kl kz



>
Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.
Аудан паспорттары
Шемонаиха ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Өңірлік мерзімді басылымдар
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Ескерткіштер
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Маңызды оқиғалар
ШҚО ауылдарының тарихы
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
Тәуелсіздік хроникасы
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Бейнетоптама
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Виртуалды көрмелер
#Әуезов125

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

ulydala ru

- Қоғам және мемлекет қайраткері, Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл (1667-1764)

- Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымұлының туғанына 220 жыл (1802-1847)

- Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл (1872-1937)

1 қаңтар - әнші, Қазақстанның халық артисі, КСРО халық артисі, Халық Қаһарманы Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл (1922-2011)

12 қаңтар - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстанның бірінші басшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл (1912-1993)

22 наурыз - қазақ әдебиетінің негізін салушы Қазақстанның Халық жазушысы, академик Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың туғанына 120 жыл (1902-1985)

23 наурыз - әдебиет зерттеуші ғалым, жазушы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Серік Смайылұлы Қирабаевтың туғанына 95 жыл (1927)

2 мамыр - қазақ әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі Күләш Байсеитованың туғанына 110 жыл (1912-1957)

4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранына 30 жыл (1992)

 

15 шілде - Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл (1922-1943)

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2022 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі

2022 жылы "Художественная литература" баспасының 200 томдық "Библиотека Всемирной Литературы" сериясына 55 жыл толады (1967). Үшінші "Литература XX века" сериясында М.Әуезовтің "Абай жолы" романы (134, 135 томдар) жарық көрді.

1 қаңтар Үржар ауданының тумасы, жазушы-драматург Мұхаметқали Хасеновтың туғанына 95 жыл (1927-1987)
1 қаңтар Абыралы (Абай) ауданының тумасы, актер, режиссер, Қазақстанның Халық әртісі (1970),Семей қаласының Құрметті азаматы Әбілқасым Жаңбырбаевтың туғанына 95 жыл (1927-2012)
1 қаңтар Үржар ауданының тумасы, Үржар аудандық "Пульс времени" газетінің редакторы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Зоя Буланованың туғанына 65 жыл (1957)
1 қаңтар Семей қаласының тумасы, опера әншісі (тенор), режиссер, Қазақстанның халық әртісі (1954), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Байғали Досымжановтың туғанына 100 жыл (1922-1998)
2 қаңтар Кеңес Одағының Батыры Хамза Мүрсәлімұлы Мұхамадиевтің туғанына 115 жыл (1907-1997.)
2 қаңтар Катонқарағай ауданының тумасы, кескіндемеші, суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Құдаш Дәулетханұлы Нұрсадықовтың туғанына 60 жас (1962)
4 қаңтар Марқакөл (қазіргі Күршім) ауданының тумасы, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Көпен Ерқасовтың туғанына 70 жыл (1952) 
                                                   5 қаңтар Зырян ауданының тумасы, Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, қоғам қайраткері Виталий Леонидович Меттенің туғанына 75 жыл (1947-2003)
10 қаңтар Кеңес Одағының Батыры Федор Сергеевич Берестовтың туғанына 100 жыл (1922-1944)
14 қаңтар Өлке зерттеушісі, саяхатшы Петр Петрович Семенов-Тянь-Шанскийдің туғанына 195 жыл (1827-1914)
20 қаңтар Ұлан ауданының тумасы, Кеңес Одағының Батыры Ізғұтты Айтықовтың туғанына 100 жыл (1922-1944)
24 қаңтар Абай ауданының тумасы, сазгер, актер, ҚР Ертіс өңірі композиторлары одағының мүшесі Сапарбек Әшімбековтың туғанына 80 жыл (1942-2020)
27 қаңтар Осыдан 30 жыл бұрын (1992) Өскемен Қорғасын-мырыш комбинатында (қазір «Казцинк»ЖШС) Егемен Қазақстаннның алғашқы алтыны шығарылды.
қаңтар Семей жүн өңдеу фабрикасының іске қосылғанына 90 жыл (1932)
қаңтар Өскемен Қорғасын-мырыш комбинатының (қазіргі «Казцинк»ЖШС) құрылғанына 70 жыл (1952)
  АҚПАН
2 ақпан Ұлы Отан соғысына қатысушы, суретші-мүсіндеуші, талантты ұстаз және Өскемен қаласы Пионерлер Үйі жанындағы бейнелеу өнері үйірмесінің жетекшісі (1950-70 жж.) Ефим Наумович Годовскийдің туғанына 115 жыл(1907-1975)
6 ақпан Сценарист, кинорежиссер, оператор, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Анатолий Павлович Лаптевтің туғанына 80 жыл(1942)
11 ақпан Үлбі ГЭС-інің іске қосылғанына 85 жыл (1937)
15 ақпан «Семипалатинские вести» газетінің шыға бастағанына 20 жыл (2002)
20 ақпан Осыдан 90 жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысының орталығы Семей қаласы болып белгіленді (1932)
22 ақпан Абай ауданының тумасы, кинорежиссер, Қазақ ССР-і өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, Ұлы Отан соғысына қатысушы Мәжит Сапарғалиұлы Бегалиннің туғанына 100 жыл(1922-1978)
26 ақпан Бұрынғы Шығыс Қазақстан обкомының екінші хатшысы, қоғам қайраткері Рысбек Мырзашевтің туғанына 90 жыл(1932-1987)
27 ақпан

Шығыс Қазақстан облыстық ардагерлер ұйымына 35 жыл (1987)

28 ақпан

Зырян қорғасын комбинатының бұрынғы директоры, техника ғылымдарының кандидаты, Социалистік Еңбек Ері, Зырян (қазіргі Алтай) қаласының Құрметті азаматы Нәби Құлшыманұлы Жақсыбаевтың туғанына 110 жыл (1912-1975)

ақпан Осыдан 105 жыл бұрын (1917) Өскемен қаласында алғашқы газет «Друг народа» жарық көрді.
ақпан Семей қаласында ұн-құрама жем комбинатының (қазір Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты» АҚ) құрылғанына 80 жыл (1942)
ақпан

Өскемен қаласындағы № 25 орта мектептің (қазір математика, физика, информатика пәндерінен дарынды балаларға арналған мектеп-лицей) ашылғанына 50 жыл.

(1972 ж. - жалпы білім беретін мектеп, 1991 ж. - лицей)

ақпан

Күршім аудандық «Рауан» - «Заря» газеттерінің шыға бастағанына 85 жыл.

