kl kz



>
Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Ескерткіштер
Тәуелсіздік хроникасы
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Маңызды оқиғалар
ШҚО ауылдарының тарихы
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Семей қаласы
Риддер қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Алтай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Глубокое ауданы
Жарма ауданы
Зайсан ауданы
Катон-Қарағай ауданы
Күршім ауданы
Көкпекті ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үржар ауданы
Шемонаиха ауданы
Бейнетоптама
Өңірлік мерзімді басылымдар
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Виртуалды көрмелер
Шәкәрім даналығы
#Әуезов125

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

ulydala ru

Биылғы жылы алаш қозғалысының 100 жылдығы республика көлемінде кеңінен аталып өтуде. Осыған орай алаш қайраткерлерін ардақтап, өткенімізді екшелеп, тарихтағы ақтаңдақтарды қалпына келтіру бүгінгі ұрпақ парызы.

SrtanovҮш жүзге жуық алашордашы зиялы қауымның ішінде әлі де өз дәрежесінде зерттелмей келе жатқан тұлғалардың бірі– Барлыбек СЫРТАНОВ. Дегенмен оның есімі құқықтанушыларға жақсы таныс. Өйткені ол – Қазақ мемлекетінің алғашқы Ата Заңының авторы. Өкініштісі, оның қаламынан шыққан «Қазақ елінің уставы» ол кезеңде жүзеге асқан жоқ. Кеңестік тоталитарлық жүйеде бұл тіпті де мүмкін емес жағдай болатын. Дегенмен, тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясында, өзге де Заңдарымызда Сыртановтың идеялары көрініс тапқаны шындық.

Барлыбек Сыртанов 1866 жылы Жетісу губерниясы Қапал уезінің Арасан болысындағы Қарашоқыда елді мекенінде туған. Әкесі Сыртан ел ішінде турашылдығымен, өткірлігімен көзге түскен, ақыл –парасаты мол, батыр адам болған екен. Заман ағысын аңғара білген, Сыртан батыр Тұрлыбек пен Барлыбек есімді екі ұлын 1877 жылы Верный қаласында ашылған ерлер гимназиясына оқуға береді. Тұрлыбек денсаулығына байланысты гимназияның 4 класын бітірісімен Ресейдің Шәуешектегі консулдығында тілмаш болып орналасады. Ал, Барлыбек 1886 жылы гимназияны үздік бітіріп шығады. Мектеп директоры Д.Новак шәкіртінің оқуға деген таудай талабын байқап, Жетісу облысының губернаторына Барлыбектің оқуды университетте жалғастыруы үшін қаражат бөлуін сұрайды. Жетісу әскери губернаторы өтінішті қабыл алып, Барлыбек Сыртановқа арнайы стипендия тағайындайды (ҚР ОМА, 64-қор, І-тізім, 2911-іс, 4-бет).

Сөйтіп Барлыбек Сыртанов 1886 жылы Санк-Петербург университетінің шығыстану факультетіне оқуға түседі. Барлыбек оқыған кезде Санк-Петербургте Мәмбетәлі Сердалин, Бақытжан Қаратаев, Абдолла Теміров, Бақтыгерей Құлманов секілді қазақ жастары «Жерлестер» атты ұйым құрады. Олар әрдайым елден оқу іздеп келген қазақ жастарына қол ұшын беріп, революциялық мазмұндағы еңбектер мен астыртын әрекеттерді талқылау үшін басқосулар өткізіп отырған. Қазақ даласында мәдени-ағартушылық ісін дамыту, елді оқу-білімге тарту, т.б. тақырыптарды талдап, пікір алмасу өткізген. Санкт-Петербургте білімін ұштап, ұйымдастырушылық қабілетін жетілдірген Барлыбек 1890 жылы университетті бірінші дәрежелі дипломмен үздік бітіріп шығады (С.Өзбекұлы. Барлыбек Сыртанов. Алматы 1996. 26 б).

Оқу бітірген соң Барлыбек Сыртанов 1891 жылы Ташкент қаласында Түркістан генерал-губернаторының қазыналық палатасында столоначальник болып қызметке қабылданады. Жетісу әскери губернаторлығының облыстық басқармасында 1894 жылы іс жүргізу бөлімімінің меңгерушісі, кейін ерекше тапсырмалардың кіші чиновнигі қызметін атқарады. (ҚР ОМА 44-қор, І-тізім, 55425-іс, 1-3 беттер, 55418-іс, 9-бет)

