kl kz



>
Укладка ламината на пол. Быстрая укладка ламината своими руками видео. Укладка ламината по диагонали. Пробковое покрытие для пола. Качественная укладка пробкового пола. Пробковый пол плюсы и минусы. Смеси для выравнивания пола. Быстрое выравнивание бетонного пола. Выравнивание пола стоимость. Самоделки для дома. Лучшие самоделки для дома своими руками. Полезные самоделки для дома. Как обустроить кухню. Как обустроить маленькую кухню быстро. Как обустроить кухню фото. Как открыть свой магазин. Хочу открыть магазин с большим капиталом. Сколько стоит открыть магазин. Диван своими руками. Как сделать диван своими руками для дома. Диван своими руками чертежи. Дизайн маленькой кухни. Красивый дизайн интерьера кухни фото. Малогабаритные кухни дизайн.
Аудан паспорттары
Шемонаиха ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Өңірлік мерзімді басылымдар
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Ескерткіштер
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Маңызды оқиғалар
ШҚО ауылдарының тарихы
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
Тәуелсіздік хроникасы
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Бейнетоптама
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Виртуалды көрмелер
#Әуезов125

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

ulydala ru

pushkinlibrary1А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының тарихы он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысынан, дәлірек айтқанда 1896 жылдан басталды. Кітапхананың 20 наурызда 125 жылдық мерейтойы. Білім мен ғылым ордасының шежірелі өткен жолын жерлес публицист жазушы, ақын Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлының мына бір өлең жолдары әдемі бейнелейді.

XIX ғасыр. Басталған алғаш жол басы

Оқырман қауым-айнымас мәңгі жолдасы

125 жыл толған қайырлы болсын мерекең

Кітапханам менің, білім мен ғылым ордасы

Көрініп жүрсің бүгінгі күні сан қырдан

Мақтау да естіп, алқа да тақтың ән-жырдан

Білім мен ғылым отауы болып отырсың

Жас кәрі түгел сусынын сенен қандырған

Ертеңін үшін құтқанам сенің мақтанам,

Болмасын сенде тасадан атар Қасабаң

Шежірең сенің ғасырларменен саналсын

Жасай бер мәңгі, гүлдей бер мәңгі босағам !

Біздің кітапхана 1896 жылы 20 наурызда халыққа білім беру жөніндегі қамқорлық Қоғамының бастамасымен құрылды, оның құрамына алдыңғы қатарлы қалалықтар мен саяси жер аударылғандар кірді. Ол кезде кітапхана «Өскемен халықтық ақылы кітапхана-читальня» деп аталды. Сол кезден бастап, сол бір кезеңдегі кітаптардың титулды парағында кітапхана атауымен бірге «1896ж» штампы қойылған. Алғашқы кітап қоры Қоғам мүшелері Костюрин, Федоров, Гинтов, Михаэлис, Емельянов, Федоров, Вестениус және т.б. жеке кітаптарынан құрылды. Алғашқы кітапханашы облыстық Сауда банкінің бухгалтері П.Ф.Столбов болды. Кітапхана алғашында қалалық басқармада, сонан кейін Халық Үйіне көшірілді. (қазір облыстық Жамбыл атындағы драма театры).

Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында кітапханада 2000 таяу кітап болды. Кітапхананы пайдалану үшін 50 теңге пұл - ақы алынғандықтан оқырмандар қатары шектеулі еді. 1920 жылы кітапхананың кітап қоры 5000 данаға дейін өсіп, пайдалану ақысыз болды. Осы жылдары кітапхана драма театрының екінші қабатындағы оқу залына, жаңа бөлмеге орналасты. Бұл жерде оқырмандарға 1936 жылға дейін қызмет көрсетілді. Қалалық газет 1920 жылы 11 қарашада « Қалалық кітапханаға жазылушылар саны күннен – күнге өсуде» - деп жазып, Өскемен уезіндегі кітап тапшылығын атап көрсетті.