(1937 ж. - «Социалистік еңбек», 1965 ж. - «Коммунистік еңбек», 1990 ж. – «Рауан»)

  НАУРЫЗ
4 наурыз Кенді Алтайдың байырғы геологы Павел Петрович Буровтың туғанына (1902-1944) 120 жыл
8 наурыз Тарбағатай ауданының тумасы, фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжановтың туғанына 65 жыл (1957)
11 наурыз 95 жыл бұрын Семей губерниясы халыққа білім беру қызметкерлерінің 1-съезі болды (1927)
13 наурыз Абай ауданының тумасы, физика-математика ғылымдары бойынша қазақ халқы арасынан шыққан тұңғыш доцент Сәдуақас Хасенұлы Боқаевтың туғанына 115 жыл (1907-1942)
16 наурыз Семей қаласының тумасы, өлке зерттеушісі, фольклоршы, этнограф, мұражай қызметкері Алексей Николаевич Белослюдовтың туғанына 135 жыл(1887-1939)
18 наурыз Көкпекті ауданының тумасы, жазушы Дмитрий Рябуханың туғанына 100 жыл (1922-1972)
22 наурыз Риддер қаласының тумасы, Ресей және ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Клим Семенович Первушиннің туғанына) 75 жыл(1947)
22 наурыз Тарбағатай аймағының тумасы (ҚХР), тарихшы, этнограф, әдебиет зерттеушісі Нығмет Мыңжанидың туғанына 100 жыл (1922-1993)

23 наурыз

Кеңес Одағының Батыры Николай Александрович Шарабариннің туғанына 115 жыл(1907-2001)
24 наурыз Шұбартау (қазіргі Аягөз) ауданының тумасы, журналист, ақын Төлеуғали Есімжановтың туғанына 80 жыл(1942-1978)
25 наурыз Семей қаласында өлкенің кәсіподаққозғалысына арналған «Трудовая жизнь» журналының бірінші санының шыққанына 115 жыл (1907)
25 наурыз Жазушы, суреткер, фотограф, саяхатшы Владимир Николаевич Нетисовтың туғанына 85 жыл (1937)
26 наурыз Абай ауданының тумасы, журналист, ақын, республикалық «Абай» журналының бас редакторы, ҚР Мәдениет қайраткері Мұратбек Оспановтың туғанына 60 жыл (1962)
27 наурыз Семей қаласының тумасы, Шығыс Қазақстан облысының байырғы журналисі, облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінің бұрынғы бас редакторы Мұқан Әбуғалиевтің туғанына 95 жыл(1927-2008) 
27 наурыз Жарма ауданының тумасы, техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-ның коор. мүшесі, ҚР Халыққа білім беру ісінің үздігі Ғалымқайыр Мұтановтың туғанына 65 жыл (1957)
29 наурыз Жазушы, СССР Жазушылар Одағының мүшесі, запастағы подполковник, Лениногорск (қазіргі Риддер) қаласының Құрметті азаматы Владимир Николаевич Петровтың туғанына 95 жыл (1927–1993)
31 наурыз (13 сәуір) Императорлық Орыс географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің құрылғанына 120 жыл (1902)
31 наурыз Семей қаласында Воскресенский соборының құрылысы басталғанына 165 жыл (1857)
  СӘУІР  

1 сәуір

Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасының Абай ауылында қойылғанына 105 жыл (1917)
10 сәуір Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғам қайраткері, Өскемен қаласыныңҚұрметті азаматы Оралбек Бейсембайұлы Малдыбаевтың туғанына 100 жыл(1922-2010)
15 сәуір Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ химия, металлургия және кен байыту кафедрасының профессоры, металлург, қоғам қайраткері, Халық қаһарманы, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Ахат Сәлемхатұлы  Күленовтың туғанына 90 жыл(1932-2007)
15 сәуір Семей қаласындағы Н.К. Крупская атындағы педагогикалық институтының түлегі әрі деканы, философ, ҚР ҰҒА академигі Ғарифолла Есімнің туғанына 75 жыл(1947)
17 сәуір Сібір мен Орта Азия этнографы, зерттеуші Николай Алексеевич Абрамовтың туғанына  210 жыл(1812-1870)
23 сәуір Бағбан-мичуринші, омарташы, өлкетанушы Дмитрий Гордеевич Панкратьевтің туғанына 155 жыл(1867-1956)
24 сәуір Шемонаиха ауданының тумасы, жазушы, америка колледждерінің бірінің профессоры, филология, Испания, Мексика ғылым және өнер Академиясының Құрметті докторы, Әлемнің көптеген елдерінің әдеби сыйлықтарының иегері Георгий Дмитриевич Гребенщиковтың туғанына 140 жыл(1882–1964)
30 сәуір Өскемен қаласында Металлургтердің Мәдениет сарайының (ММС) ашылғанына 65 жыл (1957)
сәуір Шығыс Қазақстанда "Мир" Халықаралық телерадиокомпаниясының корреспонденттік пунктінің тіркелгеніне 25 жыл
сәуір Шемонаиха аудандық Достық үйінің ашылуына 25 жыл
сәуір 15 жыл бұрын Қазақстанда алғаш рет Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде электрондық қызмет көрсету орталығы ашылды.
  МАМЫР
1 мамыр Айтыс ақыны, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Айнұр Тұрсынбаеваның туғанына 45 жыл (1977)
1 мамыр Суретші, Қазақ ССР-нің және КСРО-ның халық суретшісі, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор, Телжанов Қанафия Темірболатұлының туғанына 95 жыл (1927-2013)
3 мамыр Шығыс Қазақстан және Семей облыстарының бірігіп, орталығы Өскемен қаласы болып Шығыс Қазақстан облысы белгіленгеніне 25 жыл (1997)
4 мамыр Аягөз қаласының тумасы, домбырашы-күйші, музыка зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жарқын Жақияұлы Шәкәрімнің туғанына 75 жыл (1947-2019)
5 мамыр Ақсуат (қазіргі Тарбағатай) ауданының тумасы, жазушы, аудармашы және әдебиеттанушы, Ұлы Отан соғысына қатысушы Төкен Әбдірахмановтың туғанына 105 жыл(1917–1990)
5 мамыр Тарбағатай ауданының тумасы, журналист, публицист, жазушы Шәкерхан Әзмұхамбетовтың туғанына 80 жыл (1942)
9 мамыр Кеңес Одағының Батыры Зәкәрия Белібаевтың туғанына 105 жыл (1917-1982)
15 мамыр Семей өңірі Курчатов қаласында Ұлттық ядролық орталықтың құрылғанына 30 жыл (1992)
15 мамыр Күршім ауданының тумасы, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби ұшқыш Жақыпбек Малдыбаевтың туғанына 115 жыл(1907-1938)
15 мамыр Абыралы (Абай) өңірінің тумасы, ақын, әдебиетші, сыншы Төлеужан Ысмайыловтың туғанына 90 жыл (1932-1973)
16 мамыр Өскемен қаласыныңҚұрметті азаматы, қоғам қайраткері Зәмза Қадылшаұлы Қырықбаевтың туғанына  80 жыл(1942)
17 мамыр ҚР еңбегі сіңген Мәдениет қызметкері, ШҚ сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық қорық-мұражайын қалаушы, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Николай Алексеевич Зайцевтің туғанына 75 жыл (1947)
20 мамыр Өскемен қаласында ТРАМұмысшы жастар театры) театрының ашылғанына 85 жыл (1937)
25 мамыр Семей қаласында  Байланыс мұражайының ашылғанына 30 жыл(1992)
мамыр Өскемен қаласында алғашқы «Қарлығаш» қазақ балабақшасының ашылғанына 30 жыл (1992)
  МАУСЫМ