Барлыбек Сыртанов Ресей патшалығының билік жүйесінде қызмет еткенімен  орыс чиновниктерінен және қазақ бай-манаптарынан жәбір көрген қарапайым халық мүддесін қызғыштай қорғайды. Барлыбек туған елінің көзін ашу үшін Ахметкәрім Зейнулин деген азаматпен бірігіп, Қазан қаласынан 3 пұтқа жуық араб әрпін алдыртып, «Семереченские областные ведомости»  газетінен «Туземный отдел» атты айдар аштырады. Бұл бөлімде көшпелі қазақ елінің аянышты тұрмысы, жердің тарылуы, отарлық саясаттың зардабы туралы мәселелер көтереді. 1905 жылы Патша өкіметі барлық мешіттерде Николай ІІ патшаның суреті ілінуі керек деген нұсқау шығарады. Барлыбек Сыртанов бұл жарлыққа қасқайып қарсы тұрады. Мұсылмандар толқуының басында, ел алдында аса беделді Барлыбек Сыртанов тұрғандықтан, губернатор нұсқауды лажсыз тоқтатады. Ресей мен Қытай билігі 1903-1907 жылдар аралығында шекара межесін қайта қарағанда Барлыбек Сыртанов бұл іске белсене араласады. Қазіргі Алматы облысының Қытаймен шекарасы Барлыбек Сыртанов белгілеуімен анықталады.

Қазақ халқының мұсылманшылықпен қатар еуропалық білімнің қажет екендігін түсінген Барлыбек Сыртанов Жетісудағы ағарту ісіне де белсене араласады. Қапалдағы өзінің ауқатты жерлестері Маман құттың балалары салдырған медресенің жадидтік бағытта білім беруіне ықпал етеді. «Айқап» журналы арқылы «Мамания» медресесіне оқымысты азаматтарды тартады. Верный гимназиясына қазақ балаларын көптеп тартып, соның арқасында Мұхаммеджан Тынышбаев, Салық Аманжолов, Базарбай Мәмбетов, Нүсіпбек Жақыпбаев, Қанай Боранбаев, Ораз Жандосов, Жұбаныш Бөрібаев, Ысқақ Дүйсенбаев секілді кейіннен ірі қайраткерлер болып танылған азаматтар оқу бітіріп шығады.

Столыпиннің жер реформасы кезінде қазақ жерін талан – таражға салуды тоқтатуға арналған қазақтар жиынын өткізіп, ұлы державалық, шовинистік ұранға қарсы үн қосады. Қазақ жерін сақтап қалудың негізгі жолы – Орталық Ресейден қазақ жеріне жаппай қоныс аударуды тоқтату қажет екендігін түсінді.

Қазақтың шұрайлы, сулы-нулы жерлері күшпен тартып алынып, орыс қара шекпенделеріне беріле бастағанда Барлыбек Сыртанов бұл басқыншылыққа үзілді-кесілді қарсы тұрады. Қазақ зиялылары бас қосқан 1905 жылғы Қарқаралыдағы Қоянды жәрмеңкесінде Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаевтармен бірге Барылбек Сыртанов та Қазақ ұлтының жерге қатысты және өзгеде құқықтарын талап етіп Патшаға петиция жазады.

1911 жылы Жетісудағы қазақ-қырғыздың жер және өзгеде зар-мұңын талап етіп Санк-Петербургке барып, ұлықтарға шағым түсіреді. Сол жылы Санк-Петербургте қыстаған Барлыбек Әлихан Бөкейхановпен кездеседі. Ә. Бөкейханов Барлыбектің ақжарқын, кеңпейіл мінезіне, асқан білімділігі мен парасаттылығына, қарапайымдылығына тәнті болған екен.

Барлыбек Сыртанов - мамандығы шығыстанушы болғанымен заң, құқық мәселелерімен терең айналысқан қайраткер. Барлыбек 1911 жылы Санкт –Петербург кітапханаларының бай қорын пайдалана отырып, Әлихан Бөкейхановтың тапсырысымен Қазақ елінің алғашқы Конституциясын («Қазақ елі уставы», 1911жыл, С.- Петербург С. Б. Алашинский) жазып шығады Уставтың негізгі идеясы - Қазақстанды Ресей отарынан шығару, және дербес, тәуелсіз мемлекет құру. Бұл идеяны соғыссыз, қақтығыссыз парламенттік жолмен сьезд шақырып, халық сайлаған депутаттар шешімімен қабылдауды басты мақсат етіп қояды. Сот билігіне, әйел бостандығына, жеке адам құқығына, ел басқару ісіне тоқталады.

Осы еңбегінде Б. Сыртанов адамзатты ежелгі заманнан бері толғандырып келе жатқан жер мәселесіне тағы да қайта оралды. Құжаттың ІІІ тарауы осы жер мәселесіне арналған терең мағыналы үш баптан тұрады. Уставта  «Қазақ жері оның меншігінде болады. Қазақ елінің жері саудаға түспейді, құдай оны адам баласы пайдалану үшін жаратты.» - деп атап көрсетті. 19 бабында «жердің кені, орман, су, көлі һәм таулары қазақ елінің иелігінде. Мал жаю, егін өсіру, үй салу, жерді өңдеу, һәм пайдалы іс мақсатында қазынаға қайтару хүкмет рұқсатымен болады.»- деп тұжырымдаған. Б. Сыртановтың ХХ ғасырдың басында көтерген жер мәселесіне қатысты ой –тұжырымдары бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда да өзінің өзектілігін жойған жоқ. 28 баптан тұратын «Қазақ елінің уставы» - тәуелсіздікті қағаз жүзінде жариялаған болашақ егемен Қазақ мемлекетінің Негізгі заң жобасы болғаны ақиқат.  

Елге оралғаннан кейін Барлыбек Сыртанов қарап жатпай «Айқап» журналына публицистикалық мақалалар жазып, көптеген келелі мәселелер көтерді. Мысалы «Замана шалдары» атты мақаласында 70-80-ге келген шалдардың өрімдей балиғатқа жаңа толған қыздарға үйленуін сынап фельетон жазады (Айқап, 1912, №13).

Қазақ даласында жүріп жатқан өзгерістерге байланысты жалпы қазақ сеьзін өткізу туралы ойларын баспасөз арқылы халыққа жеткізеді. Ауылдардың өзін-өзі басқаруын мақұлдап, «Ынтымақ ережесін» жазды. Науқасына байланысты Қапалға келіп қымызбен емделген кезінде Жетісудағы минералды су көздері бар жерлерден «Арасан», «Барлық-Арасан» санаторийнің ашылуына мұрындық болған да осы Барлыбек Сыртанов екен. Ал халық арасындағы қоғамдық, мәдени қызметі де сан қырлы.

Өкпе ауруынан айықпаған Барлыбек Сыртанов 1914 жылы 48 жасында Қапалда қайтыс болады.

Биылғы жыл - алаш жылы. Алаш арыстарының қай-қайсының өмірі мен қызметі жас ұрпақты отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеуде таптырмайтын өнегелі өмір. Барлыбек Сыртановтың еңбек жолын, артында қалған мол мұрасын тыңғылықты зерттеген құқықтанушы-ғалым Сәкен Өзбеков екендігін айта кету жөн. Ғалымның еңбектері арқылы алаш арысы Б. Сыртановтың өмірін өскелең ұрпақ тәрбиесіне жарату – егемен еліміздің тарихын жаңаша зерделеп жатқан тұста аса маңызды.

З. Мұхтарханқызы

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық

кітапханасының өлкетанушы-библиографы

Пайдаланылған әдебиеттер:

Өзбекұлы С. Арыстары Алаштың [Мәтін] : Тарихи очерктер / Өзбекұлы С. - Алматы : Жеті жарғы, 1998. - 192 б.

Өзбекұлы С. Барлыбек Сыртанов [Мәтін] / Өзбекұлы С. - Алматы : Жеті жарғы, 1996. - 112 б.

Өзбекұлы С. ХVІІ ғасырдың соңы- XX ғасырдың бас кезеңінде Қазақстандағы саяси- құқықтық ой-пікірдің тарихы және қайраткерлері [Мәтін] : Автореферат / Өзбекұлы С. - Алматы : Б.ж., 1997. - 52 б.

Дулатбеков Н. Алаш ардақтылары: Санк-Петербург іздері [Мәтін] / Н. Дулатбеков. - Алматы : Таймас, 2013. - 240 б.

Ақыпбекұлы Ө. Барлыбек Сыртанов [Мәтін] / Ақыпбекұлы Ө. // Егемен Қазақстан. - 2006. - 26 сәуір.- Б.9

Өзбекұлы С Алаштың азаттығын аңсап өткен:XX ғ.басындағы қоғам қайраткері Барлыбек Сыртанов туралы сыр [Мәтін] / Өзбекұлы С // Егемен Қазақстан. - 1996. - 9 сәуір

Сырттанов, Барлыбек. Қазақ елінің уставы [Мәтін] : [Тұңғыш қазақ конституциясы туралы.] / Б. Сырттанов // Ертіс өңірі . - 2015. - 26 тамыз.- Б.10.

Н.Байгелова. С.Өзбекұлы. Қарқаралы петициясы және Қазақстан конституционализмнің дамуы. - Алматы, 2007. 65б.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2022
Besucherzahler
счетчик посещений