Кітапханаға Александр Пушкин есімінің берілуіне қала қауымдастығы өтініш берген. 1937 жылы 19 тамызда Өскемен қалалық советінің президиумы қалалық кітапханаға ұлы ақын есімін тағайындауға қаулы қабылдады. Ал, екі жылдан кейін Шығыс Қазақстаноблысы Семейден бөлініп шыққаннан кейін, кітапханаға облыстық кітапхана статусы берілді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында және соғыстан кейінгі жылдары кітапхана бірнеше мәрте бір жерден екінші жерге ауыстырылды, бірақ оның есігі оқырмандарға үнемі ашық болды. Тек 1983 жылы 29 желтоқсанда кітапхана қала орталығындағы қазіргі заманға сай әсем ғимаратқа келіп тұрақтады, күні бүгінге дейін өз оқырмандарына қызмет көрсетуде.

Қазір біздің кітап коллекциямыз 400 мыңнан астам дананы құрайды. Оқырмандардың жаңа ақпараттық технология жетістіктерін - медиа және интернет ресурстарды, шет тіліндегі әдебиеттерді, энциклопедия, сөздіктер мен анықтамалықтар коллекцияларын, дәстүрдегі және электрондық тасымал құралдарын пайдалану мүмкіндігі бар. Кітапхананың көптеген жобалары халықаралық ұйымдармен және қорлармен серіктестік байланыста жүзеге асырылады: АҚШ, Франция, Германия Елшілігі, Ашық Қоғам Институты, «Евразия», «Сорос-Қазақстан» т.б. Біздің кітапхана - Шығыс Қазақстан облысындағы негізгі ақпараттық және мәдени орталық.

«Өскемен халықтық оқу залы бар ақылы кітапханасынан» заманауи ХХI ғасыр кітапханасы дәрежесіне дейін талай белестерден өтті. Көп дүние өзгерді, дегенмен кітапқа деген құмарлық, кітапханашылардың өз ісіне жауапкершілігі мен туған өлкеге деген адал қызметі ғана өзгеріссіз қала берді. Өскеменнің байырғы тұрғындары мен қызметкерлеріміз жадында кітапхананың 70, 100,110, 115,120 жылдық мерейтойлары әлі де орын алуда. Біз осы күнгі кітапхана жылнамасының негізін қалағандарды зор құрметпен еске аламыз.

Олар алғашқы еді

1895 жылы қала басқармасының құрамы алдыңғы қатардағы әрі прогрессивті бағыттағылар мен саяси жер аударылып келгендерден құралды. Қала старостасы болып О. Ф. Костюрин сайланды. «Семей облысының естеліктер кітапшасында» Өскемен қалалық Думасының қызметі былайша сипатталды: «Семей қалаларының ешқайсысында Өскемендегі тәрізді қалалық басқарма жоқ, мұнда зиялы адамдар тобы қалалық өкілеттігіне өтіп қала ісі ілгері дамыды... Қалада бастауыш білім беру жөнінде қамқорлық қоғамы қалыптасты; мұражай салу мәселесі қолға алынды... ».

1896 жылы 22 наурызда қала басшылығы біз үшін тарихи аса маңызды шешім қабылдап, Өскемен қаласында «Халықтық оқу залы бар ақылы кітапхана» пайда болды.

Алғаш кітапханашы-қоғамшыл болып құрметті демалыстағы фельдфебельдің 18 жасар ұлы Петр Столбов (1878-1959) сайланып, аталған қызметте 19 жыл еңбек етті (1896-1915). Петр Филиппович естеліктерінде: «Оқу кітапханасы – қала басқармасы ғимаратына орналасып, қала интеллигенциясының басын қосатын орталыққа айналды. Мейрам және поштадан газет, журнал түскен күндері мұнда оқырмандар тобы жиналып, өзекжарды жаңалықтарды талқылайтын...».