1 маусым

Аягөз ауданының тумасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, меценат Нұртай Салихұлы Сәбилановтың туғанына 60 жыл (1962)
3 маусым Өскемен қаласы Жамбыл атындағы мектеп-интернаттың бұрынғы директоры, Қазақстан ағарту ісініңүздігі, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Уәлиахмет Нұрахметұлы Байдельдиновтың туғанына 90 жыл(1932-2012)
6 маусым Жарма ауданының тумасы, өнер қайраткері, сазгер, продюсер Бари Кәрімұлы Алибасовтың туғанына 75 жыл (1947)
7 маусым Кеңес Одағының Батыры Жанғазы Әкімұлы Молдағалиевтың туғанына 105 жыл. (1917-1943)
8 маусым Семей орыс драма театрының (қазір Ф.Достоевский атындағы Мемлекеттік орыс драма театры) құрылғанына 85 жыл (1937)
9 маусым Катонқарағай ауданының тумасы, ақын, журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Шәмші Заутдиннің туғанына 75 жыл (1947)
10 маусым 105 жыл бұрын Семей қаласында «Алаш» ұлттық-демократиялық қозғалысының «Сарыарқа» газетінің бірінші саны жарық көрді (1917)
10 маусым Ақсуат ауылының тумасы, сыбызғышы, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», өнертану ғылымдарының кандидаты, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының доценті Талғат Мұқышевтың туғанына 60 жыл (1962)
13 маусым Абай ауданында туып-өскен ақын, драматург, журналист әрі аудармашы Мерғали Жанғалиұлы Ибраевтың туғанына 80 жыл (1942-1997)
14 маусым Жарма ауданының тумасы, балуан, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Тұрлыхановтың туғанына 90 жыл (1932-1993)
16 маусым Глубокое ауданының тумасы, жазушы-өлкетанушы, журналист, СССР Жазушылар Одағының мүшесі (1958), Ұлы Отан соғысына қатысушы Дмитрий Феофанович Черепановтың туғанына) 115 жыл (1907-1992)
17 маусым ШҚО- да кардиология бөлімінің негізін қалаушы, белгілі кардиолог, бас хирург (1962-1992), ШҚ облыстық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған Бруно Эрихович Рейштің туғанына 95 жыл(1927–1992)
22 маусым Суретші, Украинаның еңбегі сіңген Мәдениет қызметкері, Семей қаласының Құрметті азаматы Александр Алексеевич Шевченконың туғанына 95 жыл. (1927–2003)
25 маусым Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты қорғасын зауытының пайдалануға берілгеніне 70 жыл (1952)
27маусым Ұлан ауданының тумасы, журналист, ақын Тұрғазы Нұқаевтың туғанына 85 жыл. (1937-2001)
  ШІЛДЕ
2 шілде Шемонаиха ауданының тумасы, қобызшы, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Хайна Болтаеваның туғанына 65 жыл (1957)
3 шілде Батыс-Алтай табиғи мемлекеттік қорығының құрылғанына 30 жыл (1992)
5 шілде Өскемен педагогикалық институтының (қазіргі С. Аманжолов атындағы ШҚУ) құрылғанына 70 жыл (1952)
10 шілде Катонқарағай ауданының тумасы, КСРО журналистер Одағының мүшесі Анатолий Викторович Серебряниковтың туғанына 70 жыл (1952-1996)
13 шілде Жарма ауданының тумасы, ғалым, әдебиеттанушы Серікқазы Сыбанбайұлы Қорабайдың туғанына 65 жыл (1957)
13 шілде Шығыс Қазақстан облыстық прокуратураның құрылғанына 100 жыл (1922 жылдың 13 шілдесінде Каз.ЦИК(ОАК)-тің 2-шақырылымындағы 3 сессиясының   шешімімен Халықытық Юстиция Комиссариатының (ХЮК) құрамында мемлекеттік прокуратура құрылған. Осыған байланысты Халықтық Юстиция Комиссары республика прокурорының міндетін атқарды. Осы сессия шешімімен «Прокурорлық қадағалу Ережесі» бекітілді.
15 шілде Кеңес Одағының Батыры Петр Иосифович Теряевтің туғанына (1922–1945) 100 жыл
20 шілде ҚазССР халыққа білім беру ісінің үздігі, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Қайырбану Қыдырқанқызы Байбатшинаның туғанына  100 жыл(1922 -2012)
21-26 шілде Орынбор қаласында 1-ші жалпықазақстандық съездіңашылғанына 105 жыл,  соңынан «Алаш» саяси партиясы құрылды (1917)
21 шілде Абай ауданының тумасы, балалар жазушысы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Таупык Рымжановтың туғанына 85 жыл(1937- 2012)
22 шілде Зайсан ауданының тумасы, ғалым-тарихшы, қазақтың тұңғыш әскери академигі Зайсан ауданының Құрметті азаматы Керейхан Рахымжанұлы Аманжоловтың туғанына 95 жыл(1927)
27 шілде Тұңғыш қазақ журналисі, педагог, аудармашы, ЗСОРГО мүшесі Нәзипа Сағызбайқызы Құлжанованың туғанына 135 жыл(1887–1934)
  ТАМЫЗ
1 тамыз Өскемен мырыш зауытының (1947) (қазіргі «КАЗЦИНК» ЖШС) іске қосылғанына 75 жыл
1 тамыз Абай ауданының тумасы, журналист, жазушы, драматург Думан Рамазанның туғанына 55 жыл1967)
1 тамыз Аягөз ауданының тумасы, композитор, педагог, профессор, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР және КСРО Халық әртісі, ҚР-ның Еңбек Ері Еркеғали Рахмадиевтың туғанына 90 жыл (1932-2013)
5 тамыз Экономика ғылымдарының кандидаты, тарих ғылымдарының докторы, Семей университетінің құрметті профессоры Болатбек Нәсеновтің туғанына 85 жыл (1937)
5 тамыз

