kl kz



>
Укладка ламината на пол. Быстрая укладка ламината своими руками видео. Укладка ламината по диагонали. Пробковое покрытие для пола. Качественная укладка пробкового пола. Пробковый пол плюсы и минусы. Смеси для выравнивания пола. Быстрое выравнивание бетонного пола. Выравнивание пола стоимость. Самоделки для дома. Лучшие самоделки для дома своими руками. Полезные самоделки для дома. Как обустроить кухню. Как обустроить маленькую кухню быстро. Как обустроить кухню фото. Как открыть свой магазин. Хочу открыть магазин с большим капиталом. Сколько стоит открыть магазин. Диван своими руками. Как сделать диван своими руками для дома. Диван своими руками чертежи. Дизайн маленькой кухни. Красивый дизайн интерьера кухни фото. Малогабаритные кухни дизайн.
Аудан паспорттары
Шемонаиха ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катон-Қарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Өңірлік мерзімді басылымдар
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Ескерткіштер
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Маңызды оқиғалар
ШҚО ауылдарының тарихы
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
Тәуелсіздік хроникасы
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Бейнетоптама
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Виртуалды көрмелер
#Әуезов125

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

ulydala ru

KatonkaragaiКатонқарағай ауданы еліміздің ең шығысында жатса да оның аты бүгінгі күні дүниенің төрт бұрышына танымал болғаны баршаға аян. Ауданымыздың атағының осыншалықты дүркіреп шығуы оның Алтай тауларының қойнауында, қайталанбас әсем табиғат аясында орналасқандығы, сондай-ақ елімізден шыққан Оралхан Бөкей, Қалихан Ысқақ, Әлібек Асқаров, Дидахмет Әшімханов және тағы да басқа жерлес ақын-жазушыларымыздың шығармалары көптеген тідерге аударылып төрткүл дүниеге таратылуы. Еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейін ауданымызда құрылған Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Берел қорық мұражайының да ауданымызды танымал етуге қосып жатқан үлестері зор. Ауданымызың атын естіп, керемет құндылықтарымызды көңіл таразысына салған әрбір пенде «Катонқарағай» деген атаудың мағанасын білуге де құмартады. Соңғы кездерде Катонқарағай атауының шығуына байланысты бұқаралық ақпарат беттері мен әлеуметтік желілерде көптеген пікірлер жазылуда. Катонқарағай атауындағы «қарағай» сөзі баршаға түсінікті болғанмен, «катон» сөзінің шығу тегі бойынша сан түрлі пікірлер айтылуда. Сол пікірлерді жүйелеп, үш түрлі нұсқаны ұсынуға болады.

Филология ғылымдарының докторы Айтым Әбдірахманов «Топонимика және этимология» атты еңбегінде: «бұл сөз орыс тілінде Катонкарағай деп аталып, қазақ тіліне қайта әсер етіп, Қатонқарағай делініп кеткен. Атаудың құрамындағы қатың сөзі - көне түркі тілінде қазіргі қазақ тіліндегі қайың (береза) сөзінің көне варианты. Орта ғасырда М. Қашқари заманында бұл сөз қазың түрінде болған (М. Қашқари, Дивани. Ташкент, I том, 68 беті, III том, 380 беті). Бұл сөз якут тілінде және Сібірдегі кейбір түркі тілдері мен диалектілерінде хатың түрінде (К.Ф. Гриценко. Якутские топонимы на – лах. Языки и топонимя Сибира. Томск, 1966, Стр 44), хакас тілінде хазын (М.А. Абдрахманов. О составе // Ученье зап. ТГПИ, том XX вып. 2. Томск, 1962, стр.118) алтай, қазақ тілдерінде қайың түрінде кездеседі. Ендеше, бұл сөз қатың > қадың > қазың > қайың түрінде фонетикалық өзгеріске түскен деуге болады. Оның ескі және дыбыстық жағынан өзгерген түрі көптеген түркі тілдерінде сақталған. Н.К. Дмитриев түркі тілдеріндегі р // д // т // з // й // дыбыстарының сәйкесетінін айта келіп, қадуң // хатың // қазың // қайың // (береза) сөздерін мысалға келтіреді. Өзге түркі тілдерінен оқшау қалған якут тілінде бұл сөздің ең көне хатың түрі сақталып қалуы да заңды. Бұл маңды мекендеген көне түркі тайпаларының көне тілінде қазіргі тіліміздегі қайың сөзі қатың аталғаны осы топонимде сақталған. Ал, атаудың Қатонқарағай түріне ауысуына орыс тілінің әсері ғана емес, бірінші және үшінші буындағы ашық а дыбыстарының ортадағы ы дыбысын ашық о дыбысына өзгеруінде әсер еткен тәрізді. Сонда бұл атаудың мағынасы “қайың - қарағай” деген қос сөз болса керек [12, 100-101]. – деп жазады.

Мемлекеттік силықтың иегері, жерлес жазушы Қалиқан Ысқақ «Келмес күндер елесі» роман-эссесінің «Атажұрт» атты тарауында Катонқарағайды Қатынқарағай деп атағанын: «Бұқтырманың егізіндей іргедегі Қатын өзені Биді асып-тасып жатыр. Одан әрі жылжысақ - Енесу. Енесу Ұлы – Енені (Лена) итеріп мұхитқа апарып құяды. Осы атаудың бәрі АНА дейтұғын қасиетті ұғымнан сабақталған. Осы атаудың бәрі ҚАТЫН дейтұғын қадірлі титулдың құдіретін аспандатып, Тәңірге теңгермесе де әулиедей пір тұтқан. Артымызды жонып тастап, ардақтымызды шауып тастап, мәдениетімізді, ерімізді тарихымызды бабасының мұрасындай еншілеп кететін отаршылар озбырлықпен Қатынқарағайды Катонқарағай, Қатынсуды Катунь, Енесуды Енисей, Ұлы Енені (Великая мать) «Ұ» қарпін ұялмастан жұта салып Лена деп теріс айналдыра қойды. Бүгінде «қатын» десе қағынып кететіндей қадірлі сөзден ат-тонын ала қашатын ұрғашы атаулы, қатын қазақта тек хандар мен сұлтандардың отбасында ғана болғанын, «қатын» деген титулды ілуде-біреудің ғана маңдайына жазғанын білер ме екен?...» - деген ғылыми танымдық сипатымен,эмоциялық көркемдік қуаты ерекше үзіндіден көруге болады.

Катонқарағайды Қатынқарағай деп атау Оралхан Бөкейдің шығармаларында да кездеседі.

Осы орайда, орыстың оқымысты-географы, топономист, география ғылымының докторы Эдуард Макарович Мурзаев Ресей, Қытай, Моңғолия мемлекеттеріндегі атаулары «катун», «хатан» болып келетін өзен аттарын тізбелей келе, бұл сөз енисей жазбаларында “өзен” деген сөз ретінде кездесетінін жазады.

Мемлекеттік силықтың иегері, жерлес жазушы Әлібек Асқаров «Мұзтау» атты шығармасында: «Катунь өзенін біздің қазақ «Қатынсу» деседі. Бұл Қатынсудың Катонқарағайға, яғни Қатынқарағай мен Қотанқарағайға еш қатысы жоқ. Катонқарағайдың «Қотан қарағай», яғни «топ қарағай» ұғымынан шыққанын зерттеушілер дәлелдеген. Ал Катунь атауына келер болсақ, бұл гидроним төркінін мамандар көне түркі тілінен іздеп табады. Көне түркі ұғымында «қадын» – «мәртебелі», «ақсүйек әйел» деген мағынаны береді екен. Белгілі орыс саяхатшысы П.М.Чихачев (1830-1917) «Путешествие в Восточный Алтай» атты кітабында Катунь атауы туралы былай деп жазады: «У некоторых тюркских народов этот термин имел более широкое значение, так как он употреблялся в смысле «владычица». Поэтому реке и дано название «Катунь» – «царица река». – деген үзіндіні кездестіруге болады.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Бердібек Бияров кітаптарында: «Катонқарағай ауданындағы «Катонқарағай» елдімекенін кейбір жазушы, зерттеушілердің Қатынқарағай деуінде ешқандай ғылыми негіз жоқ. Бұл атау қотан+қарағай сөздерінен жасалып, орыс тілінде катон түріне бұрмаланып кеткен. Тура мағанасында «қойдың қотанына ұқсап топтанып, дөңгеленіп өскен қарағай» дегенді білдіреді. Қотан сөзі көне түрік тілінде «топ», «дөңгелек», «қой қора» мағаналарын берген. Елді мекен орналасқан жерде топ-топ болып жіңішке қарағайлар өскен екен. 1936 жылға дейінгі карталарда және Р.Закржевскийдің жазбасында Катон-Карагай деп анық жазылған. – деп, Әлібек ағаның пікірін қолдайды.

Жоғарыдығы жазбалардан Катонқарағай атауының түп төркіні қайың+қарағай, қатын+қарағай және қотан+қарағай сөздерінің бірінен шыққаны анық. Енді Қатонқарағай атауының тарихи кітаптарда, жазбаларда жазылғанына шолу жасап өтсем: 1864 жылғы Шәуешек келісіміне дейін Ресей мен Қытай арасындағы шекара Бұқтырма өзенінің бойымен өтетін, өзенінің оң жағалауы Ресей мемлекетінің ал сол жағалауы Цин империясының қарауында болды. Шәуешек келісімінен кейін Бұқтырма өзенінің жоғарғы бөлігі мен сол жағы, Күршім, Зайсан көлі және Тарбағатай таулары Ресейдің қарауына көшеді. Сондықтан 19 ғасырдың 60 жылдарына дейінгі орыс саяхатшылары мен зерттеушілерінің жазбаларында Катонқарағай атауы кездеспейді. Шәуешек келісіміне 1864 жылы 25 қыркүйекте қол қойылып шекараны белгілеу 1865 жылдың мамыр айынан бастап жүргізіледі. Орыс географы, әскери генерал, Омск әскери округі штабының басшысы Бабков Иван Федерович бастаған топ 1865 жылдың мамыр айының ортасында шекараны белгілеу үшін қытайлардың Шыңғыстай қарауыл бекетіне келіп, Өрел, Үкек бекеттеріне дейін барады. Осы сапары туралы «Вспоминание о моей службе в Западной Сибири 1859-1875 г.» еңбегінде жазылады, онда мынадай деректер кездеседі: «По собранным мною в то время сведениям, местами для основания наших оследлых водворении могли служить следующия местности: 1) на р. Сарымсакты и на ур. Котон-Карагай, в половине расстояние между дер. Черновой и Медведкой; 2) на правом берегу р. Бухтармы по р.Березовке; 3) при слиянии р.Язевки с. Берелю.» Бұл деректен келіп қоныстанатын орыстарға ауыл орындарын белгілегендігін көреміз. Ол кезде Катонқарағай елдімекен атауы емес жердің атауы болғандығын және оны Котон-Карагай деп атағандығын көреміз. Американдық журналист, саяхатшы әрі жазушы Джорж Кеннанның   «Сибир и ссылка» кітабында «Станция Алтай, или Котон-Карагай, как ее зовут киргизы, находится на высоте почти 3.500 фудов в верхней части плодородной горной долины, извесной под именем долины Бухтармы.» - деп жазады. Бұл жазбадан Котон-Карагай деген қазақтардың (ол кезде қазақтарды қырғыздар деп атаған) қойған атауы екендігін көреміз. 19 ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырдың басындағы орыс саяхатшылары мен зерттеушілерінің еңбектерінен Катонқарағайды «Котон-Карагай» деп жазған көптеген деректерді келтіруге болады. Осы деректер негізінде Катонқарағай атауы Қотанқарағай деген сөзден шыққан деп қорытынды жасауға болады. 

Суретте Алтай станциясында (Катон-Қарағайда)

салынған казарма, 1870 жыл.

 

Бралинов Дүйсен, өлкетанушы

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2023
Besucherzahler
счетчик посещений