kl kz



>
Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Ескерткіштер
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Маңызды оқиғалар
ШҚО ауылдарының тарихы
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
Тәуелсіздік хроникасы
2021
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
Аудан паспорттары
Шемонаиха ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Семей қаласы
Риддер қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Алтай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Катон-Қарағай ауданы
Күршім ауданы
Көкпекті ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Бейнетоптама
Өңірлік мерзімді басылымдар
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Виртуалды көрмелер
Шәкәрім даналығы
#Әуезов125

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

ulydala ru

Nesibbek aitulyМұзарт Мұқағалидан бозбала кезінде бата алған, мұзбалақ шағында «Бостандық жырының бозжорғасы» атанған көрнекті ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Несіпбек Айтұлының шығармашылық асыл арқауы ұлт рухының болмыс-бітімімен қабат өріліп, бірегей тұтастыққа ұласып кетуі бүгіндері өлеңді кие тұтқан қара орман халықтың бөлінбес ырысы сынды қастерлі құбылысқа айналды. Әр өлеңі әнге сұранып тұрған, толғаулары жыраулар сарынымен үндес, қара өлеңнің өрісін кеңітіп, тұлпар қанат бітірген, эпикалық кең тынысты поэмалары арқылы алаш тарихының алып панорамасын сомдаған ақын бүгіндері алдыңғы буын ағаларындай ұлтының ар-намысы үшін үн қататын қайраткер қаламгерге айналды.

Нәзік лирикалық жырларымен оқыр­­ман жүрегін жаулаған бұлбұл кө­мей ақынның қоғамдағы буырқанған әлеуметтік кеселдерді бетің-жүзің демей өткір сынайтыны оның азаматтық ашық көзқарасын білдірумен бірге, тегеурінді публицист қасиетін де танытады. Бұл сөзімізге құрыш қалам иесінің көкейкесті мақалалары мен сұхбаттары «Сарайымнан шыққан сөз» деген атпен жеке том болып жариялануы дәлел болады.

Айтұлы шығармашылығының өнімді бір қыры – оның аударма саласындағы қадау-қадау еңбектері. Ол – бауырлас халықтардың ақындарын қазақша сөй­летіп әдеби байланыстардың тамы­рын тереңдеткен тәржіма шебері. Тү­ріктің ұлы ақыны Жүніс Еміре, қыр­ғыз ақыны Т.Сыдықов, С.Жусуев секіл­ді көптеген ақындар, славян-қып­шақ­тардың арғы тарихынан хабар беретін «Игорь жорығы туралы жыр» поэмасы қазақ оқырманына сәтімен жол тартты. Әсіресе ақын Несіпбек Айтұлы ғұлама шайыр Әлішер Науаидың рухы жолында отыз жылдан бері жігер-қайратын арнап, классиктің дастандары мен ғазалдарын аударумен табыс­ты шұғылдануы – баршаға өнеге. Ол аударған Әлішер Науаи­дың «Ескендір қорғаны», «Ләйлі Мәжін» атты қос дас­таны – қазақ пен өзбек халықтарының ежелгі тарихтан бері еншісі бөлінбеген, рухы тұтас іргелі жұрт болғанын дәлел­дейтін алтын көпір сынды дүние. Ха­лықаралық Түркі академиясы қос дас­тан­ды «Хамса» деген атпен жариялап, оқырманға жеткізді.

Ақын өнернамасының шыңы – оның эпикалық кең құлашпен, суреткерлік парасатты толғаммен туғызған поэмалары. Оның тарихи тақырыпты толғаған поэмалар циклі – қазақтың ерлігі мен өрлігіне орнатылған алып монумент секілді сымбаты сырлы, айбыны асқақ дүние. Туындыгер ұлт әдебиетінде поэ­ма жанрын соны белеске көтеріп, ұзын саны отыздан астам кесек-кесек дастан туғызуы, жалпы жеті томдық жыр жинақ жариялауы табанды еңбекқұмарлығы мен жойқын дарын қуатының өлшемі секілді. Шайырдың қай дастаны болмасын ар-намысқа шоқ тастап, рухтың жанартауын оятатын құбылыс.

Несіпбек Айтұлы – тәуелсіздікті талмай толғайтын, ерлікті тынбай жырлайтын елдіктің жампоз жыршысына айналды. Тәуелсіздікпен бірге томағасы сыпырылған сұңқардай саңқылдаған ақынның тынысы кеңейді, өрісі ұзарды. Абайдың қайғысын шынайы сезініп, Алаш арыстарының асыл мұрасымен жалғанып:

«Отанның амандығы – ұлы бақыт,

Отанның қайғысы да – ұлы қайғы!» –

деп жырлаған ақын қазақтың ұғымында бұлыңғырланып, көмескі тарта бастаған Отан, ел, жер сияқты қасиетті ұғымдар төңірегінде толғады.

Әсіресе елдіктің бекем қазығына айналған айшықты астананың сәулеті шайырға шабыт қосты. Несіпбек Айт­ұлы­ның жуық жылдар мұғдарында жа­рық көрген поэмалары мен «Бәйте­рек», «Бөрітостаған», «Тоғыз тарау» деген жыр кітаптары соның айғағы.

«Ерлікке ескерткіш» деп аталатын кітабына енген «Ақмола шайқасы» мен «Ту» деген қос поэманың орыны ерек, тумысы бөлек.Бұдан бұрынғы дас­тандарында жоңғар шапқыншығы тұсында үште екісінен айырылып, ұлт ретінде құрып кетудің аз алдында қалған қазақ халқының қасіретті кезеңі мен кеңестік зобалаңның тақсыретін жырға қосқан Несіпбек Айтұлы жоғарыдағы поэмала­ры арқылы алапат дәуірдің тұтас эпикалық энциклопедиясын жасап шыққандай әсер қалдырады.

Жырсүйер қауымға жүректі тербеген нәзік те лирикалық әндерге жазған өлең жолдарымен де кеңінен танымал болған Несіпбек Айтұлы алдымен кең тыныс­ты, эпик ақын. Халықтың ауыз әдебиет үлгілерімен тұшынып, сусындап өскен, жыраулар поэзиясын бойына терең сіңір­ген арқалы ақын елдік пен ерлікті арқау еткен тарихи тақырыптарды, «байтақ жердің бір сүйемін жауға бермеген» батырларды көсіле жырлайды.

Өткенін білмеген елдің болашағы да бұлыңғыр. Тарихи сана – ұлттық сананы қалыптастырады. Осыны қаперде ұстаған ақын «еңсесін көтере алмай, бабалар рухын өкпелеткен» елдің ұланы ретінде тарихпен аяусыз беттеседі, сөй­тіп, жас ұрпақты өткеннен тағылым алуға шақырады.

«Кінәлап не табамын ол ғасырды,

Сеземін сырқыраған жамбасымды» –

деп жазған ақынның мақсаты өткенді жазғыру немесе оқиғаны сол қалпында жырлап беру ғана емес. Бұл ретте тарих­тың қойнауындағы шындықты іздей отырып, «ұрпаққа ақиқаттың ара-жігін ашып» көрсетуді, сол арқылы «ұйқыдағы ар-намысты оятуды» көздеген ақынға «өз-өзімен алысып, кең далаға сыймаған қазақтың» өткеніне көз жүгірту де оңай­ға соқпайды.

Тарих – өткенмен кектесу үшін емес, шындықпен беттесу үшін қажет. «Қазақтың өлісінің жаманы жоқ, тірісі­нің жаманнан аманы жоқ» деп ұлы Абай айтқандай, жауырды жаба тоқып, бәрін жылы жауып қоюға болмайды. «Тә­уелсіздік жолында құрбан болған арыс­тар да ұлы, оларға қарсы қару кезенгендер де жақсы» деген түсінік тарихқа жүр­мейді. Ащы да болса, ақиқат қымбат. Біз сол ақиқатты аршып ала отырып, оның тағылымынан дәріс алуымыз керек. Міне, ақын Несіпбек Айтұлының «Ақмола шайқасы» атты тарихи поэмасы да осы мақсатты көздейді.

Сахарада хандық жүйенің жойылуы – қазақты тәуелсіздігінен ғана айырып қоймай, оның тұтастығына да сына қағатын сұрқия саясат еді. Осыны жете түсінген Абылайдың даңқты ұрпағы қыспаққа түскен бөрідей аласұрды. Алайда

«Құзғынның төнгендігін қайдан білсін,

Қарғаның кіргеннен соң боққа басы» – деп ақын жырлағандай, парықсыздар мұны аңғара алмады. Ағайынның алауыз­­дығын ұтымды пайдаланғандар ақы­ры алып тынды. «Бөліп ал да, билей бер» қағидасын басшылыққа алған империя хан Ке­ненің басымен бірге еңсесі тү­сіп, егілген елдің еркіндігін бірге алды. Бұл ретте:

«Байрағы бостандықтың көзден тайды,

Басымен хан Кененің бірге құлап» –деп жазған ақын поэмада Ақмола үшін арпалысты суреттей отырып, Кене­сары хан мен оның серіктері Тайжан, Алыпқара, Басықара батырлардың ерлік істерін бүгінгі ұрпаққа үлгі етеді. Сондықтан «Ақмола шайқасы» – қанды қырғынға куә болған Қараөткелдің, арыс­тар арпалысқан Ақмоланың, түптеп келгенде, бүгінгі астананың тарихын тербейтін поэма.

Тарихи тақырыпқа қалам тарту – қашанда қиын. Өткенге қиянат жасамай, оқиғалар мен тұлғаларға дәл, әділ баға беру үшін көп жағдайда ақынның зерделі зерттеушіге айналуына тура келеді. Көркемдік шеберлігімен қоса поэма сюжетінің салмақты, оқиғасы ой­ға қо­нымды, нанымды һәм шынайы болып шығуы үшін автордың көп тер т­өгуі керек.

Расында, көлемді тарихи поэмаларды жазу барысында Несіпбек Айтұлының тынымсыз ізденетіні бірден байқалады. Ол тарихи жырлардың өне бойында қаншама батырлардың аттарын атап, реті келгенде елді мекендер мен жер-су атауларына түсініктер беріп отырады. Ел арасындағы құймақұлақ шежіре қарттардан естіген әңгімелерін тарихи деректермен шебер жымдастыратын ақын өлкенің өткеніне шолу жасап, оқырманның қолынан жетелеп отырады.

Сонымен қатар Айтұлы тарихтың ақтаңдақ беттері мен ашылмаған сырларына терең бойлап, астарына үңіледі. Ақын «Қазақ пен жоңғар неге қырқысты? Қазақ пен қырғыз қатынасы неліктен ушықты? Кезінде төрткүл дүниені билеген айбынды елдің аруақты ұлдары неге басқаға бодан болды?» деген сұрақтарға оқырманмен бірге үңіліп, көп жайттың бетін ашады.

Тарихты баяндаудың тәсілі көп. Мамандар мұрағат деректерін жариялайды, ғалымдар тарихтың терең қатпарына үңіліп, қазбалай зерттеп, ғылыми монографиялар шығарады. Дегенмен бұлар кейде бұқара халыққа жетпей жатады. Сондықтан, тарихты бұқара арасында насихаттау ісі де аса маңызды мін­деттердің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, ақын Несіпбек Айтұлының жауынгерлік рухымызды оятатын жалынды жырлары мен өткенге байыпты барлау жасайтын пайымды поэмалары ата тарихымызды ұлтымызға жеткізуге және оны жас ұр­пақтың санасына сіңіруге үлкен қызмет етуде деп ойлаймын.

Қазақ қашанда сөздің құдіретіне тоқтаған, арман-мұңын, бар ғұмырын жырға арқау еткен, қуанышын да, қайғысын да өлеңге сыйдырып, ұрпағына толғаумен аманат айтқан халық. Оның тағдыры мен тарихы, бұралаңы көп өмір жолы өлеңмен өрілген. Сондықтан ақынның тарихтың қойнауына жол тартқан жыр жолдары жадымызда жаң­ғырып, ұлттық санамызға қозғау салады. Несіпбек Айтұлының поэмаларын оқып отырғанда, Абылай хан бас­таған қазақтың қалың қолы атой салып, қанжығалы Бөгенбай, қаракерей Қабанбай, шанышқылы Бердіқожа, шапырашты Наурызбай, керей ер Жәнібек сынды айбынды ерлер тұс-тұстан ат қойғандай аруақтанып кетесің.

Бұрын қазақ ақынды әр дәуірге сай абыз, шешен, жырау, жыршы, шайыр деп атаған. Бертінде қолданысқа енген ақын – «ахун» деген сөзден шыққан. Ол медіресе тәмамдаған, көкірек көзі ояу, ғұлама білімдар, кісілікті, рухани тұлға деген мағыналарға келеді. Осы тұрғыдан алғанда, шешен сөз бен шежіре деректі шебер қиыстыра білген, елдік мүддені көздеп, тәуелсіздік пен тұтастықты жырлаған Несіпбек Айтұлы – шын мәнінде ақын.

Ақындық парызды азаматтық ұста­ным­мен ұштастырған Айтұлы басы­мызға бақ болып қонған тәуелсіздігімізді және сол тәуелсіздік жолында жанын қиған арыстарымызды талмай жырлап келеді. Елді біріктіретін, ұлтты ұйыс­­тыратын рәміздер де ақынның на­зарынан тыс қалған емес. Ақын шы­ғар­­машылығының алтын арқауына айналған сол үрдісін жалғастырып:

«Төбеңнен елдік нұрын тұрған құйып,

Өмірде ешнәрсе жоқ тудан биік!» –деп, «Бостандық Байрағын» асқақтата жырлайды. Ол өткеннің өнегесі туралы сөз қозғай отырып, бүгінгі ұрпақты «туға тағ­зым етуге» шақырады. Туға тағзым – тә­уелсіздікке тағзым. Бұл орайда ақын­ның:

«Жығылмас ешқашанда елі жарға,

Алдында ту ұстайтын Ері барда!

Көтеріп алып Байрақ қазақ отыр,

Тілегін аңсап күткен беріп Алла!» –деген жыр жолдарын оқып отырып, ел тәуелсіздігінің баянды болуын тілейсің.

Ту қашанда тәуелсіздіктің, мемле­кет­тіктің басты рәмізі саналған. Ұлы дала төсінде батыр бабаларымыз бөрілі байрақтың төңірегіне топтасып, азат­тық үшін жан алысып-жан беріскен. Сол даңқты ерлердің асыл аманатын асқақ­татып, бүгінде астана төрінен еліміздің бас байрағы – алып Ту көкке көтерілді.

Тәуелсіздік жолында құрбан болған арыстарға арнап «сөзден ескерткіш» орнатқан арқалы ақын осы бір жинағын «Ерлікке ескерткіш» деп атауында да терең мағына бар. Ерлік пен елдікті, тумен тәуелсіздікті жырға қосқан Несіпбек Айтұлы осы арқылы бас байрағымыз тігілген астанаға да жырмен ескерткіш орнатып отыр. Бұны ақынның:

«Астана – ескерткіштің ең ұлысы,

Ұлт үшін құрбандардың барлығына!» – деген сөзі де қуаттай түседі.

Бұрын қазақта туға арналған поэма болған емес. Көрнекті ақын Несіпбек Айтұлының ерлік пен тектілікті арқау еткен, қасиетімізді ұлықтап, қастерлімізді құрметтеген бұл поэмасы да рухымыз­ды асқақтатып, елдік санамызды орнық­тыруға оң ықпал ете береді.

Дархан Қыдырәлі

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2023
Besucherzahler
счетчик посещений