kl kz



>
Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.
Аудан паспорттары
Шемонаиха ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Өңірлік мерзімді басылымдар
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Ескерткіштер
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Маңызды оқиғалар
ШҚО ауылдарының тарихы
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
Тәуелсіздік хроникасы
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Бейнетоптама
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Виртуалды көрмелер
#Әуезов125

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

ulydala ru

3 brataБаяғы заманда, көптеген ғасырлар бұрын, Риддер мүлдем басқаша болған. Мұнда тұман, қармен көмкерілген шыңдар болған жоқ, көкжиекке дейін созылған кең жазық дала еді. Ол кезде қала орнында тек шағын ауыл болған. Мұнда ең қарапайым адамдар өмір сүрген. Олар үй шаруашылығымен айналысып, балаларын өсірген. Сол ауылда үш ұлы бар, әйелі қайтыс болған бір кәрі ер адам тұрады. Ол өзімен-өзі, ешкіммен жақын араласпайды. Ол көршілеріне сәл оғаштау және біртүрлі болып көрінеді, бірақ бәрі оны құрметтеп, тіпті қорқатын. Ел ішінде қарт адам сиқыршы, кез-келген ауруды емдей алады деген қауесет тарайды. Жылдар жылжып, өмір өте береді. Сол қарттың үш ұлы нағыз батырлар болып өседі – күшті, ақылды, әдемі. Жалындап тұрған шақтары еді, алайда… Кенеттен осы аймақтарға Қара Апат жақындап келе жатыр деген қорқынышты хабар тарайды. Ол барлық тіршілік иелеріне қараңғылық пен өлім әкеліп, жолындағының бәрін сыпырып, өртейді. Алдымен адамдар бұл жаңалыққа сенбейді. Бірақ көп ұзамай біртүрлі жағдайлар орын ала бастады: көкжиек күн сайын қараңғылана бастады, жануарлар мен құстар қоршаған ормандардан асығыс қашып, адамдар мазасыздана бастады. Қорқыныштың жақындап қалғаны түсінікті болды. Ағайындылар әкесіне барып, туған өлкесін және оның барлық тұрғындарын құтқаруды сұрайды. Себебі, ақсақалдың ұлдары әкелерінің күшті сиқыршы екенін білетін. 

– Әке, сен сиқырдың құпиясын білесің, адамды айықпас аурудан құтқара аласың, құрғақ мезгілде жаңбыр жаудыра аласың. Қазір сенің көмегіңе біздің бүкіл өлкеміз мұқтаж. Халық тек сенің қорғанысың мен бақсылығыңның күшіне үміттенеді. Сен адамдарға көмектесуің керек! – дейді ұлдары. – Балаларым, сендер әлі тым жассыңдар және көп нәрсені түсінбейсіңдер, – деді сиқыршы үнсіз. – Бәрі оңай емес. Сиқырдың өзі күшсіз. Ғажайыптың негізі – адамның таза және мейірімді жүрегі. – Сен не айтқың келіп тұр? Көмектесе аласың ба? – дейді ұлдары үмітпен. – Сиқыр орындалуы үшін басқаларды құтқару үшін өзін өз еркімен құрбан етуге дайын мейірімді жаны бар адам керек. – Егер бізді соған сай деп танысаңыз, біз дайынбыз, – деп жауап береді ағайындылар. Қария бозарып кетеді, оның көздері жасқа толады. Ол балаларына ештеңе деп жауап бермей, ойланып, кетіп қалады. Сиқыршы түні бойы өзен жағасында отырып, суға қарап, сыбырлап бірдеңе айтумен болады. Келесі күні даланы қараңғылық басады. Тіпті күн бе түн бе екенін аңғару мүмкін емес болады. Айналаны өрт пен өлім иісі алып кетеді… Үш ағайынды тағы да әкелеріне келеді. – Әке, шешіміңді айт, – деді үлкен ұлы. – Не біздің біреуіміз өлеміз, не бүкіл халық өледі! Әкелері көп ойланып, келіседі. Ол балаларының біреуінен айырылатынын түсініп, қатты үрейленіп кетеді. Өмірінде алғаш рет көзіне жас алып, бір ғана сөз айта алды: «Қайсысың?». Ұлдардың әрқайсысы игі іс үшін өз өмірін беруге дайын болды. Олар үшеуі де өлеміз деп шешеді. Келесі күні таңертең адамдар ерекше жарқыраған күнмен оянады. Олар үйлерінен шығып, қатты таңғалды. Көгілдір таза аспанда күн жарқырап тұрды, ауа ерекше таза болды. Бірақ ең бастысы — ауылды таулар қоршап тұрды. Олар қабырға тәрізді биік, шыңдарында қар, беткейлерінде қалың орман болды. Олардың қайдан пайда болғанын ауыл тұрғындары білмеді. Бірақ олар осы таулар олардың өлкесін Қара Апаттан құтқарып, ауылды қалқалап, қиындықты өткізбегенін түсінді. Адамдар күлімдеп, бір-бірін құшақтап, көпшіліктің көзіне жас келді. Адамдардың ішінен қарттың жалғыз сұлбасы ғана ерекшеленіп тұрды. Ол қозғалыссыз, таулардың жотасында орналасқан үш шыңға қарап тұрды. Әкесі басқа адамдарды құтқару үшін ұлдарын жансыз тастарға айналдыруға мәжбүр болған. Енді үш ағайынды өздері құтқарған өлкенің биігінде тұр. Ал сиқыршыны бұдан былай ешкім көрмеді. Елдің айтуынша, ол тауға кетіп, өзімен-өзі өмір сүрген. Осы күнге дейін сол тауларға барған туристер үш шыңның етегінде кезіп жүрген жалғыз ақсақалды көргендерін айтады.

zakenov kАурухананың төсегінде дөңбекшіп жату қиын-ақ... Дос-жолдастардың онда "аунап-қунап" жатқанын естіп, көңілін сұрай барсаң: бірі кейіп, "білмеймін, бір пәле жабысты" деп жабыға қарсы алады. Жүбатып бағасың, оны-мұны әзіл-анекдот айтып, "ертең-ақ сауығып шығасың, қара да тұр!" дейсің; екіншісі күлімсіреп: "міне, аман-есен ауырып жатырмын" деп калжындайды, ауруханада емес, демалыс үйінде жүргендей жайдары қалып танытады, өткен-кеткеннен бір қызық жәйттерді айтқыштап, сұрағыштап, "аурухана, сырқат" деген сөздерді өзіне жолатқысы келмейді, ондайда сен де оны шашбаулап, ығын сағалап, райын бағып, оны көңілдендіре түсіп, өзің де жеңіл қайтасың.

Менің құрдасым, сырласым Кеңесхан Зәкенов осы соңғы топтағы қазақ еді. Біріміз ауруханаға түсе қалсақ, екіншіміз дереу жетіп, құдды далада жүргендей даурыға қалжындасатынбыз. Көлденең көз ағайындар ештеңені түсінбей, таңырқасып қалатын. Менің көңіл сұрауым: "Әй, додабас, өтірік ауырғанды қашан қоясыңнан" басталса, ол: "Әй, ұзын, жұмыстан қашып жатырсың, ә, әкри?" дей келетін. Мен 1964-жылы Өскеменнің қалалық ауруханасында Құрманғалиұлы Фазыл деген "қасапшының" пышағына ілініп, оң жақ өкпемді беріп құтылдым. Фазылдың хирург атын "өшіріп", "қасапшы" деп отырғаныма оның да менімен түйдей құрдастығы "кінәлі". Ақжарқын Фазылмен бұрыннан біліс едім де, мединститутты бітіріп келісімен "қасапшы" атын силағанмын. Ол қазірде Семей мединститутында профессор, ғылым докторы. Бәйбішесі Долоррес екеуі біраз немере сүйіп, ата-апа болып жүр. Тұңғыштарының дүниеге келуіне менің де «қатысым» бар: екеуі біздің үйде қонақ болып отырғанда Долоррес толғата қалып, мен «Жедел жәрдем» мәшінін шақырып бергенмін. Фазыл екеуіміз оның тұңғышын, әрине, сол сәтте-ақ сырттай «шомылдырғанбыз».