«1897 жылы Семей облысына жасалған шолу» кітабынан біз: «... кітапханада 662 кітап, оқырмандар саны – 480, 4732 кітап берілгендігін» аңғарамыз. 1898 жылы кітапханада 385 кітап атауы (830 том) мен 33 мерзімді басылымдар атауы тіркелді. Оқырмандар саны 428 адамды құрап, 1898 жылғы кітап берілімі – 3262 бірлікке жетті. Аталған жылы кітапхананы қамтамасыз ету үшін 99 рубль 73 тиын жұмсалған.

П.Столбовтың естеліктерінде: «Қала басқармасы ауқымды бюджетті иеленіп, әл-ауқатқа байланысты маңызды іс-шараларды жүзеге асыра отырып, кітапханаға жеткілікті қаражат

бөле алмады. Қала қоғамдастығы кітапхананың ашылуына дем беріп, қаражат пен әдебиет жағынан жәрдемдесті».

Шынында да, алғашында кітапхана қоры қала интеллигенциясының жеке кітаптарынан құралды:

Олардың қатарында: Костюрин, Федоров, Гинтов, Михаэлис, Емельянов т.б. болды. Және дәл осы адамдар кітап қорын толықтыруға ақшалай жәрдем берді. А.Федоров кітап сатып алуға 100 рубль қосқан. Әскери дәрігер Г.Вистениус өзінің жеке кітапханасының бір бөлігін тапсырған.

Сол жылдары жарық көрген, кітапханамызда бүгінге дейін сақталған басылымдардың алғашқы бетінде «Өскемен халықтық оқу залы бар ақылы кітапханасы» деген мөртабан бар.

Уақыт өте келе қалалық басқарма ғимаратына орналасқан кітапхана ауқымы тарыла бастады. Зиялы қауым кітапхана мен мұражайы бар Халық үйін салуды қолға алды. Белсенділер қатарында бухгалтер әрі кітапханашы – П.Столбов болды. Халық үйі салынып, 1902 жылы салтанатты түрде ашылды. Кітапхана қала көркін келтірген жаңа ғимаратқа қоныстанды.

1904 жылғы статистика бойынша, қала басшылары кітапханаға 163 рубль 70 тиын, соның ішінде мерзімді басылымға жазылуға – 119 рубль 88 тиын бөлген екен. Кітапхана қоры – 523 бірліктен тұрып, жыл көлеміндегі кітап берілімі – 955 дананы құраған.

1906 ж. дәрігер Густав Александрович Вистениустан тағы да көмек келді. Вистениус фотосуреті Швед, ақсүйек, болгар-түрік соғысына қатысушы.

Санкт-Петербург медициналық Академиясын тәмамдаған. Біздің өңірде Өскемен қаласы мен Катон-Қарағай ауданында өмір кешкен. 1906 жылы ол қаладан кетіп, өзінің қала маңындағы жеміс бағын сатуға бел байлайды. Осы орайда ол көп толғанып, бағын табыстайтын кандидатура іздеді. Бұл жайында көрнекті өлкетанушы С.Е.Черных өзінің «С берегов Иртыша» еңбегінде былай дейді: «... ол Д.Г.Панкратьевке баса назар аударды. Одан артық адам табылмас»,- деп шешті Вистениус. Ол – бақша бағбаны... Мен ұсынысыңызға қуаныштымын, бірақ сатып алатын жағдайым жоқ ... Маған ештеңенің де қажеті жоқ, тек бақшаны сақтап, басталған істі аяғына жеткізсең болғаны... Бақшаны саған 15 жылға бөліп төлеуге беремін. Жыл сайынғы кірістен 100 рубльді қалалық кітапханаға беріп отыр ...». Сол күннен-ақ жазбаша түрде келісім хат рәсімделіп, бақша Д.Г.Панкратьевтің қолына табыс етілді, ал қалалық кітапхана тұрақты қаржылық қолдау тауып отырды.

