуімізше үстірт биіктігі 2200 метрге таяу болып шықты. Моңғол тіліндегі Табын-Богдо-Ола деп аталатын, биіктігі 4000 метрден асатын қарлы шыңдардың тұтас тобы Үкек үстіртінен асып жатты. Тікелей жолымыздың оң жағында Ақбұқтырма өзенін тудыратын күміс бұлақтар мен ақ мұздықтар көрінді.»

1905 жылдың жазында орыс саяхатшысы, географы, ботанигі В.В.Сапожников өзінің үш серігі – студенттерімен бірге Ресей шекарасына жақын Моңғол Алтайының мұздықтарын зерттеу үшін Қосағаштан оңтүстікке қарай жолға шығады. Оны Алтай жоталары түйісетін Үкөк үстіртіндегі Табын-Богдо-Ола тау жүйесі қызықтырған еді. Қалғұтты, Алаха, Қанас өзендерінің бастауларын зерттеп, Өрелге барар жолда Бұқтырманың жоғарғы ағысындағы мұздықтарды байқап, былай деп жазды:

«15 шілде. Таңды аспаптық барлаумен бастадым... Осы түсірілім арқылы мен Қанас, Алаха, Үкөк және Бұқтырма көздерін біріктіріп, жотаның осы бөлігінің 3300-ден 3600 метрге дейін жеткен шыңдарының биіктігін анықтадым. Бұқтырманың басындағы қар басқан негізгі шыңдарды бергі таулар көмкеріп, биіктігі белгісіз болып шықты. Мұздықтардың өздеріне жақын бара алмадым, сондықтан тек олардың орны мен жалпы ұзындығы ғана анықталды. Қалай болғанда да, мұнда мұздықтарды егжей-тегжейлі зерттеу үшін көптеген материалдар қалды».

Келесі сипаттауында:

«...Бір қызығы, Алаха мен Үкөкті бөліп тұрған шың Үкөк пен Бұқтырманы бөліп тұрған екінші шыңға өте ұқсас. Екі шыңның да төбесінде ойпаң, дәлірек айтсақ, қарға толы кең ойпат бар. Шыңның ойпаңында бір-біріне қатарлас жатқан екі мұздық бар, оның шығыс жағындағы S әрпі сияқты қисық үлкен мұздық. Ол артқы қар шыңынан басталып жартасты айнала иіліп, екінші кіші мұздықтың басына келеді.» - деп жазады.

Сапожников Бұқтырма мұздықтарына барлау жүргізіп, олардың Табын-Богдо-Олаға жақын болғанымен, ол бұл тау жүйесінен емес, Оңтүстік Алтай жотасының Ағайырық таулары деп аталатын шығыс бөлігінде орналасқанын анықтайды.

Алтай мұздықтарының келесі маңызды зерттеушілері ағайынды Михаил мен Борис Тронов болды. Олар таулы жолдармен жалықпай, батыл саяхаттап, аспаптық және басқа да ғылыми бақылаулар жасап қана қоймай, қиын асуларды бағындырды, Мұзтау шыңына бірінші болып шығып, Табын-Богдо-Ола тобының басты шыңына көтерілді.

Ағайындылар кездейсоқ ғалым, саяхатшы атанған жоқ. Олардың әкесі Владимир Дмитриевич, дәрігер, Алтайды көп аралаған, кәнігі өлкетанушы болған. Бұқтырманың көздерін де аралап, Сапожников сияқты (1895, 1896) жылдары Оңтүстік Алтайдың мұздықтарын зерттеп, Рахман қайнарларын сипаттағаны үшін екі рет Орыс географиялық қоғамының күміс медальдарымен марапатталған. Алтай мұздықтарын зерттеу ағайынды Троновтар үшін отбасылық дәстүрге айналды деп айтуға да болады.

1915 жылы Орталық Алтайдың мұздықтарын зерттей отырып, олар Бұқтырма мұздықтарының жанынан өтіп кете алмайды. Нақтырақ айтсақ, 28 маусымда олар 3650 метр биіктіктегі қарсы шыңға көтеріліп, оны Көкжиек (Кругозорной) деп атайды. Бұл жерден Бұқтырманың көздері алақандағыдай көз алдарында тұрды. Келесі күні олар бүкіл мұздықты басып өтіп, мұздық ағып жатқан одан кейінгі Ақайрық шыңына көтерілді. Осылайша Ақбұқтырма екі мұздықтан басталатыны, оның бірінің ұзындығы 3 км, екіншісінің ұзындығы 1 км, ал ең жақын сол жақ саласы Ақүлген мүлде елеусіз мұздықтар тобынан ағып жатқаны анықталды. Олардың өздері мұздық экскурсиясын былай сипаттайды:

«29 маусым күнгі екі экскурсияны – Бұқтырма мұздығына және Кругозорная тауының мұздығына арнадық. Мореналар (мұздық таситын тасты-кластикалық материал) бойымен Бұқтырма мұздығының ортасындағы қырға жеткенде, оның екі жағында бір-біріне қосылмаған Үлкен және Кіші Бұқтырма мұздықтары бар екендігі анықталды. Үлкен мұздық екі негізгі ағыспен басталып, әлсіз морена түзеді. Сол жақ морена, бұрынғы ортаңғы, мұздардың айтарлықтай массасын жасырып біздің тұрған жерімізден бастап соңғы моренаға дейін созыла қосылып, ұзын бойлық жоталарды құрайды. Құрып бара жатқан бұл мұздықтың бөлігі төрт верстке созылып жатыр... Сол жақтағы Бұқтырма мұздығы кішкентай, шамасы, жойылу үстінде тұр. Одан шыққан бұлақ алдымен қорымдар арасымен, содан кейін мореналардың астымен ағады.

Бұқтырма толығымен лайлы екі бұлақтан ағып шығады және мұздықтан жарты верст жерде оң жақтағы Кругозорная тауының мұздығынан тағы бір лайлы бұлақ келіп қосылады. Бұл таудың ең жоғарғы жағындағы қардан және тік мұзды жағалаулары бар қорымдардан басталып, судың ағысынан түзілген шатқалға ағып түседі. Мұздықтың төмен жағының биіктігі 2850 м. Төменде мореналар үйіндісі түзілген».

Ақбұлқақ сияқты Бұқтырма өзенінің басы да тастардың үгітілуінен пайда болған ақ шөгінділеріді шайып өтіп, ақ түсті болады, сондықтан Ақбұқтырма деп аталады.

Бұқтырма өзеніне сандаған өзендер мен бұлақтар келіп құяды, оның ірі-ірі дегендеріне тоқталып өтпеске болмайды. Бұқтырманың оң жақ салалары Катонқарағай ауданында: Шындығатай, Сарыкөл, Тасдіңгек, Абырғанбұлақ, Төртбиебұлақ, Аршаты, Семечиха (Шымыр), Колмачиха (Ойсыптың суы), Ақберел (Ақбұлқақ), Сахатушка (Қансу), Фадиха (Барынду), Березовка (Қайыңды), Черновая (Шу), Каменушка (Мойылды), Ақсу, Язовая (Жазаба), Бобровка, Алтай ауданында: Черновая, Игнашиха, Хамир, Тұрғысын. Сол жақ салалары: Күрті, Таутекелі, Өрел, Күлмес, Коробиха, Сенное, Осочиха.

Өзеннің қос жағасында Катонқарағай ауданының: Шындығатай шекаралық заставасы, Аршаты, Берел, Жамбыл, Өрел, Қайыңды, Еңбек, Қызылжұлдызды, Аққайнар, Шыңғыстай, Жаңаүлгі, Мойылды, Барлық, Коробиха, Сенное ауылдары, Алтай ауданының: Жоғарғы және Төменгі Быково, Богатырево, Лесная Пристань, Зубовка, Парыгино, Снегирево, Тұрғысын ауылдары орналасқан.

Бұқтырма өзенінде (жоғарыдан төменге қарай) бірнеше көпірлер салынған: Шындығатайдан Аршатыға дейін - 2 ағаш көпір, Аршаты ауылының басы мен аяғында екі бетонды көпір, Берел, Жаңаүлгі, Барлық, Лесная Пристань, Зубовка, Парыгино және Тұрғысын ауылдарының маңында бетонды көпірлер, Жамбыл мен Өрел ауылдарының арасына жеңіл автокөліктер өтетін аспалы көпір салынған.

Бұқтырма өзені атауының шығу тарихы жайлы сан түрлі нұсқалар кездеседі, оларды оқи отыра дәл мына нұсқа дұрыс, мынасы бұрыс деп айту қиын, бұл әлі де зерттеп-зерделеп, дәлелдеуді қажет ететін мәселе.

Ж. Болатов пен А.Əбдрахманов өзеннің бұлай аталу себебін жергілікті халық ағысы қатты, асау тау өзені болғандықтан, түсіп кеткен нәрсені, мал, адам т.б болсын қайта тұруға шамасын келтірмей, бас көтертпей бұқтырып алып кететіндігімен байланыстырады. Өзеннің қатты ағысын, жұлқына, бұқтыра ағуын негізге алып жергілікті халық оны «Бұқтырма» деп атайды дейді. Бұқтырма гидронимін бұқ (етістік) + тыр (өзгелік етіс жұрнағы) + ма (етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ) деп талдайды да мағынасын суға түскен нəрсені тастан тасқа соғып, бұқтырып əкететін касиетінен шығарады.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты, Өр Алтайдың топонимдерін зерттеуші ғалым Бияров Бердібек Нұралдаұлы орыс тіліне ауысқан көне түркі сөздерін зерттеген Е.Н.Шипова Дальдің сөздігіне сүйеніп: «Бахтарма-бухтарма» (архаизм) внутреняя сторона шкуры, прилегающая к телу животного» деген түсініктеме береді. Бізде өзеннің аты осы көнерген сөзден жасалған деп есептейміз, өйткені жаңа сойылған малдың терісін аударып қарағанда, қан тамырларының ізі тарам-тарам болып көрініп тұрады. Бұқтырма өзені де дəл солай сала-салаға бөлініп ағады. Ұқсату арқылы жасалған атаудың түбірі бүк, бүктеу сөздерінен шығып, кейін жуандаған секілді. Бүк+тір+ме >Бұқ+тыр+ма. –деген тұжырымдама келтіреді.

География ғылымының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі Сапаров Қ.Т. «М Қашғари сөздерінде буктир (бөктер) «тау етегі» дегенді білдіреді. Біздің пікірімізше, Бұқтырма тауды бөктерлеп ағатын өзен мағынасына саяды.» - деген пікір білдіреді.

Уикипедия ашық энциклопедиясында Бұқтырма өзені туралы былай жазылады: Бұқтырма өзені Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай, Алтай аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 336 км, су жиналатын алабы 12 660 км2. Сағасындағы жылдық орташа су ағыны 214 м3/с. Оңтүстік Алтай жоталарындағы мұздықтардан бастау алып, Ертістегі Бұқтырма бөгеніне құяды. Өзен аңғарының беткейлері тік жар, терең шатқалды, аңғарының ені 5 — 6 км, тар жері 0,3 — 0,4 км. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Көктемде, жазда тасиды. Мұзқұрсау қарашаның 2-жартысында қалыптасып, әдетте 80—200 күнге созылады. Мұздың қалыңдығы 50—80 см болады. Суы өте жұмсақ әрі тұщы (100—250 мг/л). Өзен арнасымен ағаш тасымалданады, салалары егін суаруға пайдаланылады.

Бұқтырма жаратылғалы зымырап талай уақыт өтті, оның бойымен өлшеусіз су ақты, талай ғасырларға куә болды. Жағасын жайлаған адамзат қауымы мен жануарлар, өсімдіктер әлемін өз нәрімен қоректендіріп анадай аялап, әкедей қамқорлық етуде. Бұқтырма - төсінде қазбауыр бұлттар жүзген асқар тауларымызға көрік беріп, әлі де талай ғасырдың куәсі болары шүбәсіз.

Соңғы жылдары Бұқтырама бұрынғыдай шанағынан асып тасымайтын болды, суы айтарлықтай азайғанын байқауға болады. Өткен жылғы (2020) көктем, жаз айларында Бұқтырма мүлдем тасымады десе де болғандай, оған қыстағы қардың аз түсуі, көктем айларында жауын-шашынның аз болғаны да әсер еткен болар. Дегенмен, оның басқа да себептері жоқ емес. Табиғат тепе-теңдігінің бұзылуы көбіне адам қолы жасаған техногендік апаттардан пайда болып отырғаны белгілі. Жер бетіндегі экожүйенің бұзылуы, жаһандық жылынудың салдары қайда апаратыны белгілі. Ғалымдардың дәлелдеуінше соңғы жүз жылда жер бетіндегі орташа температура бір градусқа артқандығы және жаһандық жылыну жылдам жүретін болса алдағы 50 жылда мұздықтар еріп бітетіндігі айтылуда. Жаһандық жылынудың салдарынан жер бетіндегі мұз қабаттары еруде. Бұқтырма өзені өзінің бастауын биік шыңдардағы мұздықтардан алатындығын ескерсек, оның суының азаюының бір себебі осыдан екендігі анық. Адамзатқа тек бүгінгі саяси және экономикалық жағдайды ғана ойламай, экожүйенің бұзылуының соңы қайда апаратынын ойлайтын да кез келгендей...

Өлкетанушы Дүйсен Бралинов

TorkuzМаржан-Марқакөлдің Алтай төрінде 1500 метр биіктікте табиғаты көркем, биік таулардың қойнауында орналасқаны белгілі. Көлдің шығыс жағасында Ұранқай ауылы жатыр.

Ұранқай дегенде, есімізге Марқакөл-теректілік Гүлзипа деген апамыздың бір әңгімесі түседі: «Жазда Алтайға көшкенде жолда орыстардың ауылын басып өтеміз, - деуші еді ол кісі. - Бізді түйенің үстіне сандыққа отырғызып қояды. Шешеміз: «Ойбай, шошқаға түкіріңдер, қарамаңдар», - деп бетімізді жауып тастайды. Қытайдың ішінде ұранқай деген тайпа бар екен. Солар келіп, көлдің жағасына орналасыпты дейтін. Өздері бұзақы көрінеді. Кір жумайтын, шаштары ұзын, еркектерінің басында ұзын айдары болады екен. Елдің жақсы аттарын ұрлап, малшыларды сабап, төбелес ашып жүреді. Әйелдерінің қарғысынан ел зәредей болатын...».

Міне, сол Ұранқайдың солтүстігіне қарай көлді қоршаған көп таулардың ішінен дараланып тұрған, басы үшкірлене біткен бір биік құз бар. Көл үстінде бұлт үйіріле қалса, айналып осы құзға қарай қашады. Құз басында іркілсе болды, көп ұзамай жаңбыр немесе қар жауа кетеді. Сонысына бола жергілікті халық оны «Самовар» деп атап кеткен. Сөйтсек, көне карталарда оның ежелгі атауы Төрқұз екені қанық көрсетілген. Айтпақшы, Ақжайлау мен Ұранқай арасындағы жарты жолда биік асу бар. Оны тағы да орысшалап баяғыдан «Уранхайское седло» деп атаушы еді. Қолымызға іліккен 40-шы жылдардағы ескі картада ол асуды ап-анық етіп «Тікқабақ» деп жазып қойыпты. Қалайша тауып айтылған атау деңіз!

Марқакөлдің патриоты, доғарыстағы полиция полковнигі Бақытбек Жаманбаев Өскеменнен ай сайын, тіпті, кейде апта аралатып төрт жүз шақырым жердегі көлге жиі барып тұрады.

Көлге барған сайын осы алыстан мұнартып көрінетін Төрқұз басына бір шығып көрсем деп ойлаушы еді. Ең қызығы, ауылдағы жергілікті тұрғындардан сұрастырып көрсе, ешқайсысы Төрқұзға көтеріліп көрмеген. Бәрі ат аяғы жетер жерге дейін барып, орта жолдан қайтып кетеді екен. Бұл жәйт Бәкеңді одан әрі қызықтырып, биыл құз басына қайтсем де шығамын деп қатты бекінді.

Соның сәті 2020 жылдың тамыз айының 30-ы күні түсті. Жергілікті орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің басшысы Ермек Бағланұлымен және жердің ой-қырын жақсы білетін «Марқакөл» мемлекеттік қорығының аға инспекторы Болысов Балуанбекпен күнібұрын уағдаласып, аттарды дярлап, таңғы сағат жетіде ауылдан тауды бетке алып шығып кетісті.

Төрқұз жақын болып көрінгенімен, талай тау мен аңғардың арғы жағында, 30-35 шақырымдай қашықтықта жатыр. Жолы ойлы-қырлы, көлденең жатқын бірнеше тау өзенін де кешіп өтті. Марқаның орманы бай ғой шіркін: қызыл қарағай, самырсын, шырша, балқарағайдың бәрі бар. Құзға жеткенше алдыдан түлкі, елік дейсің бе, тіпті қонжығын ерткен аю да кездесті. Суыр да әлі жатпаған екен. Таудан сарқырап аққан асау өзендердің гүрілі де керемет. Аю кезіккен тауда бір үзіліс жасап, он-он бес минут ауқаттанып алысты.

Esky tesikТау етегіндегі Жаман Қаба өзенінің бір айрығынан өтіп, ат шыға алатын жерге дейін көтерілді. Тура талтүсте діттеген жерге де жетті. Ермектің ұялы телефоны спутниктік байланыс арқылы қай жерде, қандай биіктікте келе жатқандарын дәл көрсетіп тұрды.

Бақытбек бұған дейін басқа тауларға да шығып жүргендіктен, байқағаны - 2300-2400 метр биіктікте қарағайлардың өздері аласаланып, сиректеніп барып жоғалады екен. Өсімдіктер де өзгеше, тарбақ болып кетеді. Таудың бел ортасына дейін көтеріліп, кесек қиыршық тас басталған жерде, биіктік теңіз деңгейінен 2460 метрді көрсетті. Жігіттер ары қарай аттарды тастап, жаяу көтерілді.

Алтайдың орта белдеуі болса, тау-шоқыдан тараған соқпақ-сүрлеу сан тарапқа жосыла жүгірер еді. Ондай сүрлеу мұнда атымен жоқ. Өйткені, адам аяғы тимеген!

Бір тастан бір тасқа секіріп, көбіне біресе оңға, біресе солға ирелеңдей жүріп, арасында ентігіп қалып, дем басып, көтерілгенше үш сағат өтті. Үшеуі де тауда өскен қарулы жігіттер десе де, біраз қиналуға тура келді.

Алтайдың маңайдағы биік тауларының көбі төменде қалды. Алыстан Марқакөл де көкпеңбек болып көрініп тұрды. Бұлар жеткен биікке бұрындары біреулер шығып, тастан белгі қойып кетіпті. Жігіттер де дәл солай, құздың қиыршық тасынан белгі жиды. Биіктік - 3030 метр! Қол созсаң – бұлтқа тиердей.

Бір кереметі - таудың ең биігіне жақындағанда шаршағаныңды ұмытып кетеді екенсің. Таудың қуаты, қасиеті бөлек қой, шіркін! Қарама-қарсысында да осындай биік Ақсубас деген құзды тау бар екен, оның биік баурайында екі жасыл, бір көгілдір түсті ерекше әдемі көлшіктер жатыр. Құз түбіндегі терең сайда биіктен қарағанда бейне ақ лента сияқты болып ирелеңдеп Қара Қаба ақкөбіктене ағып жатты. Алтай тауларының ерекше күш-жігер беретін әсерін бірден тілмен жеткізіп айту мүмкін емес!

Құздың батыс жағында тағы да осындай биік шыңдар қаздиып тұр. Солтүстік тұста төменде Қатонқарағайға асып түсетін Тарбағатай асуындағы Ирек аталатын жол, - австриялық тұтқындар қолмен қашап салған асу,- жатыр. Оның ар жағында мұнартып Алтайдың ең биігі - Мұзтау көзге шалынды. Бірақ Мұзтаудың басын бұлт торлап жатқандықтан, төменгі жағы ғана көрінді. Айналаның бәрі таулы-құзды сұлу табиғат.

Үш азамат шоқтығына жел жетпей, көк мұнармен көмкерілген шыңның ығында тұрып маңайды шолды. Неткен ғажап табиғат! Неткен сұлулық!

Жігіттер Төрқұз басында белгі қалдырған соң, табиғаттың осындай төресін мыңдаған жылдар бойы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап-сақтап ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп қалдырып келген ата-бабалардың аруағына АЛЛА деп қол жайып, құран бағыштады.

Tor kyzЕжелгі ата-бабаларымыз - сақтар, ғұндар, түркілердің де атамекені болған қасиетті де киелі Алтай!!! Тарихтың тәлкегімен бөлшектеніп, бір жағы көршілес Ресей, Қытай, Моңғол мемлекеттерінің еншісіне де өтіп кеттің-ау, сен...

Осыны ойлап тұрып, үшеуі мұндай керемет байлықты қорғап, келесі ұрпаққа аман жеткізудің аманат екенін, бұл аманаттың қаншалықты маңызды екенін ерекше түйсінді. Көңілді қатты алаңдатқаны - осындай табиғи ресурстарға бай сұлу өлкенің құлазып, елсіз жатқаны...

Ойларына еріксіз соңғы кезде Алтайдың Марқакөл өңіріне қаптап келіп жатқан көлденең көк атты алтын қазғыштардың өзен бойларын, тау аңғарларын өздері біліп, қазба байлықты ауыр техникасымен қопарып, астан-кестеңін шығарып жатқаны келді. Бүгінде Алтайдың Марқа өңірінде ғана сегіз компания қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр деседі.

Бұдан екі жыл бұрын Қалжыр өзенінің бойында “Cana stroi» деген серіктестіктің атынан ауыр техниканы қаптатып, жер қойнауының астан-кестеңін шығарып қазып жатқан бес қытай азаматы ұсталған. Сот серіктестіктің іс-әрекетін заңсыз деп тауып, айыппұл салды. Бірақ солар қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ. Жергілікті халық алматылық тағы бір кәсіпорынның Алтай қойнауындағы «Тасқайнатты», Марқакөлдің ең түкпіріндегі, Қытаймен шекаралас Шанағаты маңын, Қалжырдың бойындағы «Қаршыға» телімін де аямай қазып жатқанын күйзеліспен айтады. Бірақ заң органдарының оларға шамалары келмейді дейді...

«Ана Алтайдың аржағынан ақжал атым арқанын, Соза тартты ойнақтатып бойындағы бар қанын» демекші, Ақ Қаба, Қара Қаба, Арасан Қаба, Жаман Қаба, Нарын Қаба, Білезік, Алқабек, Теректі, Сарқырама, Ақбұлақ, Ашылы сияқты суы балдай тәтті тау өзендері сарқырай тасып, асау Қалжыр арқырай ағатын киелі Алтай төсін осылай аяусыз тілгілеген оспадарлардың қылығына тоқтау бола ма?

Үш жігіт  тау басынан ерекше рухтанып та, ел болашағына елеңдеп те, көп ойға батып оралды.

Қалаға көшкен өзге көпшілікпен өкшесі бірге көтеріліп, қарасы сиреп қалған қаймана ел болса, күнделікті күйбің тіршіліктерінен аса алмай, бейғам жатыр...

Sailau Toleuov

KandysuЕліміздің Шығыс аймағында 1745-1755 жылдар арасында бірнеше ірі шайқас болғандығы тарихтан белгілі. Солардың бірі – 80 күнге созылған Шорға шайқасы. Оған бүкіл қазақ батырлары Қабанбайдың қолбасшылығымен қатысып жеңіске жеткен. Абылайхан да , Қазыбек би де болған ол шайқаста..

Атақты Шорға шайқасында Қалмақтың Балды батыры қолға түсіп, қаза табады екен. Қабанбайдың соғысқа машықтанып, әбден сақа болған кезі деседі. Барлық жиылған би, батырлар қолбасшы етіп Қабанбайды сайлапты. Ол кезде Бөгенбайдың шау таптып қалған кезі дейді. Қолбасшылыққа ұсынған бірден бір сол екен Қабанбайды.

Қандысу, Тайжүзген деген қазіргі жер-су атаулары Шорға шайқасынан кейін қалған атаулар.

Қалмақты қойша қырды дейді жиылған қазақ батырлары. Өзен бойлап қашқанын суға батырып, қылышпен шауып, ер кіндікті кетпесін деп барлығын қырып салды. Сонда өзен қызыл қанға боялып ақты. Содан бері Қандысу атанған деседі. Шұрайлы жермен қалмақтар зарлап қоштасты, алып қашқан көп жылқысы Ертіске ағып кетті деседі. Қолға түскен Балды батырға Қабанбай: - тұлымыңды өз қолыңмен кесіп бер, қарусыз атқа мінгізіп тірі жіберейін депті.

Сауытсыз Қабанбайдың алдында тізерлеп отырған намысшыл Балды сол жерде өзінің тамағын өз қолымен орып жіберген екен.

markakolАсанбай деген байдың Марқа деген ақылына көркі сай сұлу қызы болыпты. Оған алыс-жақын ауыл жігіттерінің бәрі ғашық екен. Бірақ Марқа қыз ауылдасы, батыл да ержүрек, жылқышы Балағазы деген жігітпен сөз байласып жүріпті. Қызға сырттай ғашық болып жүргендердің бірі Жылымбай деген пасық жігіт өз қолы жетпейтінін біліп, қалмақтың ұрынхай тайпасының батыры Доланқараға барып, қыздың сұлулығын, бірақ жігіті барын айтады. Асанбайдың ауылын шауып, Балағазыны өлтіріп, малын Доланқара, қызын Жылымбай алмақшы болып келіседі. Жекпе жекте Доланқара өліп, Жылымбай мен тағы бір қарақшы Марқа қызды ұрлап алады да көлге лақтырады. Содан көл Марқа қыздың атымен Марқакөл атанса керек.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2023
Besucherzahler
счетчик посещений