Фазыл екеуіміз бүгінде кездесе қалғанда мен: "Әй, қасапшы!" деп қарсы алсам, ол: "Қартаймайсың, ә?" деп күле бассалады.

Сол Фазылдың операциясынан кейінгі екінші күні палатама кулана жымындап жеткен Кеңесхан: "Әй, ұзын таныстықпен өтірік операция жасатып, әкри, өтірік инвалидтікпен ақша алмақсың, ә?" дегенде, палаталас Рақыш деген жігіттің оқыс "айыптаудан" шошып, көзі алақандай болғаны бар. Ал Кеңесхан Алматы ауруханасында операция жасатқанында мен барып: "Әй, додабас, екі асқазаның бар еді, көтере алмауға айналған соң біреуін алдырып тындың ба?" дегенімде көңілін сұрай барған бір жолдасының маған бажырайып қарап қалғаны ғой!.. Ол операция Кеңесханды сауықтыра алмады, жылға жетер шамада, жаңа дәрі алып барған менің көз алдымда, ауруханада тынысы тоқтады...

Зәкенұлы Кеңесхан алғыр жорналшы, байсалды жазушы еді. "Егемен Қазақстан" гәзетінің редакциясында ширек ғасыр озық өнегелі қызметкер болды. Құрметтілігі қазасынан да көрінді: редакция жерлеуден жылын беруге дейінгі барлық науқанын ұйымшылдықпен өткерді, қырқына арнап гәзеттің қосымшасын шығарды, ал ондай ілтифат жасалған қазаны мен көрген емеспін, демек, Кеңесханның аяулы Азамат болғаны, ұжымының оны ардақтай білгені!

Үлкенге іні, кішіге аға боп қалбалақтап жүретін Кеңесхан бала жаратылысты еді. Кімге болсын қолынан келер жақсылықты жасауға асығып жүретіндей көрінетін маған. Қулық сауғанды, арамдық аулағанды білмейтін. Ал біреудің, кім болса да, мейлі, адамгершілікке кереғар қылт еткен қылығын аңғарса, бала мінезі батыр мінезге айналып, сол жерде дүниенің астын үстіне шығарып, ақ-қараны айырып тынатын.

Танымды, талғамды, ғибратты қаламгердің табиғи жібек мінезі туындыларынан анық аңғарылады. Әсіресе "Жанартау", "Сезім сәулелері" жинакқарындағы әңгімелері адами нәзік, сұлу сезім суреттеріне толы.

Кеңкілдеп күліп жүретін Кеңесханның кейде оқыс қимыл жасайтыны қызық еді. Бірде Зайсан жаққа, ауылына барыпты. Құйтақандайларынан бірге өскен, орта мектепті бірге бітірген досының үйінде бірер күн қонақ болып, сонсоң аңға шығуды жоспарласа керек. Досы шаруашылық басшыларының бірі екен, әуежайда қарсы алып, үйіне апарған. Әңгіме ағытып, шәй ішіп, екеуі есік алдына шыққан. Досы тұрып: "Кеңесхан! Кеңесхан!" деп айғай салады. Ақ ит арсаландап жетіп келіпті. "Мұның да аты — Кеңесхан!" дейді досы қарқылдап күліп. Кеңесхан: "Әкеңнің етін жегір сволочь екенсің!" деп досына алара қарап, үйге кіріп кетеді. Аңшылықтарына әзірлеп қойған мылтықтың біреуін алып, патронды салып қайта шығып, байғұс итті атып тастайды. Досы екеуі ол үшін оншама бет жыртыспағанмен, аң аулаулары сонымен тәмәмдалыпты. Ол оқиғаны естіген күні Кеңесханға телефон шалып:

-Әй, додабас, ат-көлігің аман келді бе? Ит терісінен ішік киіпсің, қайырлы... - дей бергенімде ол:

-Әй, ұзын! Сен сияқты дорақтар ол жақта да көп, әкри! - деп қарқылдап күлді.

-Әй, обал қайда? - десем ол:

-Немене обал? Итіне қоса ол сволоштың өзін атып кетуім керек еді, әкри! - деп күлді.

Асыл жары Гауһардан, киіктің асығындай үш перзенті: Гүлжан, Жанар, Әлиядан ыстық құшағы ажырап, бізбен әдемі әзіл-қалжыңын ерте аяқтап, есіл Кеңкеміз 1993-жылдың шілдесінде, 58 жасында, өмірден озды...

Ғаббас Қабышұлы, Қазақстанның Құрметті жазушысы,

Халықаралық әдеби «Алаш» силығының иегері 

Kaisenov K«Украина» мейманханасының бесінші қабатындағы екі бөлмелі люкс-нөмірге орналасып, жол киімдерімізді ауыстырып, жуынып-шайынып алуға кіріскеніміз сол еді, екі бөлмеге ортақ дәліздегі сары тумбочкаға қойылған, аршыған жұмыртқадай аппақ сопақша телефон ішіне жел қарысқан балаша шырқырады. Қалааралық телефон ғана сөйтіп қағынушы еді, бұл, сірә, бұл бөлмеден кеше кетіп қалған кісіні бүгін іздеп жатқан шалғайдағы біреудің қоңырауы шығар-ау деп, тұтқасын көтердім. Арғы жақтағы біреу: «Вася! Вася!» деп аптығып, тіпті тұтқадан тырбаңдап шыққалы жатқандай боп елестеді көзіме.

– Васяңыз кетіп қалғалы неше күн болғанын бір құдай білсін, – дедім мен.

– Вася ма?! Ол жаңа ғана келді дейді! Тез шақырыңыз! Маған Вася керек! – дейді анау. Ер адам ғой, өктем сөйледі.

– Васяңыз жоқ, кеше кетіп қалған сияқты, – дедім.

– Ол сонда! Қайсенов! Қасым Қайсенов!

– Қайсенов бар... – Тілімді тістей қойдым. Қаскеңнің партизандық бүркеншек аты «Вася» болғанын ұмытпайтын жерде ұмыта қалғаным ұят болды-ақ!

– Оны телефонға шақырыңыз!

– Қазір... ә, ол кісі, кешіріңіз, ол ванна бөлмесінде жуынып жатыр еді...

– Жуынбай-ақ қойсын! Ол бәрібір ағармайды! «Жуынбай-ақ қойсын» деп айтты деңіз! Біз қазір келеміз! – Тұтқаның «бип-бип» дегені «кетті, кетті» секілденіп естілді маған. Киевтің телефондары ерекше шырылдайды екен, бипылдауы да біртүрлі.

Қаскең жуынып шықты. Қалың шашын түкті орамалмен орай сүрткілеп тұрып:

– Сәбеңше айтқанда, бала, дұрыс болды. Сәбит Мұқановтың не айтсаң да «дұрыс» деп тұжырып қоятын әдеті бар еді. Біздің Днепрдің суы сенің Ертісіңнің суынан осал емес, шырағым, – деп әзілдеді.

Мен оған бір кісінің телефон шалғанын мәлімдеп, сәлемін қаз-қалпында жеткіздім. Қаскең бөлменің шаңырағын шеңбірек атқызардай жойқын қарқылына басып алып:

– «Жуынбай-ақ қойсын, бәрібір ағармайды» деді ме? Ә, ол Алеша болды. Сол, сол, Алеша! Ол ылғи сөйдейтін баяғыда. Ал біздің келгенімізді ол қайдан білді, кімнен естіді? – деді де, сүртіне жүріп көше жақ терезеге барып төменге, жолға қарағандай әрекет жасады. Терезені ашпастан арғы жағына, оның өзінде де бесінші қабаттан сонау жердегі кісіні қарап көрмек болғанына таңданып мен тұрмын. Зәулім бесінші қабаттан қарағаныңда (мейманхананың әкімшілігі, оны-мұны қызмет орындары орналасқан 1-қабатының өзі жайшылықтағы үйдің үш қабатына теңдес, яғни біз сегізінші қабаттың шамасындамыз) жерде кетіп бара жатқан пенделердің қайсысын танып қарық боларсың! – Сол иттің тыңшылары көп шығар әлі де, апырым-ай, өзінің білмейтіні де, естімейтіні де жоқ, – деді де, Алешасына байланысты партизандық бір жәйттер есіне түскендей жымыңдап жүріп киіне бастады.