Кітапхананың жаңа атауы мен мәртебесі

1936 жылы ғана қалалық кітапхана қонысын өзгертті. Ол Театральная (қазіргі Тоқтаров) көшесінде орналасқан бес бөлмелі ескі көпестік ғимаратқа көшірілді. Ғимараттағы қиындық пен қолайсыздыққа қарамастан азаматтар кітапханаға зор ілтипатпен қарады.

Қоғам мен қаланың белсенді оқырмандары А.С.Пушкиннің 100 жылдық мерейтойын атап өту қарсаңында оның есімін мәңгі есте сақтау мақсатымен кітапханаға ақынның есімін беруді жергілікті қала басшыларынан өтінді.

1937 жыл 19 тамыздағы №17 ХаттамаӨскемен Қалалық Кеңесі Президиумының отырысы

Тыңдалды:Жұмысшылар ұжымы мен Қалалық кітапхананың белсенді оқырмандарының Қалалық кітапханаға А.С.Пушкин есімін беру туралы арызы.

Қаулы етті:Өтініш қабылдансын. Қалалық кітапханаға А.С.Пушкин есімі берілсін. Қалалық Кеңес пленумына аталған шешімді бекіту өтінілсін.

1939 жылы қалалық кітапхана мәртебесіне түбегейлі өзгеріс енгізген тағы бір шешім қабылданды. Шығыс Қазақстан облысының Семейден жеке бөлінуіне байланысты, А.С.Пушкин атындағы кітапхана облыстық болып жарияланды. Осы сәттен бастап оның қызмет ауқымы да кеңейе түсті. Ол облыстың басты кітап сақтау орны әрі ірі әдістемелік орталыққа айналды.

Біздің жобалар

Бүгінгі таңда А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы-облысымыздағы көптеген жаңа инновациялық жобалардың бастамашысы болып табылатын ақпараттық білім орталығы.

Тәуелсіз жылдар жемісі

1996 жылғы қарқын әлі де толассыз даму үстінде. Жыл сайын жаңалықтар енуде. Жаңа мыңжылдыққа жаңа жетістіктермен қадам бастық.

Біздің жетістікке жету кезеңдеріміз:

2000 ж. - «Шығыс Қазақстан Интернетте» алғаш өлкетану сайты. АҚШ Мемлекеттік Департаменті гранты мен IATR\IREX бағдарламалары. 2000 жылы кітапханамыз «Tacis» Британ қоры мен РМК ұйымдастыруымен, ТМД елдерінің кітапхана сайттары арасында өткен сайыстан 2-орын алды.

2001 ж. сәуір - Өңір кітапханашыларын кәсіби қолдау мақсатында «Жарқын идея» шығармашылық лабораториясы. ACTR/ACCELS гранты.

2001 ж. қараша – кітапхана техникалық жабдықталды, құжаттардың электронды жеткізілімі (ҚЭЖ) енгізілді, ауыл кітапханаларында компьютер желісін құруға жағдай жасалды. «Ашық Қоғам» Институтының гранты.

2001 ж. қараша – Интернет-тренинг. АҚШ Мемлекеттік Департаментінің гранты.

2002 ж. ақпан – «Ашық қала» жобасы – е-үкімет құруға алғаш қадам жасалды. Серіктестер: «Сорос-Қазақстан» қоры, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту орталығы» қоғамдық қоры, Өскемен қаласының әкімдігі.

2003-2004 жж. – ШҚО орталық кітапханаларының бірыңғай ақпараттық компьютерлі желісі құрылды. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің гранты.

2003 ж. қыркүйек – Жинақты өлкетану онлайн каталогы құрылды. «Сорос-Қазақстан» қорының гранты.

2004 ж. - «Заманауи қоғамдағы ХХІ ғасыр кітапханашысы» республикалық конференциясы.

2006 ж. – Кітапханамызға 110 жыл толды! Жыл көлемінде оқырмандар саны – 17858, жалпы келушілер саны – 222363 адамды құраған. Есеп беру баяндамасында: «... Интернет зал, Тренинг Орталығы, каталогтар залының компьютерлері жаңартылды ... біз Америка мәдени орталығына қосымша компьютерлер, лазерлі принтер, бейнекамера сатып алдық ...». Осы мерейтойлы жылы кітапханамызда «Бірлескен ықпалдастық жөнінде» республикалық семинар өтті. Семинар барысында шығыс қазақстандық мамандар бірлескентехнологияларды: құжаттардың электронды жеткізілімі, виртуалды анықтама қызметі, алыстағы дерекқорлардан ақпарат іздеу т.б.пайдалану жөнінде әңгімеледі.

2007 ж. – Интернетті ақысыз пайдалану жобасы.

2008 ж. - сымсыз Интернет - Wi - Fi орнатылды.

2011 ж. - бейнебайланыс, жедел хабарламалармен алмасуға мүмкіндік беретін – «Skype» 2011 жылы Skype - лездік хабарлама алмасу және бейнебайланыс бағдарламасы орнатылды. Кітапхана ашық қорға көшті. Барлық әдебиеттер еркін пайдаланымда. Әдебиеттер тақырыптық блок бойынша орналастырылған, бұл - қажетті басылымды оңай табуға мүмкіндік береді. Электронды кітаптарды монитордан оқып, басылым көшірмесіне әлемнің өзге ел кітапханаларына тапсырыс бере аласыз.

2011 жылдың желтоқсан айында кітапханада «ІТ-отау» жастар орталығының тұсаукесері болды. Жоба технократия мен руханилық, дәстүрлі және заманауи ақпараттық технологияларды біріктіруге бағытталған. Отау Wi-Fi байланысы, веб-камералы ноутбуктар, сканер/ксерокөшірме, электронды оқулықтармен жабдықталған.

2012 жылы - «Кітапханалардың ақпараттық қоғам үшін технологиялық инновациясы» атты республикалық форум өтті.

2012-2015 жылдары- БҰҰ даму бағдарламасымен бірлесіп «Ауыл кәсіпкерлігін қолдаудың онлайн орталықтары» жобасын іске асырдық.

2013 жылы - Орыс тілі орталығы ашылды.

2014 жылы – «БІЗДІҢ АБАЙ» (http://abai.pushkinlibrary.kz). Толық мәтінді электронды кітапхананың ашылу салтанаты болды.

“BRAINMADE” (“ЗЕРДЕЛІ ІС») Жастар интеллект орталығы ашылды.

«Кітапханалар келешек үшін» республикалық форсайт конференция өткіздік.

2014 жылы- «Көзі нашар көретін адамдар үшін қолайлы орта» жобасын жүзеге асырдық.

2015 жылы – «Кітапхананы дамыту стратегиясы» атты республикалық конференция өткіздік.

2016 жылы – «ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ» электронды толық библиографиялық көрсеткіш құрдық.

2017 жыл. Елбасының жаһандық бастамалары мен өршіл идеяларын белсенді зерттеп, жастар тәрбиесінде пайдалану мақсатында 2017 жылдың 1 желтоқсанында ашылған республикадағы жалғыз «ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының алғашқы аймақтық оқу залы». Кітапхана оқырмандарын ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Кітапхансының сыйға тартқан кітаптар топтамасы ерекше қызықтырады.

Кітапхана негізінде іске асқан тағы бір көлемді жоба-«Нұр Отан» партиясының Білім орталығы партиялық жобасы. Білім орталығында іскержастардың «Барыс», «Другой разговор» клубтары, Өскемен қаласындағы жоғарғы оқу орындарында кітапханамен бірлесе құрылған шығармашыл жастар клубы. Білім орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында IT білімді дамытуды қолдауға арналған «Maker Space» шығармашылық алаңы да жастарға танымал. «Maker Space» шығармашылық алаңы жастарға инжиниринг, бағдарламалау, 3D модельдеу т. Б.

2016-2020 кітапханада балалар оқуын алға жылжыту мақсатында төрт жылдан бері «Ресей-Қазақстан. Шексіз оқулар» жобасы іске асып келеді. Осы жоба аясында кітапхана қоры балалар мен жасөспірімдерге арналған ресей баспаларынан жарық көрген әлемдік әдебиет үлгілері топтамасымен толықты. Бұдан басқа Сбербанк, Евразия кітапханалар ассамбеясымен бірлескен жобаларды іске асыру барысында кітапхана құнды кітаптар топтамасын сыйға алды.

Кітапханамыздың 125 жылдық мерейтойы мен тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында кітапханамыз үлкен жетістіктерге қол жеткізді. «Сындарлы отыз жыл-отыз асу» атты кітап көрмесінің салтанатты ашылуы болды. Бүгінгі күні ол заманауи ақпарат, кәсіби білім мен мәдениеттің жоғары технологиялық орталығы болып отыр. Мұнда ақпараттық технологияларды меңгеруге бағытталған заманауи жобалар туындап, жүзеге асырылуда. Кітапхана тек Шығыс Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар бүкіл Республика, Орта Азия мен Ресей кітапханалары үшін техникалық тренинг өткізу орталығына айналды. Біз әлемдік Кітапханашылар Қауымдастығы – ИФЛА-ға ендік. Онда біз жоғары беделге ие болдық.

Кез-келген кітапхананың басты байлығы – оның ақпараттық әлеуеті. Бүгінгі күні ол – 400 000-нан асатын қазақ, орыс, ағылшын, неміс тіліндегі алуан түрлі басылымдар. Сонымен қатар, XIX ғасыр соңы мен XXI ғасыр анықтамалық әдебиеттеріне, медиа-ресурстар топтамасына да бай. Кітапхана: А. Волков, Н. Горбачев, А. Егоров, М. Мусин, С. Черных, Б. Щербаков т.б. тәрізді зерттеуші-ғалым, жазушылардың еңбектерін жоғары бағалап, мақтан етеді.

Ғасырдан астам тарихы бар кітапханамыздың оқырмандары еш толастаған емес. Олар – беделді, алғыр, соңғы шыққан кітаптарға әуес азаматтар. Бізде кітапхананың қалыптасуымен бірге 50-60 жыл жасасып, ХХІ ғасырда да оның игілігі үшін қызмет етіп келе жатқан оқырмандарымыз аз емес.

Біз мақтан ететін азаматтар қатары да аз емес. Кітапханамыздың қызметін ғалым-математик, ертегіші А.М.Волков, өзінің жеке мұрағатының бір бөлігін кітапханаға табыс еткен, болашақ «Словарь русских личных имен» еңбегінің авторы – Н.А.Петровскийлер пайдаланған. Көрнекті кеңес жазушысы Е.Н.Пермитин де осы жерден тәлім алған. Ефим Николаевичтің естеліктері бойынша, Л.Сейфулинаның «Четыре главы» повесі мен «Сибирские огни» журналы, «Охотник Алтая»-ны әдеби-көркем журнал етіп шығаруға ой салды. Журналдың бірнеше саны сирек кездесетін әдебиет ретінде бүгінгі күні кітапхананың сирек қорында сақтаулы.

Оқырмандарымыздың қатарында мынадай әйгілі азаматтар болған: Г. Д. Гребенщиков, П. П.Бажов, М. Ф. Иванусьев-Алтайский, Н. И. Анов, П. Н. Кузнецов, Қ. Қайсенов, С. М. Анисимов, Д. Ф. Черепанов. Тарихшы, өлкетанушы С.Е.Черных, ғалымдар тобы: С. Аманжолов, Н.В. Алексенко, С.К. Игибаев, А.В. Егориналар еңбектері кітапхана қорынан ерекше орын алады.

Жоғарыда келтірілген жетістіктерге жетуге дем берген маңызды тұлғаларымызды атап өтпеске болмайды. Олар – жастарға тәлім-тәрбие беріп, бірлігі жарасқан кәсіби ұжым: Білікті басшылар : Шагиева Б. Ж., Сакпанова Ж. С., Емельбаева М. Б., Мязова Р. С., Максимова М. М., кітапханашылар Ш. Н.Сақыбаева, Слямова З. М., Уалханова Р. Н., Абилгазинова Г., Тубиева Б., Тұрсымбекова М.Ж., Кемешева М. Н., Каирканова А, Жайлибаева М, Иманжанова А, Турсумбекова Ж, Аубакирова А, Абдеева Я, Құдайбергенова Н, Райхель В, Ашкенова Ж, Токарева М, Мухамедқалиева М, Жасубиева Б, Нұрахметова А, Урсаева А, Темешева Н, Акжигитова Ф және т. б. Осы адамдардыңбірлескен, жігерлі еңбегі кітапхананың: «Білім жолына бағдар беріп, азамат тәрбиелеп, ұлт рухын нығайту» атты басты миссиясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Кітапханадағы қуанышты сәттер

Осы жылдар А. С. Пушкин атындағы кітапхана үшін елеулі оқиғаларға толы жыл болды. Тәжірибелі кітапханашылар қызмет атқаратын қара шаңырақтың естен кетпес сәттеріне көз жүгіртсек......

2016 жылы Слямова З. М., Урсаева А. З., Жасубиева Б. Т., 2018 жылы Аубакирова А, Уалханова Р. Н. «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен, Слямова З. М. «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгісімен марапатталды.

2019 жылы Сакпанова Ж.С, Емельбаева М. Б., Кемешева М. Н. «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен мрапатталды.

2020 жыл кітапхана үшін жемісті жыл болды.

Шағиева Б. Ж., Слямова З. М., Жасубиева Б. Т. – «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, Шағиева Б. Ж. «Мейірім» төсбелгісімен, Мязова Р. С, Рахимбаева Б. С., Уалханова Р. Н. «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» жоғары белгісімен, Абылгазинова Г. «Халық құрметі» төсбелгісі, Кемешева М. Н. « Халық алғысы» медалімен марапатталды.

Әр жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің премиясымен "Кітапхана ісі" номинациясы бойынша - Дарибаева Г.Г., Сарсембинова А.Н., Шагиева Б.Ж., Харламова Н.Б. «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» -Ансабаева Р. Н. марапатталды.

Сананы тұрмыс билейді, әлеуметтік жағдайы шешілмеген, баспанасыз адам толыққанды қызметкер болуы қиын. Осы орайда тағы бір жағымды жаңалық кітапханашылар Мұқышева Қ. Тұрсымбекова Ж. Е, Сакыбаева Ш. Н. мемлекеттік «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында тегін баспанаға ие болды.

Кітапханашылар бір ұжымда қызмет атқарған соң, рухани тығыз қарым қатынаста. Отбасылық қуаныштар, перзенттердің жетістігі, өмірдегі маңызды қадамдар бірлігі жарасқан ұжымның қуанышы.

Қоғамда біздің мамандыққа деген пікір өзгеріп, дұрыс көзқарас қалыптаса бастады. Мамандықтың болашағы білікті, білімді жастарға аманат. Болашақ мерейтойдың қуанышты сәттерін сіздермен бөлісуге жазсын.

                             А. С. Пушкин атындағы кітапхананың кітапты толықтыру бөлімінің

                             жетекшісі, Қазақстанның құрметті кітапханашысы

                             Уалханова Рақия Нұралықызы.

 

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений