kl kz



>
Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.
Аудан паспорттары
Шемонаиха ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катон-Қарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Өңірлік мерзімді басылымдар
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Ескерткіштер
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Маңызды оқиғалар
ШҚО ауылдарының тарихы
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
Тәуелсіздік хроникасы
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Бейнетоптама
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Виртуалды көрмелер
#Әуезов125

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

ulydala ru

Akkainar( Аққайнар-Чернова ауылының ауыл атауы мен қоныс аударушы орыс ұлты туралы дүниеден өткен ауыл қарттарының айтуы бойынша қағаз бетіне түсірілді. )

«Егер сіз осынау таңғажайып өлкеге – табиғаттың арда төлі ардақты Алтайға бармасаңыз ...» деп басталатын сыршыл Оралхан Бөкейдің шығармасын оқыған болсаңыз, сол Қазақстанның ең шеті, ең сұлу аймағы Алтайдың алтын алқасы саналар Катонқарағайдың бұрымы іспетті асау Бұқтырманың сол жағасына қоныс тепкен бір қауым ел – Аққайнар ауылының тұрғындары.

Көнекөз қариялардың айтуынша 18 ғасырдың соңын ала Қаратай ұрпақтары осы мамыражай өлкені қоныс еткен. Ал орыстың қоныс аударушылары 1850 жылдардан бастап келе бастаған. Бірнеше лекпен көшіп келген орыс мұжықтары бұл жерді өздері иемденіп, ауылдың атын Черновое деп қойған. Бұл атаудың неге, неліктен қойылғаны даулы мәселе. Біреулер ауылды жарып ағатын өзен қаралтым болып ағады, соған байланысты десе, енді біреулері Ресей Думасының депутаты болған Чернов деген адамның атына сәйкес қойған деседі. Бұрын орыс қоныс аударушылары таудан ағып түсетін қара сулы өзенді Черновая деп атаған деседі. Ол өзеннің тарихи атауы Шу болған деген дерек те бар сияқты. Ауылдың жанында қыста қар тоқтамайтын, желді Қарадала жер телімі бар болғандықтан да айтылуы мүмкін деген айтылған.

Негізінен Чернова Шу өзені мен асау Бұқтырманың жағалауында орналасқан. Бұл Шу өзені бойында орналасқан мекенді Шу қаласы деп атап кеткен. Бұл араны ежелден–ақ Дәулет Едіге баласы Қазанғап мекендеген. Ол көп мал ұстаған, бертін келе егін салумен айналасқан кісі бопты. Осыдан 1850 жылдар шамасында мұнда  орыс қоныс аударушылары көшіп келе бастаған. Ең алғаш Первов, Барсуков бастаған 17 адам келген. Сөйтіп мұжықтар осы ауылда қарағайдан қиып үйлер сала бастаған. Ол үйлердің жұрнағы күні бүгінге дейін бар. Одан соң ағаш шіркеу, су диірмені, тері илейтін заут, дүкен салынды. 1880 жылы Купин, Шишкин бастаған тағы 20 үй көшіп келген. Уақыт өткен сайын селоның көлемі ұлғая түсті. Содан орыс біткен жиналып, селоға Бийск қаласында тұратын Ресей Думасының депутаты Черновтың есімін беруді ұйғарысады. Содан бері бұл атау өзенге де беріліп жылдар бойы аталып келеді. 1905 жылы Смоленск қаласынан «смоленщины» деген атпен орыстар келіп қоныстанған. 1990 жылы Пахомов, Шилкин деген орыс азаматтары келіп, бай –кулактармен күресетін партизан отрядын құрған. Барсуков Ф.К Чернованы басқарған. Ол ауылға екі қабатты үй, ал 1914 жылы Бұқтырмаға көпір салғызды. Пепелевтің басқаруымен Мелкозеров былғары зауыты салынса, 1914 жылы Безделев деген адам Черновадағы алғашқы ақ дүкенді салғызды.

1918-19 жылдардағы төңкерістерден кейін бүкіл болыс-билер орнынан алынды. 1919 жылы Чернова селосы ақтардан азат етіліп, атаман Бессоновтың әскері Жоғарғы Березовка (қазіргі Қайыңдыға) шегінді. Алтайдың «Қызыл тау қырандары» полкі ақтардың қалдықтарын «Үкек», «Өндірбүйрек» деген жерде біржолата құртқан. 1920 жылдардан бастап Черновада тек орыстарды ғана біріктірген «Черновинское волостное управление» құрылып, бұған 42-45 ауыл кірді, 32 староста болды. Ауылға қазақтар көшіп келе бастады. Поломешкин деген бай көпес те осы жылы қоныс аударды. Сол жылдары орыстардың 40-тай баласы Черновадан атпен қатынап, Шыңғыстайдағы мектепте оқыды.

Қожагелдин Омар, Базарбаев Бейімбек, Боранбай, Бұқарбай, Мұқаметқали деген адамдар орыстарға жалданып жұмыс жасаған. Филип, Герасим, Еремей, Максим деген орыстар Паркте 500 бас марал ұстаған. Қазақ болыстығын Шыңғыстай болысына 10 ауыл біріктірді. Семей уезіне бағынды. 1929 жылы 20 қыркүйекте Қатонқарағай ауданына біріктірді. Атқару комитетінің председателі Абсалямов Елубай деген кісі болды. Семейдегі совпартшколаны бітіріп осы жаққа арнайы жіберген. Ол байларды тәргілеп, жер аударып, жеке меншікті құртып, коллективке біріктірген белсенді болды. 1923-31 жылдарда жұмыс істеді.

1927-1928 жылдар аралығында 3 колхоз құрылды. Олардың председательдері болып Апарин Николай Николаевич, Семенцев Федор Владимирович, Похомов Хрисанф Меркурьевич сайланды. 1929 жылы тағы бірнеше колхоз құрылды.

1930-33 зұлмат жылдары Голощекиннің «бөлшекте де билей бер» тәсілі аз уақыттың ішінде байлармен қоса орта шаруаның да бар малын тартып алып, ауыл абақтысына қамады. Соның бірі Балтабай есімді кісі болған. Қорлыққа шыдамаған ол намыстанып шолақ белсенділерден кек алу жолына түсіп, «қашқын» атанды. Жанына Тимофей Поломешкинді ертіп алып, бірде жылқыларды айдап әкетіп, бірде колхоз жылқыларын шекара асырып, ізін суытып кетіп жүреді. Осындай әрекеттің бірінде Көкі руынан тараған туыстарының 10 шақтысынан айырылды. Тағы бірде жақсы көретін досынан айырылды. Ыза-кек бұған ол өзін ізденуші қызылдар отрядының жолын тосып, олардың ішінен қызылдар отрядының жолын тосып, олардың ішішен Пахомовты атып салады. Осы оқиғадан кейін орта шаруа, асқан мерген намыскер азамат шолақ белсенділердің тәлкекіне шыдамай бала шағасын алып 1930 жылы Шығыс Түркістанға өтіп кетті. Тоқсан жасқа келіп қайтыс болған деседі.

Өнер-білім, халқының сауаттылығы – қай елдің болсын баға жеткісіз байлығы. Халықтың рухани-мәдени дәрежесін көтеру, ол үшін сауатсыздықты жою, жас ұрпақты –жаңа заман адамдарын жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу мақсатында құрылып, талмай еңбек етіп келе жатқан білім берудің қара шаңырағы – Чернова орта мектебі. Чернова ауылындағы бұл оқу орны 1928 жылы құрылған. Оны ұйымдастырған Капитонов Иван Григорьевич деген адам. Алғашында ол колхоз жастарының мектебі болып аталған. Алғашқы мұғалімдер: Борцевич Вячеслав Евстофьевич (тарихшы, географ), Борцевич Анна Андреевна (әдебиетші), Иванов (агрономия), Вишняков (жаратылыстану).

1931 жылы «Красный Восток» колхозы болып ұйымдасыпты. 1933 жылы «Красный Восток» екі колхозға бөлінеді. Біреуі – «Красный Восток», оның бастығы болып Жұмағұлов Мамай сайланыпты. Екіншісі – «Пахомов» колхозы. Одан кейінгі колхоз бастығы – Передерин болған. Отан соғысы жылдары колхоз бастықтары: Барабанчиков, Самоилов А.Л., Кулдебаев Балтабай. 1951 жылы колхозда 12 адам болды. Бұлардың барлығы кедейлер болған. Колхозда небары 6 ат болған, еңбек құралдары жетіспеген. Сондықтан колхозшылар артық малдарды өкіметке таратып, керекті құрал-саймандар (плуг, күрек, шалғы, айыр) сатып алмақ болды. Пахомов 3 сиыр сатып 2 плуг сатып алады. Колхозшылар көп ұзамай таң атқаннан күн батқанға дейін еңбек еткендерінің арқасында алдыңғы қатарлы колхоздардың бірі атанды. Қажырлы еңбектері үшін колхозға машина берілді. Ал Апариннің колхозында жағдай басқаша болды. Әсіресе әйелдердің жағдайы ауыр болды. Олардың көбі тауға мал айдайды. Кейін ерен еңбегі үшін Пахомова Федося Васильевнаға «Владимир Ильич Лениннің 100 жылдығына» атты медалі тапсырылды. 1932 жылы 15 қаңтарда Хрисанф Меркурьевия Пахомов кулактардың қолынан қаза тапты. Кейін 1951 жылы 2 колхоз бір «Пахомовский» колхозына біріктірілді. Оның председетелі болып Витенько Николай Агфриевич сайланды.1952 жылы колхозға бастық болып офицер Мұстафин Фаиз Софиевич келді. Чернова ауылындағы ұйымдасқаннан бастап, негізгі бағыты егін шаруашылығы болды және оған көп көңіл бөлді. Егіннің шығымы да жақсы болды. Қосалқы шаруашылықтар сиыр, қой, жылқы, азын–аулақ шошқа, қара түлкі ұстады. Маралдарға шөп, сүрлем дайындады. 1957 жылы Пахомов колхозы совхозға айналды. Яғни Алтай совхозының бір бөлімшесіне айналды. Басқарушысы болып Қалиқан Базарбаев сайланды және содан кейін совхоз директорының орынбасары болды. 1957 жылы тамыз айында Чернова бөлімшесін Катонқарағай бұғы–марал совхозына (оленосовхоз) қосты. Сол уақытта бұл совхоздың директоры болып Ильин Виктори Петрович жұмыс істеді. Бас бухалтер –Багаев Петр Иванович болды. Совхоз орталығы – Орталық парк (Қазіргі Ақмарал) болды. 1962 жылы совхоз орталығы Чернова ауылына (Қазіргі Аққайнар) ауылына көшірілді. Және сол жылы директор болып Сембинов Қазыкен Сембіұлы бекітілді. Сембинов Қазыкен «Чернова» кеңшарында алдымен агроном болған.Ол қызметті табжылмай 12 жыл атқарды. Жердің, елдің, жағдайын ескере келе бір жылдың ішінде кеңшар орталығын Парк ауылынан Чернова ауылына көшірді. Бұл көп күш–жігерді, өте үлкен ұйымдастырушылық қабілетті қажет ететін жауапты жұмыс еді. Қыста таудан құрылыс ағаштарын дайындатып, жаз айларында кеңшардың жаңа мекеніне 30 жаңа үй салғызды. Қазіргі кезде ауыл тұрғындары "Новостройка» деп атап кеткен Чернова ауылының солтүстік бөлігіне ел осы Қ.Сембиновтың тұсында алғаш рет қоныстандырылды.1968 жылы Катонқарағай бұғы-марал совхозын екі совхозға бөлді. Осы жылдан бастап, Чернова қой совхозына айналды. 1972 жылы совхозға директор болып Пантелеев В.Ф мал- мүлкімен Чернова қой совхозына қосты да қайтадан бұғы–марал совхозы деп аталды. 1983 жылы совхозға Томошенко Александр Петрович бекіп келді. 1987 жылы Амиров Қабден келді. 1993 жылы бұғы-марал совхозы Чернова ауыл шаруашылық кәсіпорын деп аталды. Оның бастығы Ускембаев Базарбек сайланды. 1966 жылы ауыл шаруашылық кәсіпорны ыдырады. 1931 жылдан 1996 жылға созылған біріккен қоғамдық жұмыс осылайша тарады.

Елді мекеннің бір ерекшелігі ауылдың Бұқтырма өзені жағында көптеген қайнар, тұмалар бар болатын. Сол белгі басшылыққа алынып, ауыл атын Аққайнар деп ауыстыру туралы ұсыныспен Чернова ауылының атауы өзгертіліп Аққайнар ауылы деп аталды.

Аққайнар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ешекенова Бақытгуль

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2023
Besucherzahler
счетчик посещений