Арада жиырма минуттай уақыт өткен кезде дабырлап сөйлеп, дуылдап күліп төрт кісі опыр-топыр кіріп келді де, өздеріне қарсы ұмтыла берген Васяларын бассалып құшақтап, бесеуі балаша аймаласып, сүйісіп, мәз боп күлісіп, әзіл де айтып үлгірді:

– Бір қабат терің түскенше жуынғаның неткенің?

– Ұрланып келгенді қашан қоясың?!

– А, Алтайдың қара аюы, қолға түстің бе?!.

Әлде заманда сағыныштары сабаларына түсіп, бесеуі де жаяу жарыстан жеткендей ентігіп-алқынып тұрып, есен-саушылық сұрасты:

– Ася келді ме?

– Ұлдарыңды әкелдің бе?

– Әкең аман-есен бе?

– Мына жігіт кім болады? – деп біреуі маған бұрылып келіп қолын ұсынды. – Сәлеметсіз бе, бейтаныс жігіт. Біздің «концертіміз» сізге ұнады ма? – деді ол жылы жымиып. Басқаларымен де амандастым. Қаскең мені оларға таныстырды, бірақ оларды маған таныстырған жоқ, олардың да ешқайсысы мен пәленбаймын демеді. Е, партизандардың «тәртібі» солай шығар деп ойладым. Әйтсе де, келген төртеудің түр-түстерін шырамытқан жайым бар, себебі Қасекеңнің партизандық өмір кітаптарының қай-қайсысы да ондағы кейіпкерлердің фотосуреттерімен шықты ғой, Қаскеңнің кешегі қарулас дос-жолдастарымен сырттай таныспыз емес пе?! Алешасы – партизан жасағында хирург болған Алексей Васильевич Крячек. Кітаптағы бейнесінен көп өзгермеген. Ал мәз-мәйрам боп күле бергені болмаса, көп сөйлемеген қалқан құлақ жастауы Василий Павлович Яковенко, барлаушы болған, кітаптағы суретінен аумайды.

– Әйда, кеттік, киініңдер, біздің үйге барамыз! Вася, кеттік! – деді Алексей Васильевич.

– Кеттігің не? Қазір үстел жасаймыз, сендерге қазақтың колбасасын ала келдім, «Жеңіс» деген коньягымызды ішесіңдер, «Жеңіс» деген – «Победа» деген сөз! – деді Қаскең.

– Жо-жоқ, Вася, оларыңды қоя тұр, ертеңге қалдыр, бәріміз түгел жиналған соң болсын...

– Әй, ертең де...

– Вася, қымбаттым, осы сен қашанға дейін командир боласың! Біз де командир болып бір көрейікші, құдай ақына! – деді Алексей Васильевич. Бәрі дуылдасып күліп, «айда, кеттік!» десіп, бөлмеден ошарылып шыға берді. Қосақ арасында мен де кеттім, қалуыма рұқсат болмады.

Олар Алексей Васильевичтің жеке меншік «Волга» автомашинасымен келген екен, төртеудің орнына енді алтаумыз сығылысып мінгенде байғұсың мықшиып-ақ қалған шығар.

– Үйге жеткенше, әйтеуір, артқы екі доңғалағы бүктетіліп қалмаса екен! – деді иесі от алдыра беріп. Мотордан бұрын күлкі «от алды» тағы.

– Алеша, әлгі фрицтерден қашқандығыңдай аянба, бауырым, әйтпесе ГАИ-дағы құдаларың ұстап алар да, «әй, бар-жоғы алтау-ақсыңдар ма?» деп құдағиларыңа алып барар! – деді Яковенко. Қарқылдаған күлкіден машина қақырап кетердей болды.

Алексей Васильевичтің үйі.

Жеке меншік машина бәсекелі байлықтың басы болып бара жатқан бүгінгі берекелі шақта машиналы үйде адамның жанынан басқаның бәрі бар деген ұғым қалыптасқан ғой. Кейбір ретте ол рас та шығар, бірақ Алексей Васильевичтің үш бөлмелі үйінің көркі мен сәні суреттер мен кітаптар екен! Көрмеге қойғандай жалтырап көзге ұрып тұрған қисапсыз ыдыс-аяқ та, әлем-жәлем кілем де жоқ. Қарапайым ғана тұрмыс.

– Кемпірім деревняға, балаларға барып келуге кеткен еді, немерелері жібермей жатқан сияқты, ах, күшіктер-ай! – деп үй иесі немерелерін көріп тұрған жанша жылы жымиып қойды. – Коля, не ғып тұрсың, шақыр бәрін штабқа! – деді сонсоң жолдастарының біріне.

«Штабқа» жиналғандар ортаңғы кең бөлмеге лық тола жайғасты. Түйістіріп қойылған ұзын екі үстелде дәм мол.

– Бүгін горилка ғана ішеміз, ә? – деп қауға сақал қарт білектей мұртын бір сипап, ақ арақ бөтелкесіне қол созды. – Есіңде ме, Вася, Оборово селосында Костя Спижевой, Гриша Алексеенко үшеуің горилкаға тойып алып... – қарт сөзін аяқтай алмады, ду күлген көпшілікке қосыла ол да ішек-сілесі қата күлді.

Менің есіме Қаскеңнің «Жау тылында» кітабында әңгімеленетін «Қауіпті тапсырма» деген оқиға түсті.

– Шіркін, жастық шақ сондай тентектігімен де қымбат-ау, а?! Сол кездерде ажалмен қанша рет бетпе-бет келіп жүрсек те, қайсыбір сәтте ажал құрығырыңды алжыған кемпір ғұрлы елемеуші де едік, – деді қара бұйра шашты, шикіл сары өңді, толықша денелі әйел ойлана сөйлеп, алдындағы тәрелкенің жиегін сұқ саусағымен баяу сипай отырып. – Содан бері де талай уақыт өтті-кетті. Жыл көбейіп, біз азайып...

– Сарыуайым, сарыуайым, бізден аулақ жүргейсің сен! – Әйелдің оң жағында отырған қоңырқай өңді жігіт ағасы көршісінің сөзін әдейі бөліп, сөйлеп кетті. – Азаймау қолдан келмеген соң, азайып бара жатқанымызға өкінбеуге тырысайық, Катюша! Бір есептен, азайған сайын қадірің артатын да болады.

– Уа, данышпан-ай!

– Тым ерте қымбаттап қайтесің сен?!

– Коля-Миколаның қалжыңы мен шынын әлі де ажырата алмай жүр екенсіңдер ғой, – деп Қаскең жымиды.

– Есіңде ме, Вася, көк орманда екеуміз фрицтердің қоршауында қалып, ол жексұрындар дәл екі жүз партизанды қоршағандай-ақ орманды өлермендене атқылады емес пе? – Үй иесі дөңгелек көзі күлімдей сөзге араласты. – Фрицтер біздің екеу-ақ екенімізді шынында білмеді, көз байлана бастағанда орманға өңмеңдеуден тиылып, алыстан атқылап-атқылап қойып, тездетіп шегінуге кірісті, орманнан жарықта олжа таба алмағаннан кейін өздері бассауғалауды ойлады. Олар атқылауды тоқтата берсе болды, – Вася бәлемдерді қазақша-украинша тұздықтап сыфбап айқай салады да, гранатаны оңды-солды лақтырады. Фрицтер тағы оқ жаудырып шала бүлінеді, біз енді бар даусымызбен қарқылдап кеп күлеміз. Васяның күлкісін өздерің білесіңдер, Запорожьенің айғырынша арқырағанда орман іші жаңғырып кетеді де, кемінде елу-алпыс кісі күлгендей болады. Ақыры немістер біздің қай тұста, неше кісі екенімізді біле алмай, түнгі орманға кіруден және қорқып, не керек, ақымақ боп кетіп тынды, ал біз содан Панитов орманына өтіп, отрядқа барып қосылдық. Вася, сен сол сапарымызды неге жазбағансың, ешбір әңгімеңде жоқ қой?

– Крячек екеуміз пәленбай фрицті алдап соғып, әрі пан комендантты тұмсығынан сүйкедік, отыз шақты полицайдан құтылып кеттік десем, оған кім сенеді? – деді Қаскең.

– Сенбегендер сенбей-ақ қойсын, шындықты бәрібір айту керек!

– Жоқ, достарым, мен өзіміз істедік екен деп өзгелер сенбейтін оқиғалардың ешқайсысын жазған жоқпын және жазбаймын да!

– Сол дұрыс! – Мүйіз көзілдірікті, қоңқақ мұрын сида кісі Қаскеңе қарап бас изей сөйледі. Әу баста тартпақ болған, бірақ «шылым шегуге тиым салынсын!» деп «қаулы қабылданған» соң тұтатпай, алдына тастаған сигаретін сұқ саусағымен әрірек жылжытып қойды. – Отряд боп басымыз құралғанша жалғыз жүріп те, екеу-үшеу жүріп те фрицтердің зәре-құтыл алған талайың отырсыңдар осында. Жүз жасағыр жеке батырларым-ау, бәріңнің барлық еңбектеріңді жазып бітіру мүмкін бе? Вася дұрыс айтады, қаншама шындық болса да, пендешілік көңіл сене қоймайтын жәйттерді жаза беру қиын. Соғысты көрмегендер, партизан жорығынан хабарсыздар: «Е, мынау біраз өтірікті сықпыртыпты!» деп күлер де.

– Ә, қойшы!

– Есіңде ме, Вася, жау тылына үшінші рет тасталғанымызда төртеумізді жел төрт жаққа әкетіп, белгіленген жерде үшеуміз жетінші күні әрең табыстық та, Гена хабар-ошарсыз кетті ғой... Сол жолдасымыздан күні бүгінге дейін ешқандай дерек жоқ, біз де іздестірдік, туыстары да жазбаған жер қалдырмады, – не өлінің, не тірінің есебінде болмай шықты.

– Білем ғой, – деді Қаскең күрсініп. – Ол соғыста ұшты-күйді жоқ болғандар аз дейсің бе. Басып алған жерлерінде фашистер не істемеді. Атып-асқаны былай тұрсын, біздің адамдарды ондап, жүздеп мектепке, не шіркеуге қамап, бала-шаға деместен тірідей өртеп кеткендерін осы отырған өздеріміз талай көрдік қой?! Біз азат еткен селолар мен деревнялардың, хуторлардың кәрі-жасы фашистерден көрген қорлықтарын айтқанда біз де қанжыламаушы ма едік?! Ал солай өртелгендердің кімдер екендерін анықтай алып па едік?..

Кешегі партизан жігіттер мен қыздар, бүгінгі ақ шашты ағалар мен апалар енді біразға дейін үнсіз отырысты. Көздерін төмен салып, көңілдері құлазып отыр. Ол анық. Қаншама серіктерінен, дос-жолдастарынан, туған-туысқандарынан, таныстарынан айрылды бұлар? Ғасырымыздың тарихына қанды ізін тастаған гитлершіл малғұндар жасаған сойқандық, айуандық, жауыздық немен, қалай өлшенбек?!

– Есіңде ме, Вася... – Басына қызғылт капрон орамал тартқан арық әйел сынық үнмен сөз бастап, жаңағы орнай қалған ауыр тыныштықтың пердесін сәл ысырғандай болды...

Сол бір жорық жылдары мен жолдарындағы күйініш-сүйініш те, қауіп-қатер де, тәуекел де, өкініш те, шүкіршілік те – бәрі де Васяның есінде.

Жау тылына алғаш аттанарында генерал Строкачтың: «Партизан жолдастар, достар! Сендер жау тылына бара жатырсыңдар, сапарларың сәтті болсын, саптарың сиремесін! Жау қолына қапылыста түсіп қалған, алайда басқыншыларға өшпенділігін ортайтпаған адамдарымызға Партия мен Үкіметіміздің, Отанымыздың ыстық сәлемін жеткізіңдер! Фашистерге ту сыртынан соққы беріңдер! Біз жеңеміз!» – дегені әлі есінде.

Днепрдің жағасында жолығып: «Екі ұлым да Қызыл армияның қатарында. Келіндерім мен немерелерімді фрицтер атып тастады!» – деп сақалын жас жуған Микола атайдың тәлтіректеген кейпі әлі көз алдында.

Он бір жастағы Мишасын фашистердің айуандықпен тілгілеп өлтіргенін айтып күңіренген Иван Гаманға жұбату айтып тұрып, өзінің де егіліп жылағаны есінде.

Қарулас достарының қаншасы Ұлы Жеңіс күнін, өздері жақындатқан Жеңіс мерекесін көре алмай қыршын кетті...

Бәрі де Васяның есінде.

Партизандардың қолына түсіп қалғанда тесік таба алмай жанталасқан полицайлар мен коменданттар да есінде! Туған елін, туған жерін, туған-туысқандарын сатып, фашистердің табанын жалап құл болған, ал партизандардың алдында: «атпаңдаршы, кешіріңдерші!» деп зар илеп, жыланқұртша жер бауырлап жалынып-жалбарынған жексұрындар да есінде!

– Есіңде ме, Вася...

Қанқұйлы басқыншы жауға қарсы күресте мақсат-мүддесі, парыз-міндеті бір болған Батыр достары Иван Кузьмич Примак, Емельян Демьянович Ломако, «А, казахский народ, как дела?» деп қарсы алатын қаһарман Сидор Артемьевич Ковпак, әрқашан балаша арсалаңдап жүретін Аркашка Гаспарян – жүздеген, мыңдаған жорықтастары түп-түгел есінде.

...Партизан достардың құшағы таң қылаң бере ғана жазылды. Құмарлары қанғанша естелік әңгіме шертісіп, жорық жырлары мен Жеңіс әндерін шырқасты. Бірде көңілдері көл болып шалқыды, бірде кірпіктерінен ірі тамшылар үзіліп-үзіліп түсті... Адамға ғана тән алау сезімді күй кешісті.

Мейманханаға жақындай бергенімізде Алексей Васильевич машинасының екпінін сәл баяулатты да:

– Есіңде ме, Вася, сендер Ходорово селосында орналасқан жау комендатурасын талқандап қайтқандарыңда сендермен бірге отрядқа келгендердің арасында жұдырықтай ғана бір шал болған еді ғой, кейінде оны «Алып атай» деп әзілдеп атап жүрдік қой? – деді. – Байғұстың бала-шағасын фрицтер қырып тастаған екен. Соғыстан кейін бір жесір келіншекке үйленіп, Киевке көшіп келіпті. Сол «Алып атаймен» былтыр мына мейманханада ойда жоқта кездесіп қалғаным! Шұрқырасып табысып, біраз шүйіркелестік. Сөйтсек, оның кемпірі осы мейманханада қойма кілтшісі екен, төсек-орын, ыдыс-аяқ жағына иелік етеді. Ол сені сырттай, әрине, жақсы біледі, кітаптарыңдағы суреттеріңнен таниды. Сенің келіп түскеніңді бізге сол хабарлады емес пе?!

– Ай, Алеша, сен бейбіт уақытта да тыңшы-байланысшы ұстайды екенсің ғой! – деді Қаскең.

– Е, сенің қол астыңда болдық қой! – деді Алексей Васильевич.

Қарқылдаған күлкі Киевтің таңғы ауасын «тас-талқан» етті...

Бұл 1977-жылдың күзінде, қыркүйек пен қазанның өліарасында болған еді. Қаскеңді оның кешегі қарулас досы, Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алған авиация генералы В.Лавриненков қонаққа шақырып, мен еріп барғанмын. Мақсатым – қаһарман ағаның партизандық өмірінен хикая (повесть) жазу болды. Бірақ, өкінішке қарай, ойым іске аспады. Оның себебі – өзім көріп-білмеген, басымнан кешпеген оқиғаны жазу менің қолым еместігіне көзім әбден жеткені. Оның алдында немере ағайым (ұлы атамыз бір) Кеңес Одағының Батыры Ізғұтты Айтықов жайында кітап жазуға құлшынып, оның әскери өміріне қатысты ақпардың бәрін жинап алсам да, өзімді қанша қинасам да, ештеңе шығара алмағанмын.

Қаскеңмен ұзақ жолға шыққаным бір бұл емес. Танып-білгеніме, міне, елу жыл десем, бұл мерзімде қуанышына ортақтасып, ренішісін де бөлісіп дегендей, әрқашан төңірегіндемін. Даңқты аға: «Әй, золотой!» деп, немесе «Әй, дорогой!» деп аңқылдап жүреді. Кесек тұлғасына кішік мінезі жарасады. Рас, кейде жоқтан өзгеге бұрқ-сарқ болып қалатыны да бар. Онысы да өзіне жарасатын тәрізді, меніңше. Батырдың ашуы да өзгеше болуға тиіс шығар деп ойлап отырамын ондайда. Бірақ ұсақ-түйекке емес, ашуланбауына болмайтын жәйтке ғана ренжімес пе деп те ойлаймын.

1975-жылдың наурыз айы ортасынан ауа бере, бір күні Қаскеңнің үйіне бардым. Жеңістің 30 жылдығына арнап ол кісі туралы "Қазақ әдебиетіне" мақала жазбақшы едім. Есен-саулық сұрап, енді шүйіркелесе бергенімізде телефоны шылдырлай жөнелді. Трубкасын көтерген Қаскең: – Алло!.. Да, да!.. Қасым Қайсенов слушает!... Здравия желаю, товарищ генерал-майор!.. Вас так же!.. С кем?.. Маршал Гречко? Андрей Антонович?.. Хорошо, хорошо!.. – деп, үні ашылып, бізге жағалай қарап қойды. Жүзінде толқу, қобалжу нышаны пайда бола қалған. – Да, я – Касым Кайсенов, товарищ Маршал Советского Союза!.. Здравствуйте, Андрей Антонович!.. Спасибо, спасибо!.. Я тоже поздравляю Вас наступающим Днем победы, желаю крепкого здоровья!.. Я?.. А операция «Белая Таня?».. Пришлось... было... А что там особенного, товарищ Маршал?.. «Спасибо!.. Хорошо... обязательно, Андрей Антонович!.. До свидания!..

Қаскең трубканы орнына жайлап қойып, бізге қарап балаша күлімсіреді. Үй іші дуылдап кетті. Бәріміз де елең етісіп, демімізді ішімізден ала тыңдап қалғанбыз-ды. Енді:

– Маршал Гречко ма?

– Министрдің өзі ме?

– Ғажап болды ғой!

– Адресті, телефонды қайдан біледі?

– Шынында да керемет болды-ау! – десіп, қуана дабырластық. Қаскеңнің жұбайы – Асыл апамыздың да, Қаскеңнің әкесі – сексен бес жастағы Қайса ақсақалдың да көздеріне меруерт тамшы іркіле қалғанын байқадым (менің де көңілім көкке көтеріліп кетіп, сол кеште «Маршал Гречко телефон соқты» деген мақала жаздым).

«Белая Таня» операциясын жүзеге асырудағыдай тапқырлық, тәуекелі мол ерлік Қаскеңнің партизандық төрт жыл өмірінде көп болған. Оны жазушы Қасым Қайсеновтің қаламынан шыққан кітаптарды оқыған жұрт жақсы біледі. Ол ерліктер: жаңағы Маршал А.Гречконың «Карпаттан асу», жоғарыда айтылған генерал В.Лавриненковтың «Аспанға қайтып оралу», әскери тарихшы Г.Уткиннің «Шығыс жотасына шабуыл», басқа да мәскеулік, украиндық, ленинградтық қаламгерлердің, тарихшылардың еңбектерінде, қазақстандық Әзілхан Нұршайықов, Сағи Жиенбаев, Тұманбай Молдағалиев, Сабырхан Асанов, Михаил Чистяков, Әубәкір Нілібаев, Тоқтарбек Қызықбаев және басқа көптеген ақын-жазушылардың хикаялары мен дастандарында, әңгімелерінде, өлеңдерінде суреттеледі.

Талай-талай сапарлас, дәмдес болған: Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Әбділда Тәжібаев, Тайыр Жароков, Хамит Ерғалиев, Әди Шәріпов және басқа аға-інілері Қаскеңді жоғары бағалағаны аян. Жұмағали Саин екеуінің достығы ерекше қымбат еді. Жұмекең екі-үш күн көрмесе: «Әй, партизан, мен сені сағынып қалдым ғой!» деп құшақтап, бетінен сүйгенде Қаскең арқаланып, еркелеп қалатын еді. Кіршіксіз достық сезімдері Жұмекең көз жұмғанға дейін сақталды. Бірде Жұмекеңмен әңгімелесіп отырып: «Аға, сізге бір сұрағым бар еді, рұқсат па?» деп едім, ол «айта бер» дегендей ишаратпен иегін ұмсынтты. «Қаскеңді Украинадан сіз алып келіпсіз. Бұрын білмеген, көрмеген, адресі де белгісіз адамды қалай тауып алдыңыз? Ал сіз болмағанда Қаскеңнің сонда қалып қоюы мүмкін бе еді?» дедім. Жұмекеңнің сүйкімді кішкене көздері күлімдеп, өзі миығынан жымиды да: «Украин партизандарының орталық штабына барып, партизан қазақ Қасым Қайсеновті іздеп келгенімді айтып едім, ондағылар: «Қайсенов пе?.. Біздің Вася ғой!» деп дуылдасып, біреуі жүгіріп кетті де, ұзын қара жігітті ертіп келді. Партизан киімімен, қару-жарағын асынып келіп тұр! Таныстық, сөйлестік. «Документтеріңді жиып-теріп ал, елге қайтамыз. Мен де осында соғысқанмын, соның бір документтерін іздеп келіп едім, оны реттеп алдым, енді екеуміз бүрсүгүні қайтамыз» десем, Қасымым сондағы бір бетон комбинатына ма, құрылыс комбинатына ма қызметке баруға жолдама алып, ертең кеткелі жүр екен. Партизан дегенің қызық болады. Әйтеуір, алып қайттым ғой», деп ақырын ғана мырс-мырс күлді.

Қаскеңнің мінезінде аңғалдық та бар. Украин достары, сірә, «Вася, соғыс аяқталды, үйіңе қайтуға асықпа. Анау қирап, шашылып қалған комбинатты түзеу сенің ғана қолыңнан келеді, бар да басқар, қимылда!» деген болар да, Қаскең папахасын оқшырайтып, келісе кеткен болар. Шынында, Жұмекең жолықпағанда Украинада біраз жыл бөгеліп қалуы мүмкін бе еді, кім білсін...

«Игіліктің ерте-кеші жоқ» дегендей, Жеңістің елу жылдығында «Қазақстанның Халық қаһарманы» деген атақ берілді Қаскеңе. Баршамызға ортақ сол қуаныштың кешінде Президент Н.Ә.Назарбаевқа алғысын айта отырып: «Атақ үшін, награда үшін соғыспап едік... жол Бауыржан мен Рақымжандікі еді...» деп мұңайғанына куәмін. Шыны сол. Қорғаныс министрлігіміз жақында (1997-жылғы көкек айының басында) Қаскеңе «полковник» әскери атағын берді. Үйіне барып құттықтадық, денсаулығы мықты болуын, отбасы аман болуын тілестік. 1998-жылы, көкек айының 23-і күні Қаскеңнің жасы СЕКСЕНГЕ толады! Ол – Қазақстанның, Украинаның, баршамыздың мерейтойымыз!

                                               * * *

Халқы 2007-жылдың 3-қаңтарында 89 жастағы Қаскеңді жер бесігіне салуға әкетіп бара жатқан сағатта осы жәйттер жадымда түгел дерлік жаңғырды. Қазақстанның сан түкпіріне бірге барған кездерімізде қаламдас аға-іні жарасымдылығымыз шексіз болса да, шекісіп қалудан «құралақан» жүрмеген сәттеріміз де бар екен. Қаскеңнің мәйіті мәңгі-бақилық мекеніне тапсырылар минөтте іштей күбірлеп: «Аға! Сіз де пенде болдыңыз, біз де пендешілікпен өтерміз. Мына фәни дүниеде қалып бара жатқан қаламдас інілеріңізден қайсыбіріміз сізге артық-ауыс сөз айтып, кедір-бұдыр мінез көрсеткен болсақ, қайсыбірімізге Сіз де артық-ауыс сөз айтып, кедір- бұдыр мінез көрсеткен болсаңыз, соның бәрі де кешу-шешу болсын!» дедім, шындыққа жүгініп.

Қасым ағаның қазасы – қазаққа ғана емес, украин халқына да, неміс фашистерінің концлагерінен Қаскең азат еткен (партизан жазушымыздың «Белая Таня» хикаясы естеріңізде шығар) мыңдаған чех, поляк және басқа ұлттардың ұрпақтарына да ауыр қаза. Олардың үкіметтері соғыстан кейінгі жылдары "Қазақстанның Батыр Партизанын» жауынгерлік ордендерімен марапаттаған болатын.

Даңқты партизан-жазушы Қаскең есен-сау болса, 2008-жылы 90 жасын тойлар еді...

Қаскең Бауыржан Момышұлын пір тұтатын. Қашан, қайда болсын жұртшылықпен жүздескен жиындарда партизандық жорықтарынан әңгіме шертіп отырып, сөз ретіне қарай: «Нағыз батыр деп Баукеңді айтыңдар!» деп қоятын. Жазушылар одағында, немесе басқа жерде Баукеңді көре қалысымен: «Батыл шалға тезірек сәлем берейін, әйтпесе таяқ жеп қалам!» деп аяғын жебей басатын. Ал Рақымжан Қошқарбаевты ерекше еркелететін. Рақаң ақжарқын жан еді ғой, Қаскеңнің іші-бауырына кіріп, анекдот араластыра әңгіме ағылтып, күлкіден езу жиғызбайтын. «Міне, көріп отырсың ғой, бұл Мырқымбайдың істейтіні осы, қайдағы-жайдағыға күлдіріп, әңкі-тәңкімді шығарады» деп «шағынатын». Маңызды бір шаруа айта барып, соны айтуына Рақаң бой бермегенде жорта ашуланып: «Әй, Мырқымбай! Болды енді! Адамша сөйлесейік те!» дейді. «Қойдым, аға-еке, қойдым!» деп батыр інісі екі қолын бірдей көтере қояды.

Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов ағаларына сан рет атқосшы болған Қаскең оларға еркелене еркін сөйлеп, әзілдесетін де. Ғабең бастаған бір топ ақын-жазушы бір жылы жазда Өскеменге келіп, бір апта болды. Мен ол тұста Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінің редакциясында бөлім меңгерушісімін. Жұртшылықпен кездесу өткізуден қолдары босап, еркіндік алған күні түс ауа Ертіске шомылуға барды. Біз – еріп қызмет көрсетіп жүрген қолбаламыз. Басқалар шешініп тастап, өзенге күмп-күмп түсе кетіп, малтып жөнелді. Ғабең асығар емес. Қаскең ағасының баяу қимылына қызыққан кейіппен сәл оқшау тұр. Ғабең соңғы киімін – шолақ дамбалын шешіп, қойтастың үстіндегі киімдеріне қосып, маң-маң баса суға беттеді. Сол кезде Қаскең:

– Ғабе! – деп қалды. Ғабең кідіріп, маңқия бұрылыңқырап:

– И-и-ә-ә, не айтасың? – дегенде інісінің:

– Түрсиіңізді көп шешпейді екенсіз ғой, көтеніңіз аппақ, – дегені. Мен сасып қалдым. Атақты Ғабит Мүсіреповке олай деуді кім күткен! Қазір ренжіп, ұрсып тастар деп ойладым. Ал Ғабең мырс-мырс күлді де:

–тӨй, шатпа-а-ақ... – деді.

Қаскеңнің суға түсіп малтығанын көрген емеспін. Жағадан ұзамай жуынып тұрғаны. Сол жолы да сөйтті. Өзі сәл ұзап, ақырын ғана малтып оралған Ғабең дауысын соза маңғазданып сөйлейтін әдетімен:

– Әй, партизан, сен «Днепрден күндіз де, түнде де талай өттім, жаудың снаряды келіп тиіп, қайығымыз біт-шыт болып, талай жолдастарымнан айырылдым» дейсің. Ал мен сенің суға жүзгеніңді көрген жоқпын. Сырда да, Есілде де болдық. Енді Ертісіңде тұрғаның мынау, кір шая келген келіншекше, – деп еді, Қаскең:

– Ғабе, мен малти білмеймін, оллаһи! – деді.

– Қайықтан айырылғанда Днепрден қалай аман шықтың?

– Қашан болсын жолдастарыма сенемін де, өзенге киімшең күйімде, қару-жарағымды құшақтай қойып кеп кетемін, жолдастарым қолтығымнан демеп алып шығады.

– Шынында туа партизан екенсің, – деді Ғабең, оған жылы жымия қарап.

...Бақилық Қасым аға хақында айтылар естелігімізде шек болмайтын шығар...

Ғаббас Қабышұлы, Қазақстанның Құрметті жазушысы,

Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының иегері 

Talaptan imanbaevФәниден ерте өтті деуге де, кеш өтті деуге де аузым бармайтын, алпыстың сызығынан асып жығылса да, артында қалған ізін ажыратып білу қайсысымызға болсын қиын тиіп жүрген Талаптан Иманбаевтың өмірі әрі жұмбақ, әрі жайдақ. Жайдағынан суыртпақтайын, жұмбағына бәрібір еріксіз соғамын.

Талаптан екеуміз ауылдас болдық, бірақ балалық шағымыз арналас болған жоқ. Әкесі Қасым тым кедей, тым момын, тым жуас болыпты. Мен ол кісіні бертінде, зейнеткер жасында көрдім: ассалаумағалейкүміңе “уағалейк...” деп күбірлей салатын да, ары қарай ауыз ашпайтын, үлкен адам болып әңгіме бастағанын, аты-жөнімізді сұрап білгенін көрген емеспін. Еш нәрседе, ешкімде шаруасы жоқ, отыра беретін. Сонау колхоздастыру жүрген кезде кеңес өкіметін суханы сүймеген, бірақ көнбеске айласы болмаған, оның есесіне екі ортадан пайда күреуді көздеген қулар: Совет өкіметі – кедейлердің өкіметі, билікке кедейлер ие болуы керек, сөйтсек қана саясатымыз жүреді! – деп ұрандап, ең кедей Иманбаев Қасымды колхоз бастығы етіп сайлап, “қой аузынан шөп алмас” жігіттің бармағы мен мөрін емін-еркін пайдаланып, екі жылда колхоз малын құртып тыныпты. Ол сотталып кете жаздап, әйтеуір, аудан басшыларының бірі оның жаратылысын кеш те болса танып, аяушылық жасап, аман қалыпты. Одан соң “бастық жолдас” үй шарусынан тысқары аттамапты, әйелінің әмірінде жүріпті, ал бәйбішесі пысық еді. Талаптан Өскеменге оралып, жұғымдылығының арқасында көп ұзатпай үш бөлмелі пәтерге ие болып, ауылдағы әке-шешесін көшіріп алып, кілең құралпас жас отаулар ақар-шақар араласа бастағанымызда көрдім ол кісіні, қала тірлігіне тез көндігіп, пәтерді тап-тұйнақтай етіп ұстады, немерелерін мұнтаздай етіп бағып-қағып жүрді.

“Балалық шағымыз арналас болған жоқ” дегенім: тірі жетімдікті тым ерте көрген Талаптанды бір ағайыны Өскеменге апарып, мектеп-интернатқа тапсырған да, Талаптан сонда оқып, сонда есейіп, одан Алматыға, сурет училищесіне жіберілген. Мектепте суретшілік қабілетімен танылған шәкіртті қамқор мұғалімдердің бірі жіберткен көрінеді. Училищеде ол Хакімжан Наурызбаевтың құзырында болып, айы оңынан туған. Білімдар, талантты ұстаз оның талабын ұштап, ағасындай жанашырлық жасап, інісіндей, баласындай еркелете тәрбиелеп, өнер ұясынан шыңдап, маман етіп ұшырған. Алматыда қалдырғысы да келген, бірақ Талаптан қала алмаған, ауылдағы ата-анасына алаңдаған, өзінен басқа асырап-сақтарлары жоқ қарттарының қолдарын жылы суға малуды ойлап, Өскеменге қайтқан. Облыстық гәзетке суретші болып орналасқан. Біз сонда табыстық. Мінезі ашық-жарқын, аңқылдақ. Үлкенге де, кішіге де көмектескісі келіп, құрақұшып жүргені. Әзілге шорқақ, нені болсын тура қабылдап, тулай қалуы да, сабасына түсе қалуы да тез. Жаратылысы жұмсақ. Балажан. Барған үйдің балақайларымен шүйіркелесе кетіп, қағазға сурет салып береді, немесе пластилиннен неше түрлі мүсін-қуыршақ жасай қояды.

Талаптан көбінесе Алматы, ұстаздары, әсіресе Хакімжан Наурызбаев жайында небір қызықты әңгіме айтады. Рас, әңгімеге тым шорқақ, қарадүрсіндетіп жібереді, бізге сонысының өзі құнды. Алматыны көрмегендеріміз көп, армандап, құмартып тыңдаймыз. Сурет училищесінде оқу, мүсінші болып шығу ғажап қой! “Мен – біздің облыстағы тұңғыш мүсіншімін!” дейді Тапай (біз Тапай деп атайтынбыз). Мүсінді пластилиннен жасаушы да, оны не гипске де, тасқа да көшіруші – өзі. Таңсық өнерін сан тамашаладық. Облыстың еңбектегі атақты адамдарының, тарихи тұлғаларының, Ұлы Отан соғысында Совет Одағының Батыры атағын алған жерлестеріміздің кеуде мүсіндерін жасап жүрді, ол үшін керігіп ақы да сұрамайтын, аз берсін, көп берсін, – есептесіп көрген жоқ. Кейін төлейміз деп алдап кеткендер де болды, олармен соттасқан емес. “Өй, өздері қызық екен, өтірікші екен! Ендігәрі ондайларға жоламаспын!” деп қолын сілтей салады да, тағы алданып қалып жүргені.

Талаптанның Сәбит Мұқанов және басқа жазушылардың үйлерінде, Хакімжанға көмекшілікпен ғалымдардың, артистердің, суретшілердің мүсіндерін жасауда “балшықшы” болғанын әңгімелегенде мен шынайы қызығып:

–Тапай, ей, осы айқандарыңның бәрін жазсаңшы, гәзетке берейік, кейін де керек болар, – дедім бірде.

–Мұның дұрыс екен, ойланайыншы, байқайыншы, – деген Тапай бірнеше әңгіме-естелігін қағазға түсіріп, маған берді, мен мұқият оқып, қайсыбір тұстарын өзімше көркемдеп түзеттім. Бірақ, ол ешқайсысын қайыра әкелмеді, гәзетімізге ұсынбады.

–Тапай, әңгімелерің қайда? – дедім бір күні.

–Оларды кейін көрермін, қазір кроссворд (сөзжұмбақ) жасап жүрмін, Алматының бір баспасынан жинақ шығармақшы едім, қолжазбамды өзіме қайтарып, тағы бір қарап шығуымды, толықтыруымды сұрапты, соны тездетпесем болмайды, – деді.

–Ондай да өнерің бар ма еді?! Бәрекелді! Гәзетке де беріп тұрайық, оқырмандарымызға керек қой! – деп қуандым.

Талаптанның атына заты сай талапты болғаны – бір ғажап. Таудай талабымен игермеген өнері аз еді. Кейінде сөзжұбақтан үш жинағы шықты (ол - бұл өнердің Қазақстандағы тұңғыш иесі). Соның ізіне құлай түскені сондайлық, уақытының көбін соған беріп, әңгімелерін қайта шолып ұсынуға мұрсат таппады. Келіншегі Зейнеш (“Зика” дейтінбіз): - Е, кроссворд – біздің жігіттің тоқалы ғой! - деп күліп жүрді,

Өскеменде суретшілердің бөлімшесі ашылып, бұрында бет-бетімен күнкөрген суретші, мүсінші атаулы сонда табысып, көрмелерін өткізіп, жетісіп қалды. Бірақ, содан бастап Тапайға тағы бір “өнер” дарыды – ол арақ деген пәлеге жуықтады. Тым аңқылдақ адам көңілшек келеді. “Енді қайтем, аналар ұйымдастырады, мен жырылып кете алмаймын”, дейді Талаптан, ренжіген бізге бар шынын айтып. “Ендігәрі көп ішпеймін!” деп уәдесін де береді. Амал не, сөзінде тұруы сирек. Мен жасымыздың қарайластығын пайдаланып, оңашалап алып, қатты-қатты сөйлейтінмін. Тапай мінін мойындап, қалбалақтап кешірім сұрап: “Қойдым, бітті, оллаһи! Айтқаным – айқан, міне, қолым!” деп жуаси күлетін. Десе де, көңілшектігінен, жігер күшінің пәстігінен кесірді көп көрді. Онысы үшін өзінен өзге кінәлі жоқ екенін түсініп те жүрді.

Ол бес ұл, бір қыз сүйді. Тұңғышы Талапкерден немере көрді. Талапкері Мәскеуде жоғары білім алды, Ресейде біраз жыл қызмет істеп, сонсоң Алматыға келді, аз уақытта ауызға ілініп, әжептәуір порфельді шенеунік болды. Содан бір қор құрып, ресми жиналыстарда жиі қара көрсетіп, үкімет құзырында жүрді. Алайда, бұдан төрт жыл бұрын әлгі “қордың қаржысын қалтасына басып алып, шет елдің біріне қашып кетіпті” деген хабары дүңк етті. Содан бері “қашқын” есебінде. Өз басым оның сондай теріс қылық жасағанына сенбеймін, оның тегінде өйтетін алаяқтық жоқ! Сірә, біреулердің арандатуына жем болып кеткен шығар. Талаптан, әйтеуір, ұлының ол жаманатын естімей өтті. (1993-жылы 59 жасында).

Талаптан адам ретінде арманына жеткен болар, ұрпағы өніп-өсіп жатыр. Ал мүсінші ретінде арманына жеткен жоқ, атақты жерлестерінің: бес-алты кеудемүсіннен өзге шын мәніндегі кесек туындысы қалмады. Кезінде қаламынан шыққан әңгімелері, естеліктері қайда екені беймәлім. Өмірінің жұмбағы – сол.

Ғаббас Қабышұлы,

Қазақстанның Құрметті жазушысы, 

Халықаралық әдеби "Алаш" сыйлығының иегері

SerikkazyБіздің Төр Алтай табиғат байлығымен ғана емес, талантты адамдарымен де алты алашқа танымал. Небір талантты шығыстың мақтанышы боларлық ел азаматтары баршылық.

Қазақ тарихында өз қаржысымен Отанға ұшақ сыйлаған адам Қажымұқан Мұңайтпасов екенін әркім біледі. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдар атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасов мемлекеттік қорғаныс комитетіне жазған хатында өз өнерін көрсетіп одан түскен 100 000 сом (ол кезде қыруар ақша) қаржыға ұшақ жасау туралы өтініш білдірген екен. Ұшақ 1944 жылы күзде дайын болып, соғыс барысында 100 000-нан аса әскери тапсырма орындаған. 1945 жылы 24 маусымда Мәскеу қаласында өткен Жеңіс шеруіне қатысып, Қажымұқан ұшағы да әуеге көтеріліпті. Ұшақ жасауға қаржы бергені үшін Қажымұқан Сталиннен алғыс хат алған. Ал екінші ұшақты сыйлаған қытайдағы қазақтан шыққан жомарт жан – Басбай Шолақұлы. Ол Шыңжан өлкесі Тарбағатай аймағының тұңғыш уәлиі болған адам. Басбай Шолақұлы Америкаға қарсы тұрып, Кореяда тұтанған соғысқа дəл осылай əуе кемесін тарту еткен екен. Шыңжан газетінің 1-51 жылы 9 айдың 18 күнгі санында «Тарбағатай аймағының уәлиі Басбай Шолақұлы Америкаға қарсы тұрып Чаушянға көмек беру науқаны кезінде 10 000 бас қой, бір соғыс ұшағын берді.» - деп жазады.

Міне осы мәрттік 50 жыл өткенде қазақ даласында қайта жаңғырды. 2001 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай екі бірдей ұшақ сыйлаған Бәсбай Шолақұлының ұрпағы Серікқазы Қайырлыұлы туралы не білеміз?

Серікқазы Қайырлыұлы Құрманғали 1965 жылы Тарбағатай ауданы Тұғыл кентінде туған. 1982 жылы Тұғыл кентіндегі А.С. Макаренко атындағы орта мектепті бітіріп, Өскеменге барады. Алдымен ДОСААФ-та (əскерге шақырылатындарды дайындайтын қоғамдық ұйым) староста болды. Сосын Украина (стратегиялық мақсаттағы ракеталық əскер) жерінде Кеңес əскері қатарын толықтырып, өмірдің жаңа бір белесін бағындырады.

1985-87 жылдарды әскери борышын өтеп, Өскеменге оралды. Екі қолға бір жұмыс, жиырма беске толмаған жігерлі жас жігіт қандай жұмыс болса да әзір еді. Əр ұйымның 

Samolet11есігін қағып жүріп "КЭМОНТ" мекемесіне тоқталды. Тапсырманы тап-тұйнақтай етіп орындайтын тұғылдық азамат Ресей мен Қытай шаһарларын аралап, Шығыс топырағына тұңғыш электр жабдықтарын тасымалдай жүріп, талай қауіпті сапарларды бастан өткізді. 90- жылдардың талай қатерлі жолдарын артқа тастап, інісі Болатхан Қайырлыұлы екеуі тапқан таянғанын ұшақ жасауға жұмсапты. Одақтың тараған кезі, қаржы мәселесі өте қиын еді. Бірақ ойға алған арманы жүзеге асыру үшін Серікқазы көп еңбек етті. ДОСААФ өкілдерімен бірлесе отырып, «ұшақ жасау» идеясын талқылады. Ұшаққа «Тойота Калдина» жеңіл көлігінің моторын салып, басқа детальдарын автокөлік пен бланиктен алды. Ал ұшақты патенттеу оңайға соққан жоқ. О баста рұқсат берген институт өкілдері алғашқы ұшақты «өте жақсы» деп бағалады. Екінші ұшаққа қарағанда тұңғыш әуе кемесі үздік деп бағаланды. Артына екі балка қойылғандықта таулы аймақта қонуға ыңғайлы әрі төзімді. Ал екінші ұшаққа жұмсалған қаржы көбірек, әрі ұшақтың салмағы ауыр болып шықты. Дегенмен екеуінің де салмағы 500 кг аспайтын. Бір қызығы Серікқазы да, Болатхан да және екі құрастырушысымен бірлесе бастаманы аяқтағанмен өздері ұшаққа отырып көрмепті. Идея авторлары бекітілген заңға сәйкес, өздерінің ұщаққа отырып, көкке көтерілуіне немесе оталдырып көрулеріне болмайды екен. Тек інісі екеуі «Қарлығаш» деп ат қойған ұшаққа кезектесіп отырып суретке түсіпті. (суретте) 2000 жылы ұшақ дайын болған кезде сынақтан өткізетін аэродром табылмай, қиналған кездер де болды. Биліктегілерден қолдау таппай, дайын ұшақты ұшыра алмай көп әуреге түсіп, ақыры жер бедерін грейдермен тегістеп, сынақтан өткізеді.

Samolet56Ағайындылар ұшақ жеңіл де қолайлы болу үшін қажетті материалдарды Мәскеу мен Томск қалаларынан тасыған. Новосібір қаласындағы СИБНИИА авиация серитфикат беру орнымен 3 жыл жұмыс жасады.Серікқазы інісі Болатхан екеуі өз қалталарынан қаражат шығара отырып, ұшақты құрастырып шығарды, Әрина басқа азаматтардың да көмегі болды. Ұшақты сынау барысында ұшқыш – сынақшы А.А. Нетунаев,  Новосібірден келген екі инженер маневрға қатысып, «өте жақсы ұшақ» деген баға беріпті. Сөйтіп Өскеменнің аспанында алғаш рет қазақ құрастырған «Қарлығаш» атты ұшақ әуеге көтерілді. Мұндай жеңіл ұшақ Қазақстанға өте қажет, жастарды оқыту, тәрбиелеу, әскерге дайындау және спорт, ауыл шаруашылығына тағы басқа салаларға пайдалануға тиімді болар еді. Тәуелсіз Қазақстанның әуеге көтерілген тұңғыш ұшағы «Қарлығаш» жаңа ғасырда ТМД елдерін елең еткізер жаңалық болғаны рас.

Бұл ұшақпен Өскеменнен Тарбағатайдың аудан орталығына бір жарым сағатта жетуге болатын. Өкінішке орай Серікқазының бастамасы қолдау таппады. Бүгінде қорада сақталып тұрған ұшақты қайта қалыпқа келтіріп, діттеген жеріне жеткізу үшін қомақты қаржы (кемі бес миллион теңге) қажет. Жанарынан жалыны қайтпаған, алайда қолдау таппаған өнертапқыш жігіт бүгінде Өскемен қаласында тұрады. Қолдау танытып, мүмкіндік берсе ТМД көлемінде баламасы жоқ мұнаралы крандарды да құрастыра алады. Серікқазы Қайырлыұлының айтуынша, тым құрығанда осы жағынан демеу болса облыс, республика көлемінде талай жұмыс орны ашылған болар еді! Бұл қара бастың ғана қамы емес, тәуелсіз елдің еркін ұрпағының да қамы! Тәуелсіз Қазақстанның елім, жерім деп еңіреген талантты ұлдары туралы сіздер де біле жүріңіздер!

Құрастырған: Слямова Зиза Мұхқтарханқызы, Мәдениет саласының үздігі

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

Есімханов Ә. Көкке көтерілген қазақтың «Қарлығашы». Тарбағатайлық Серікқазы, Болатхан Қайырлыұлдарыел тәуелсіздігіне екі ұшақ сыйлағар азаматтар. - Менің өлкем.- 2022. 20 қаңтар.- Б. 7.

Интернет:

Ел тәуелсіздігіне екі ұшақ сыйлаған қазақ кім. . . https://www.6alash.kz/kz/article/el-tauelsizdigine-eki-ushaq-siylagan-qazaq-kim-.html

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений