Қаңтар
Испанияда өткен (Мадрид қаласы) «Іскер бағыттағы бастамалар» халықаралық ассоциациясы Шығыс Қазақстанның мыс-химия комбинаты өнімдеріне «Алтын жұлдызы сапа» белгісін табыс етті.
Рудный Алтай. – 1998. – 20 января. – С. 1 (Мақала)
«Мелисса» АҚ-на сапалы самырсын майын халықаралық рынокка шығарғаны үшін «Алтын жұлдызды сапа» белгісі берілді.
Рудный Алтай. – 1998. – 22 января. – С. 1 (Мақала)
Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында облыстағы жалғыз камералық оркестр құрылды.
Рудный Алтай. – 1998. – 27 января. – С. 1 (Мақала)
Ақпан
Облыс орталығында жетім балаларға арналған жетімдер үйі ашылды.
Рудный Алтай. – 1998. – 3 февраля. - С. 1 (Мақала)
Өскеменде өрт сөндірушілер даярлайтын кәсіби - техникалық училище ашылды.
Рудный Алтай.- 1998.-5 февраля. - С.1.(Мақала)
Зырян қаласының саңырау балаларға арналған интернатына сөйлесуді үйрететін арнайы компьютерлік сынып сыйға тартылды.
Рудный Алтай. – 1998.- 10 февраль.- С.1. (Мақала)
Өскеменде тұңғыш жекеменшік дүкен ашылды.
Рудный Алтай.- 1998.- 12 февраль.- С.1. (Мақала)
Өскемен қаласында облыстық ішкі істер басқармасының жаңа госпиталі мен емханасының салтанатты ашылуы болды.
Дидар.- 1997. -25 ақпан
Сәуір
Жарма ауданы Георгиевка селосында жергілікті теледидар орталығы ашылды.
Рудный Алтай.- 1998.- 9 апрель.- С.1. (Мақала)
Тамыз
Өскеменде электронды телеграф станциясы ашылды.
Дидар.- 1997. - 4 тамыз