Жазушы Келіс Рахимжановтың туғанына 65 жыл (1957)

6 тамыз Ақын, оқытушы, ҚР Журналистер одағының мүшесі Қалиғожин Советхан Жақыптегінің туғанына 85 жыл (1937 ж.-2021)
9 тамыз Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының   лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы, Үржар ауданында тұрған, Дәулеткерей Кәпұлының туғанына 45 жыл (1977)
11 тамыз Өскемен қаласындағы Орталық Мәдениет Үйінің (ЦДК) (қазіргі Ертіс Концерт кешені) ашылғанына 60 жыл(1962)
17 тамыз Ұлан ауданының тумасы, Қазақстан Жазушылар Одағы ШҚ филиалының хатшысы, республикалыҚ «Ақ Ертіс» (Өскемен қ.) әдеби, мәдени-қоғамдық  журналының бас редакторы, «Шабыт» жас ақындар мектебінің жетекшісі, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Серік Ғабдуллаұлының туғанына 85 жыл (1937-2014)
18 тамыз Күршім ауданының тумасы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Оразбек Демесінұлы Апышевқа 75 жыл (1947)
19 тамыз Осыдан 85 жыл бұрын (1937) Өскемен қалалықкітапханасына ақын А.С.Пушкин есімі берілді (қазіргі А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы)
20 тамыз Зайсан ауданының тумасы, жазушы, «Социалистік Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Кеңесхан Зәкеновтың туғанына 85 жыл. (1937-1993)
20 тамыз Кеңес Одағының Батыры   Степан Николаевич Борозенецтің туғанына 100 жыл (1922 – 2016)
21 тамыз Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының құрылғанына 75 жыл (1991 жылы жабылғанға дейін Семей ядролық полигон орталығы) (1947)
27 тамыз Большенарым (қазіргі Катонқарағай) ауданының тумасы, журналист, жазушы, өлкетанушы-зерттеуші Меңғали  Шаймарданұлы Мусиннің туғанына 95 жыл(1927-2011)
27 тамыз Марқакөл ауданының тумасы, режиссер, өнер қайраткері Марат Сәйдешұлы Сақатовтың туғанына 75 жыл (1947-2000)
28 тамыз Кеңес Одағының Батыры Василий Корнеевич Новиковтың туғанына 115 жыл(1907–1981)
29 тамыз Кеңес Одағының Батыры Александр Иванович Соломатиннің туғанына 100 жыл (1922–1945)
тамыз Өскемен қаласындағы орталық мешіттің ашылуына 25 жыл. (Ерлер приход училищесінің ғимараты, 1897ж. салынған, 1920ж. – педагогикалық техникум ғимараты,1926 ж. Луначарский)
                                                  ҚЫРКҮЙЕК
1 қыркүйек Семей зооветеринария институтының (қазір Шәкерім атындағы СМУ құрамында) ашылғанына 70 жыл (1952)
1 қыркүйек Семей тері-былғары техникумының ашылғанына 65 жыл (1957)
1 қыркүйек Семей өзен флоты техникумының ашылғанына 60 жыл (қазір транспорт колледжі құрамында) (1962)
1 қыркүйек Ұлы Отан соғысына қатысушы, СССР Жазушылар Одағының мүшесі, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Михаил Иванович Чистяковтың туғанына 105 жыл(1917-2006)
11 қыркүйек Кеңес Одағының Батыры Вениамин Борисович Кошуковтың туғанына 100 жыл (1922-1944)
10 қыркүйек Жарма өңірінің тумасы, ақын, әдебиеттанушы-ғалым, этнограф Мүсілім Айтқазыұлы Мұсағитовтың туғанына 55 жыл (1967-1994)
13 қыркүйек ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан-Америка еркін университетінің Президенті, «Парасат» орденінің иегері, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиевтің туғанына 85 жыл(1937)
13 қыркүйек Жамбыл атындағы ШҚ облыстық театрының байырғы әртісі Андрей Николаевич Шиляевтің туғанына 115 жыл(1907-1976)
12 қыркүйек Күршім ауданының тумасы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Айтқазы Қалиолдаұлы Адрышевтің туғанына 80 жыл (1942)
14 қыркүйек

Глубокое ауданы Уваров орта мектебінің ашылғанына 125   жыл (1897)

15 қыркүйек Зайсан уезіндегі тұңғыш ауылдық мектептің ашылғанына 120 жыл (1902)
18 қыркүйек Өскемен ТЭЦ-і іске қосылғанына 75 жыл (1947)
22 қыркүйек Қазақстанға еңбегі сіңген құрылысшы, Халық Қаһарманы, Семей қаласының Құрметті азаматы Аким Иванович Атмачидидің туғанына 85 жыл(1937 – 2013)
25 қыркүйек Өскемен қорғасын-мырыш зауытының іске қосылғанына 75 жыл (1947)
25 қыркүйек Кеңес Одағының Батыры Яков Степанович Котельниковтың туғанына  100 жыл(1922-1972)
28 қыркүйек Жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі, әдебиетші-ғалым, абайтанушы, филология ғылымының докторы, профессор, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 125 жыл (1897-1961)
29 қыркүйек Кеңес Одағының Батыры Андрей Гурьянович Огневтің туғанына 120 жыл(1902-1943)
30 қыркүйек Кеңес Одағының Батыры Лев Михайлович Рощиннің туғанына 100 жыл(1922-1958)
қыркүйек Курчатов қаласында ядролық қаруды таратпау мәселелері бойынша халықаралық симпозиумның өткізілуіне 25 жыл
қыркүйек Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік шекарасында Майқапшағай заставасының жанында Егемен Қазақстанның рәміздері мен атрибуттары бар шекаралық белгі орнатылған сәттен бастап 25 жыл
 

 ҚАЗАН

1 қазан 15 жыл бұрын Шығыс Қазақстанда электрондық үкіметті енгізу мәселелері бойынша Call-орталық жұмысын бастады
2 қазан Катонқарағай ауданының тумасы, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы, журналист, баспагер, жазушы Қайырды Назырбаевтың туғанына 75 жыл(1947)
8 қазан Ұлы Отан соғысына қатысушы, Семей Қаржы-экономика техникумының түлегі, ҚР еңбегі сіңген қаржыгер Рымбек Смақұлы Байсейітовтың туғанына 100 жыл. (1922)
9 қазан Семей облысы, Шаған болысының тумасы, ақын Тәңірберген Әміреновтың туғанына 115 жыл. (1907-1985)
9 қазан Семей қаласындағы қазаққаржы-экономикалық институтының (қазір ҚазҚЭА) құрылғанына 30 жыл (1992)
10 қазан Үржар ауданының тумасы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ағаштан түйін түйетін шебер Болат Кәрімұлы Исиннің туғанына 70 жыл(1952)
10 қазан Жарма өңірінің тумасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Мақаш Тыныштықбайұлы Әлиакбаровтың туғанына 85 жыл (1937)
10 қазан Зырян ауданы Сокольск ауылының тумасы, Өскемен қаласының Құрметті азаматы, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" орденінің иегері Геннадий Леонидович Бердюгиннің туғанына 85 жыл (1937)
12 қазан Серебрянск қаласының құрылғанына 70 жыл (1952)
14 қазан Ұлан ауданының тумасы, жазушы, журналист, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Шәрбану Бейсенованың туғанына 75 жыл(1947)
14 қазан Тарбағатай ауданының тумасы, тарихшы, саясаттану ғылымдарының докторы, «Самұрық-Қазына» Ұлттық банк қорының атқарушы директоры Дархан Аманұлы Қалетаевтың туғанына 50 жыл (1972)
18(30) қазан ОГҚБСБСБ/ЗСОИРГО мүшесі, зерттеуші, саяхатшы, этнограф, географ Николай Михайлович Ядринцевтің туғанына 180 жыл(1842-1894)
23 қазан ҚазССР геология және жер қойнауын қорғау министрлігі Шығыс Қазақстан геологиялық басқармасының құрылғанына 65 жыл (1957)
23 қазан Жарма ауданының тумасы, журналист, өлкетанушы, М. Әуезов мұраларын зерттеуші Ғабит Зұлхаровтың туғанына 85 жыл (1937)
25 қазан Әскери қайраткер, генерал-майор Чокушев Ғабдулхак Ысқақұлының туғанына 65 жыл (1957-2014)
24 қазан Өскемен қаласында Халық үйінің (қазіргі Аймақтық Тестілеу Орталығы) ашылғанына 120 жыл (1902)
28 қазан Жарма ауданының тумасы, әнші, ҚазССР-інің Халық әртісі, СССР, Қазақстан және Ресей елдерінің Мемлекеттік сыйлығының иегері Роза Қуанышқызы Рымбаеваның туғанына (1957) 65 жыл
31 қазан Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының (қазір Шәкәрім атын. педагогикалық институты) ашылғанына 85 жыл (1937)
қазан 95 жыл бұрын Семей қаласында әйелдердің I губерниялық Съезі болды (1927)
қазан Глубокое ауданы Белокаменка ауылының құрылғанына 100 жыл(1922)
қазан Семей қаласында Татар өнер мектебінің құрылғанына 30 жыл (1992)
қазан ҚазССР геология және жер қойнауын қорғау Министрлігінің Шығыс Қазақстан геологиялық басқармасының (ШҚГБ) ұйымдасқанына 65 жыл (1957
                                                         ҚАРАША
6 қараша Өскемен қаласында «Юбилейный» кинотеатрының пайдалануға берілгеніне 55 жыл (1967)
6 қараша Зайсан қаласының өлкетанушысы, журналист Тамара Григорьевна Вязигинаның туғанына 85 жыл (1937)
6 қараша Өскемен қаласында Қоғамдық кеңес басқаратын Шығыс Қазақстан облыстық Халықтар достығы үйінің ашылғанына 30 жыл (1992)
7 қараша «Рубцовка – Риддер» теміржол жол қозғалысының ашылғанына 85 жыл (1937)
8 қараша Актер, Ф. М. Достоевский атындағы Семей орыс драма театрының директоры Яков Вениаминович Горельниковтың туғанына 75 жыл (1947)
12 қараша Өскемен қаласындағы "Континент" әдеби тобын (1982) ұйымдастырушы, ақын Александр Романовтың туғанына 70 жыл (1952-1994)
17 қараша Ұлан ауданының тумасы, тарих ғылымдарының докторы, археолог, Берел қорғанын ашқан, Ә. Марғұлан атындағы ҚР БҒМ Археология институтының бас ғылыми қызметкері Зейнолла Самашевтың туғанына 75 жыл (1947)
20 қараша Мәдениеттанушы, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғабитов Тұрсын Хафизұлының туғанына 75 жыл (1947)
23 қараша Өскемен қаласының тумасы, ақын, облыстық «Рудный Алтай» газетінде журналист болып істеген Виктор Александрович Веригиннің туғанына 70 жыл (1952-2005)
23 қараша Семей өңірінің тумасы, ҚР еңбегі сіңген дәрігер, Семей облыстық акушерлер мен гинекологтардың ғылыми қоғамының негізін салушы Алаш Ахметжанұлы Қозбағаровтың туғанына 105 жыл(1917–1996)
25 қараша Тарбағатай өңірінің тумасы, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарынң докторы, профессор Серікболсын Әбділдинге 85 жыл (1937)
29 қараша Ақсуат (қазір Тарбағатай) ауданының тумасы,   журналист, аудармашы, ақын Зейнолла Тілеужанұлының туғанына 80 жыл, (1942)
  ЖЕЛТОҚСАН
2 желтоқсан Шығыс Қазақстан облыстық жолаушылар басқармасының бұрынғы бастығы, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Григорий Григорьевич Флейтлихтің туғанына 95 жыл(1927-2007)
4 желтоқсан Семей өңірінің тумасы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Алмахан Мұхаметқалиқызының туғанына 60 жыл (1962)
4 желтоқсан Өскемен қаласында балалар музыка мектебінің ұйымдастырылғанына 80 жыл (1942)
5 желтоқсан Өскемен қаласында 47 жыл бойы денсаулық сақтау саласында еңбек еткен дәрігер, Өскемен қаласының Құрметті азаматы  Мария Ивановна Коротинаның туғанына 95 жыл(1927)
5 желтоқсан ҚР  Суретшілер Одағының мүшесі, Өскемен қаласының әуесқой-суретшілер изостудиясының басшысы, республикалық, облыстық, одақтық және халықаралық көрмелерге қатысушы Николай ПавловичАштеманың туғанына  80 жыл (1942)
5 желтоқсан Аягөз ауданының тумасы, жазушы, журналист, аудармашы, Ұлы Отан соғысынақатысушы АсқарЛекеровтың туғанына 110 жыл(1912-1964)
5 желтоқсан Зайсан ауданы «Освобождение» колхозының бұрынғы агрономы (1959–1962), ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Шәкен Уалиханұлы Жарасовтың туғанына 85 жыл(1937)
5-13 желтоқсан

Алашорда автономиясы өткен Орынборда қазақ зиялыларының 2-ші жалпықазақ съезінің өткізілуіне 105 жыл (1917)

Алаш автономиясына 105 жыл (1917)

6 желтоқсан Бесқарағай ауданының тумасы, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚазССР-і өнеріне еңбегі сіңген қайраткер (1939) НұрлыбекБаймұратовтың туғанына 135 жыл(1887-1969) 
9 желтоқсан Кеңес Одағының Батыры Василий Александрович Шулятиковтың туғанына 105 жыл(1917)
10 желтоқсан Кеңес Одағының Батыры, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Николай Николаевич Силиннің туғанына 100 жыл. (1922-1999)
10 желтоқсан Зайсан ауданының тумасы, жазушы, драматург Әділбек Тауасаровтың туғанына 75 жыл(1947-1999)
10 желтоқсан Қазақстан Республикасының астанасын Ақмола (Астана – Нұр-Сұлтан) қаласына ресми көшірілгеніне 25 жыл (1997)
12 желтоқсан Актриса, Қазақстанның Халық әртісі (1964) Гүлсім Әбдрахманованың туғанына 105 жыл (1917-1970)
15 желтоқсан Жарма ауданының тумасы, Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы сыйлықтың иегері, Ұлы Отан соғысына қатысушы ӘзілханНұршайықовтың туғанына 100 жыл(1922–2011)
18 желтоқсан Қоғам қайраткері, тарихшы, этнограф Халифа Алтайдың туғанына 105 жыл (1917-2003)
18 желтоқсан Лениногор қаласында (қазіргі Риддер) туып-өскен жазушы, СССР жазушылар Одағының мүшесі (1972), Н.Островский (1971), К.Федин атындағы сыйлықтардың иегері (1978) Юрий ВасильевичАнтроповтың туғанына  85 жыл(1937-2003)
19 желтоқсан Жарма ауданының тумасы, партизан – жазушы, белгілі қоғам қайраткері Ұлы Отан соғысына қатысушы, ҚазССР-іне еңбегі сіңген мұғалім Әди Шәріповтың туғанына  110 жыл(1912-1993)
19 желтоқсан 30 жыл бұрын А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада қазақ әдебиеті бөлімінің ашылуы
21 желтоқсан 70 жыл бұрын Өскемен ГЭС-і алғаш рет ток берді (1952)
21 желтоқсан «Прииртышская правда» (Семей облыстық газетінің бірінші нөмірінің жарық көргеніне 95 жыл) (1927)
21 желтоқсан ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1966), Жамбыл атын. ШҚ облыстық драма театрында 40 жылдан астам уақыт жұмыс істеген Анна Матвеевна Мерцтің туғанына 115 жыл (1907-1982)
23 желтоқсан Жарма ауданының тумасы, ақын Қалихан Қалиасқарұлы Алтынбаевтың туғанына 95 жыл (1927 -2002) 
23 желтоқсан Катонқарағай ауданының тумасы, журналист, ақын, Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаевтың туғанына 75 жыл (1947)
23 желтоқсан Ұлы Отан соғысына (1941-1945) қатысушы, ақын, прозашы, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің байырғы жетекшісі, эколог Михаила Сергеевич Тыцкихтың туғанына 100 жыл (1922-2007)
24 желтоқсан Кеңес Одағының Батыры Александр Григорьевич Поповтың туғанына   105 жыл(1917-2004)
25 желтоқсан Кеңес Одағының Батыры Иван МихеевичАстафьевтің туғанына 100 жыл(1922-1945.)
25 желтоқсан Кеңес Одағының Батыры Данил Михайлович Синициннің туғанына110 жыл. (1912–1975)
29 желтоқсан Семей қаласының тумасы, ақын, журналист, ертегіші Евгений Алексеевич Титаевтің туғанына 65 жыл(1957)
31 желтоқсан Өскемен қаласында Стефан Автономович Горловтың жеке типографиясының ашылғанына 115 жыл (1907)
31 желтоқсан Өскемен өзен вокзалының пайдалануға берілгеніне 50 жыл (1972)
желтоқсан 120 жыл бұрын Семей қаласында Жоғары-Ертіс пароход жолы ашылды, ол Семей қаласы мен Зайсан өзені арасында байланыс орнатты (1902)
желтоқсан ЗСОИРГО Құрметті мүшесі, ЗСОИРГО Семей бөлімшесінің құрылтайшысы және бастығы,  СССР Орталық өлкетану бюросының мүше-корреспонденті, зерттеуші-өлкетанушы, протоиерей Борис ГеоргиевичГерасимовтың туғанына 150 жыл(1872-1938)
желтоқсан Өскемен қаласында Май зауытының (қазір «Май» АҚ) құрылғанына 105 жыл (1917)
желтоқсан Өскемен қаласында Жібек маталар комбинатының алғаш рет өнім өткізгеніне 45 жыл (1977)
желтоқсан Көкпекті ауданының тумасы, Совет Одағының Батыры Қойгелді Аухадиевтің туғанына 115 жыл(1907–1943)
желтоқсан 20 жыл бұрын "Азия Авто" қазақстандық автоқұрастыру зауытында (Өскемен) "Нива" (2002) автокөліктерінің бірінші кезегін техникалық іске қосу жүзеге асқан.
желтоқсан 15 лет назад 8 декабря на станции Екаша состоялась торжественная сдача в эксплуатацию железнодорожного полотна Усть-Каменогорск-Шар. (АО «Досжан темир жолы», строительство железной дороги «Шар - Усть-Каменогорск») (2007)



 

 

 

Айы және күні белгісіз аталып өтілетін күндер

Мемлекет қайраткері, Орта жүздің бас биі Қазыбек бидің (Келдібекұлы) (1667-1763) туғанына

355 жыл
Көкжал Барақтың (Шүрекұлы) туғанына

320 жыл

Қаракерей Қабанбай батырдың туғанына (1692-1770)

330 жыл

Шемонайха ауданы Выдриха ауылының құрылғанына (1747)  

275 жыл

Глубокое ауданы Секисовка ауылының құрылғанына (1747)        

275 жыл
Палуан, Зайсан ауданында туған Бұланбай Көлбайұлының туғанына (1747-1845) 275 жыл

Шемонайха ауданы Верх-Уба ауылының құрылғанына (1762)

        

260 жыл
Глубокое ауданы Бобровка ауылының құрылғанына (1767)       255 жыл
Семей қаласына қала статусы берілгеніне (1782) 240 жыл
Глубокое ауданы Белоусовка кентінің құрылғанына (1797)         225 жыл
Белоусовка полиметалл кен орнының ашылғанына (1797) 225 жыл
Глубокое ауданы Верх-Березовка кентінің құрылғанына (1797) 225 жыл
Аягөз ауданының тумасы, дауылпаз ақын Дулат Бабатайұлының туғанына (1802-1874) 220 жыл
Өлке зерттеуші, 1834 ж. Семей қ. жұмыс істеген орыс ғалымы Николай Алексеевич Абрамовтың туғанына (1812-1870) 210 жыл
Семей қаласында өрт бақылайтын мұнараның салынғанына (1827) 195 жыл
Өскемен қаласындағы татар мешітінде ерлерге арналған мұсылман мектебінің ашылғанына (1837) 185 жыл

Бесқарағай ауданы Башкөл ауылының құрылғанына (1837)

185 жыл

Семей мешітінің салынғанына (1852-62)

170 жыл

Ақын, композитор, әнші, скрипкашы Абайдың талантты шәкірті Мұқа Әділханұлының туғанына (1857-1927)

165 жыл

Кенді Алтайда ара шаруашылығының негізін қалаған Александр Николаевич Федоровтың (1857-1918) туғанына

165 жыл

Семей қаласында екі мұнаралы тас мешіттің салынғанына (1862)

160 жыл

Катоқарағай ауданының тумасы, болыс, қоғам қайраткері, ағартушы Әбдікерім Ережепұлының туғанына (1862-1936)

160 жыл

Қоғам қайраткері, батыр Зұқа Сәбитұлының туғанына (1867-1928)

155 жыл

Балалық және жасөспірім шағын Мақаншы ауданында өткізген ақын, композитор Әсет Найманбайұлының туғанына (1867-1923)

155 жыл
Өскемен уезінің тумасы, өлке зерттеуші Борис Георгиевич Герасимовтың туғанына (1872-???) 150 жыл

Катонқарағай ауданы, Новоберезовка ауылының іргесі қаланғанына (1902)

120 жыл

Катонқарағай ауданындағы Берел ауылының іргесі қаланғанына (1882)

140 жыл

Еңлік пен Кебек оқиғасы, «Дала уалаяты» газетінде «Қазақтың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген атпен жарияланғанына (1892)

130 жыл

Режиссер, актер, драматург, Қазақстанның халық артисі, Семей өңірінде театр өнерінің жандануына үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері Жұмат Тұрғынбайұлы Шаниннің туғанына (1892-1938)

130 жыл

Өскемен қаласында шіркеу-приход училищесінің ашылғанына (қазір қала орталығындағы мешіт) (1897) (Ерлер приход училищесінің ғимараты, 1897 ж. салынған, 1920 ж. - педагогикалық техникум ғимараты,1926ж. Луначарский)

125 жыл

Күйші, Бозанбай бидің шөбересі Мұсахан Балқатайұлы Әзілхановтың туғанына (1897-1978)

125 жыл
Жарма ауданының тумасы, ақын, педагог, публицист Тұрлыхан Қасеновтың туғанына (1902-1940) 120 жыл

Кеңес Одағының Батыры Петр Степанович                                   Бочарниковтың туғанына (1907-1944)

115 жыл

Кеңес Одағының Батыры Григорий Афанасьевич Баздыревтің туғанына (1907-1971)

115 жыл

Көкпекті ауданы Самар ауылының құрылғанына (1907)

115 жыл

Өскемен қаласында бастауыш ерлер мектебінің (қазір ШҚ аймақтық тест орталығы) ашылғанына (1912)

110 жыл
Семей қаласында ағайынды Сұлтан, Садық және Хасан Нығметуллиндер ашқан "Ярдам" (көмек) алғашқы ұлттық баспаханасы ашылғанына (1912) 110 жыл

Өскемен қаласында «Эхо» кинотеатрының ашылғанына (1912)

110 жыл

Күршім ауданында Славянка ауылының (қазір Қайыңды ауылы) құрылғанына (1912)

110 жыл

Кеңес Одағының Батыры Иван Григорьевич Сапалевтің туғанына (1912-1976)

110 жыл

Ұлан ауданының тумасы,   халық ағарту ісін ұйымдастырушы, өлкетанушы, этнограф Құсайын Қуанұлы Жаманбаевтың туғанына (1912-1982)

110 жыл

Қазақстандағы тұңғыш «Жәрдем» ұлттық баспаханасының Семейде ашылғанына (1912)

110 жыл

Үржар ауданындағы Науалы ауылының іргесі қаланғанына (1912)

110 жыл

Кеңес Одағының Батыры Сергей Егорович Седневтің туғанына (1917-1975)              

                

105 жыл

Семей өңірінің тумасы, Кеңес Одағының Батыры Мұқатай Әбеуловтың туғанына (1917-1945)

105 жыл

Абай ауданының тумасы жазушы, аудармашы Фатих Дінисламовтың туғанына (1917-1965)

105 жыл

Семей қаласында құрылған қазақ жастарының «Жанар» ұйымына (1917)

105 жыл
Абай халық театры, әуесқой драма ұжымы, Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысының Абай ауданы Мәдениет үйі жанынан құрылғанына (1917) 105 жыл

Семей қаласындағы «Сарыарқа» газетінің жарық көргеніне (1917-1918)

105 жыл

Қазақстанда құрылған саяси ұйым «Үш жүз» партиясына (1917-1918)

105 жыл

Кеңес Одағының Батыры Петр Григорьевич Карелиннің туғанына (1922–1944)    

100 жыл

Кеңес Одағының Батыры Федор Сергеевич Берестовтың туғанына (1922–1944)

100 жыл

Жазушы, майдангер, ұстаз Күршім ауданының Құрметті азаматы Мұхаметқалым Шаяхметовтың туғанына (1922-2010)

100 жыл

Суретші, Семей қаласында 40 жылдан астам қызмет еткен Григорий Тимофеевич Шереметьевтің туғанына (1922-1997)

100 жыл
Шыңғыстау өңірінің тумасы, қоғам қайраткері Рымхан Ғабдуллиннің туғанына (1927-2005) 95 жыл

Суретші, педагог Николай Иванович Яковлевтің туғанына (1927-1985)

95 жыл

Күршім ауданының құрылғанына (1927)

95 жыл

Семей қаласының тумасы, балуан, СССР-дің еңбегі сіңген спорт шебері, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Болат Тұрлыхановтың туғанына (1932-1993)

90 жыл
Сыбызғышы Кәлек Құмақайұлының туғанына (1932)

90 жыл

Риддер қаласының іргетасы қаланғанына (1932)

90 жыл

Көкпекті ауданының құрылғанына (1932)

90 жыл
Аягөз (бұрынғы Шұбартау) ауданы Баршатас ауылының іргетасы қаланғанына (1932) 90 жыл
Семей шпал   зауытының (қазіргі «Семей – Шпалопропиточный завод» АҚ)   құрылғанына (1932) 90 жыл

Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында тұңғыш кітапхананың ашылғанына (1937)

85 жыл

Аягөз қаласында аудандық кітапхананың ашылғанына (1937)

85 жыл
Ақсуат ауданының тумасы, (қазір Тарбағатай ауданы), педагог, философия ғылымдарының кандидаты Тельман Оразғалиұлы   Уранхаевтың (1937–1991) туғанына 85 лет

М.Әуезовтің "Абай жолы" романының жарыққа шыққанына (1942 ж.)

80 жыл
Зайсан ауданының тумасы, журналист Қуандық Боқаевтың туғанына (1942) 80 жыл

«Қазақ зағиптар қоғамы» АҚ Шығыс Қазақстандық филиалының құрылғанына (1947)    

                                        

75 жыл

Курчатов қаласының іргесі әскери гарнизон ретінде қаланғанына (1947)

75 жыл

Семей қаласының Жаңасемей аудандық кітапханасының құрылғанына (1947)

75 жыл

Семей мемлекеттік медицина институтының (қазір Медицина Академиясы) ашылғанына (1952)

70 жыл

Жазушы Келіс Рахымжановтың туғанына (1957)

65 жыл

Семей телевизия студиясының (қазір "РТРК "Казахстан" АҚ филиалы) құрылғанына (1962)

60 жыл

Бородулиха ауданының Ново-Шульба кентінде кітапхананың ашылуына (1972)

50 жыл

Ашутас - (Күршім ауданы) жергілікті маңызы бар, табиғи геологиялық ескерткіш болып бекітілді. (1982)

40 жыл
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің симфониялық оркестрінің құрылғанына (2002) 20 жыл

 

Кітаптар мерейтойы

 

145 жыл

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық» өлеңіне

115 жыл

 

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Айсұлу-Нартайлақ», «Крез патша», «Ләйлі-Мәжнүн» (1907) поэмалары

 

105 жыл

Мұхтар Әуэзовтың «Еңлік-Кебек» пьессасына

 

80 жыл

Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» («Абай» атты бірінші кітабы) – роман-эпопеясы жарыққа шықты (1942)

Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» («Абай» атты бірінші кітабы) романы жарық көргеніне (1942)

75 жыл

Қайым Мұхамедханұлының «Майданнан майданға» (1947), «Ер Білісай» (1947) пьесалары сахналанды

60 жыл

Мұхтар Әуезовтың «Уақыт және әдебиет» кітабының жарыққа шыққанына 60 жыл (1962)

55 жыл

Қабдеш Жұмәділовтың «Жас дәурен» өлеңдер жинағы (1967), «Қаздар қайтып барады» (1967) кітаптары жарыққа шықты

Есет Әукебаевтың «Таң шапағы» кітабының жарыққа шықты (1967)

Мүсілім Құмарбековтың «Алтайдың ардагері» кітабы жарыққа шықты (1967)

50 жыл

Ілияс Есенберлиннің «Алтын құс» шығармасының жарық көргеніне

Кәдірбек Сегізбаевтың «Ашылмаған сыр» кітабының жарық көргенінен 50 жыл

Тоқтарбек Қызықбаевтың «Темір тізгін» кітабы жарыққа шықты (1972)

Кәмен Оразалиннің «Абайдан соң» кітабы жарыққа шықты (1972)

 

45 жыл

 

Қасым Қайсеновтың «Жау тылында» кітабы жарыққа шықты (1977)

Ұлықбек Есдәулеттің «Жұлдыз жарығы» жыр жинағы жарық көрді (1977)

Марат Қабанбаевтың «Арыстан, мен виоленчель және қасапхана» кітабы жарыққы шықты (1977)

Әзілхан Нұршайықовтың «Автопортрет» кітабы жарыққа шықты (1977)

Әубәкір Нілібаевтың «Аққу-қыздар» кітабы жарық көрді (1977)

 

40 жыл

Нұрдәулет Ақыштың "Үндемейтін ұл" шығармасына 40 жыл (1982)

Ғаббас Қабышұлының «Бұл әлгі кім ғой...» кітабы жарыққа шықты (1982)

30 жыл

 

Төлеген Жанғалиевтің «Шыңғыстау шындығы» кітабы жарық көрді (1992)

Бошай Кітапбаевтың «Шежіре: тоғыз таңбалы найман» кітабы жрыққа шықты (1992)

25 жыл

 

Қалихан Қалиасқарұлы Алтынбаевтың «Қалбатау» кітабына (1997)

 

Талаптан Ахметжанның «Сұлу мен суретші» шығармасына 25 жыл (1997)

Роза Мұқанованың «Дүние кезек» кітабы шықты (1997)

 

20 жыл

Серік Ғабдуллаұлының «Алтай асу» кітабының жарыққа шыққанына (2002)

Шәрбану Бейсенованың «Тағылымды тағдырлар» кітабының жарыққа шыққанына (2002)

Асқар Егеубаевтың «Түркі топонимикасының алтын дәптері» кітабы жарыққа шықты (2002)

Жанат Әскербекқызының (Аймұхамбетова) «Көк түріктер әуені» жинағының жарыққа шыққанына 20 жыл (2002)

15 жыл

Әлібек Асқаровтың «Социализм хикаяты» кітабына 15 жыл (2007)

Ғалым Байбатыровтың «О дүниенің табалдырығы» кітабының жарыққа шыққанына (2007)

Мәуітхан Зүкенұлының «Күлейік те ойнайық» кітабы жарық көрді (2007)

Бақыт Ихсанұлының «Қанатты жылдар» жинағы жарық көрді (2007)

Әлібек Қаңтарбаевтың «Алаш азаматы» кітабы жарыққа шықты (2007)

10 жыл

Толымбек Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн» кітабының жарыққа шыққанына (2012)

Әбубәкір Қайранның «Ерасыл» кітабы жарыққа шықты (2012)

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений