kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Ескерткіштер
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Маңызды оқиғалар
ШҚО ауылдарының тарихы
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
Тәуелсіздік хроникасы
2021
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
Аудан паспорттары
Шемонаиха ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Семей қаласы
Риддер қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Алтай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Катон-Қарағай ауданы
Күршім ауданы
Көкпекті ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Бейнетоптама
Өңірлік мерзімді басылымдар
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Виртуалды көрмелер
Шәкәрім даналығы
#Әуезов125

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

ulydala ru

Тұрған жері Қарт Алтайдың бөктері

Шығысында елден алыс шеткері

Катонқарағай атты әсем өлке бар

Қысы ерте келетін, кеш - көктемі.

 

Белгілі - сол өлкеде орын тепкені

Өр Найманның Қаратайдай текті елі

Әбдікерім Ережепов болыс боп,

Шыңғыстайда елге билік еткені.

 

Тағдырының көп сүрлеуі, өткелі,

Кез боп заман - тар, аумалы-төкпелі,

Жаңа Кеңес үкіметі сыйғызбай

Белгілі оның Қытай асып кеткені.

 

Халкы үшін, белгілі - тер төккені,

Жастарына білім нәрін сепкелі

1907- жылы салдырған

Ескерткіш боп қалды артында мектебі.

 

Комаровты өз елінен шалғайға  

Жіберіпті «сенімсіз» деп айдауға,

Шыңғыстайдың мектебінде ұстаз боп

Ұзақ жылдар білім берді талайға.

 

«Өмір-өзен» деген мынау жалғанда.

Тағдыр солай жазған екен маңдайға,

Топырақ та Шыңғыстайдан бұйырды

Рухы оның калды мәңгі Алтайда.

 

Сұлтанмахмұт Торайғыров келіпті,

Ұстаз болып үш жыл сабақ беріпті,

Қайтқан екен келісе алмай болыспен,

Қосыла алмай қызына оның көрікті.

 

Ескеріліп кейін осы сапары,

Ақындықпен шыкқаннан соң атағы,

Әбдікерім салдырған сол мектепті

Сұлтанмахмұт есімімен атады.

 

Кеңес елі құлатып ақ патшаны,

Жалпақ жұртқа білім бере бастады,

Болыс салған мектеп енді аталды

«Мектебі» боп «кедей-шаруа жастары».

 

Келіп сонау қуғын-сүргін жылдары

Болған оның еш жазықсыз құрбаны

Көпке үлгі Шыңғыстайлық ұстаздар

Бетке ұстар қыздары мен ұлдары.

 

Сол лаңды соғыс ары жалғады,

Сабақ берер мұғалім де қалмады,

Қару ұстап ел корғауға аттанған

Қыршындарды соғыс өрті жалмады.

 

Соғыс бітіп, жанданып бар тіршілік,

Тар кезеңде қалған халық тұншығып

Есін жинап, жана өмірге талпынды

Жастар білім алуға бек құлшынып.

 

Білім берген жас ұрпаққа жан сала

Ұстаздар көп сыйлы болған баршаға

Шәкірттердің жүрегінде сақталар

Жылдар жылжып өтсе-дағы қаншама.

 

Есімдерін ел ұмытпай ардақтар

Әр кезеңде басшы болған саңлақтар

Озық етіп мектеп атын шығарған

Еңбектерін тарих өзі салмақтар.

 

Бұл мектептен түлеп ұшқан алуан

Түрлі маман иесі - ел таныған

Жазушы, ақын, әнші, ғалым, ұстаздар,

Спортшы да шыққан мықты балуан.

 

Түлектері - белгілі боп халықка,

Есімдері қалған мәңгі тарихта

Аманжолов Сәрсендейін ғұлама,

Бөкейұлы Оралхандай алып та.

 

Болыс салған мектеп зайырлы

Уақыт өтіп, тозғаннан соң жабылды.

Орнына оның қос кабатты, сәулетті

Типтік мектеп ғимараты салынды.

 

Соғып жаңа еркін қоғам самалы.

Коммунистік Кеңес елі тарады,

Қазақстан егеменді ел болып

Қазақ халқы түсті жолға саралы.

 

Қазақстан тарихы да жаңарды,

Үкіметтің шығып берік шешімі,

Бір ғасырдай болған білім бесігі

Шыңғыстайдың мектебіне берілді

Әбдікерім Ережепов есімі.

 

                                                     Автор Талғат Қашқынбаев

                                                        Өскемен каласы. 2010ж.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2023
Besucherzahler
счетчик посещений